Жексенбі, 22 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ жеріндегі діни құндылықтар мен конфессияаралық татулық

19.11.2026
- Мемлекет және дін
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазір де елімізде   дін мен дәстүр қатар дәріптеліп,  сәбидің оң жақ құлағына азан шақырып ат қойылып, сол құлағына азан шақырып, қамат айтып ат қойылып жүр. Бұл пайғамбарымыздың сүннет амалы болса, дәстүрімізде де ежелден келе жатқан үрдіс. Одан бөлек, баланы сүндеттеу, күлді баспау және тұсау кесудің астарына үңілсек,  дәстүр мен шариғат бір-бірімен ажырамас егіз екенін аңғарамыз. Әдеп-ғұрып та дінен алшақ емес. Біздің әдеп ғұрпымыз шариғатқа сай ма деген ұғым бар. Әлбетте сай. Мысалы, пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің хадисінде айтады. «Тамақ ішер алдында «бисмиллә» деп айтыңдар, оң қолдарыңмен жеңдер және өз алдарыңнан жеңдер» дейді. Ал, біздің әдеп ғұрыпта  «бисмилләсіз» тамақ іше алмаймыз. Үлкендеріміз «әй, балам бисмиллә деп айт» деп, үйретіп отыратын. Не қарекет жасаса да, істің басын бисмилләсіз бастамаған. «Сөздің басы бисмиллә, бисмилләсіз іс қылма?» деп тәмсілдеген.  

Ханафи мәзһабынан бөлек жат ағымның жетегінде жүргендер, жеті нан пісіруді, әруақ деп айтуды, жалаңбас жүргенді «кәпір» деп, өздері адасқандарымен қоймай, қазақ дәстүрлеріне қарсы шығуда. Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Дін мен Діл» атты кітабында қазақтың «бет ашарындағы» сәлем салуға байланысты ойын былайша өрбітеді. «Бірде ауылда беташар тойы өтті. Бірақ жаңа түскен келін: «Беташар кезінде үлкендерге сәлем салмаймын. Өйткені ол үлкен күнә – «ширкке» яғни, Аллаға серік қосуға жатады деп байбалам салды. Жиылған жұрт түкке түсінбей, сонда ғасырлар бойы исламды ұстанған ата-бабаларымыз, оның ішінде қаншама ғалым-ғұламалардың «үлкен күнәні» білуге өресі жетпей, сендердің білімдерің жеткен екен ғой» деп қарсылық білдірді. Енді келіннің үлкендерге  сәлем салу  үрдісінің жаратқанға серік қосқанға жатпайтындығын нақты шариғи дәлелдермен айқындап берсек: «Иіліп сәлемдесуге ешбір көрнекті ислам ғалымы «ширк» деп үкім шығармаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у) «Иіліп сәлем бермеңдер, олай істеу Аллаға серік қосуға жатады, яки, тозақта азапталасыңдар» деген үкімі құранның еш аятынан таппайсыз.  Иіліп сәлем беруге байланысты әт-Тирмизидің хадис жинағында Әннасидің Маликтен риуаят етілген мынадай хадисі бар. «Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у): бізден бір кісі өзінің бауырымен яки досымен ұшырасқанда оған (сәлем берген кезде) иіле ме?-деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жоқ» деді. Ал оны құшақтап, (бетінен) сүйіді ме? деп – тағы сұрақ қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Жоқ» деді. Ал қолын алып амандаса ма? –  деді. Пайғамбарымыз: «Иә» деп жауап берді. Бұл хадис «Иіліп сәлем салудың» ширк екендігін яки харамдығын білдірмейді.  Ал, біздің салт-дәстүріміз  жайлы  Семенов Тянь-Шанский «Қазақтың салт-дәстүрі тұнып тұрған білім» деп баға берген. Демек, салт-дәстүрлерін исламдағы шариғат заңдылықтарымен ұштастырған қазақ халқы әдептілікті, тектілікті ибалықты ұрпақ бойына сіңіруді исалам дінімен байланыстырып отырған.

Жалпы ислам бейбітшілік пен татулықтың діні. Ислам – сана-сезім, сөз және іс-әрекет жөнінен адам баласын әдемілікпенен әшекейлеп кемелдікке жеткізетін және қараңғылықтан нұрға шығаратын бақыт таңы. «Ислам» сөзі тәуелді болу, Аллаға мойынсұну, бір нәрсені дұрыс және тап-таза ұстау, сәлеметке жету деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар ықылас және шынайылық ұғымдармен, иман сөзімен үндес келеді. Сондықтан адам баласының сенімін қанағаттандыруы ақылдың тыныштық табуы, мал-мүлік пен жанның қауіпсіз болуы, нәсілдің таза сақталуы және ең жақсы ақірет саудасы тек қана исламның арқасында мүмкін болады. Нәсілдің таза сақталуына байланысты жеті атаға дейін қыз алыспауы дәлел бола алады. Қан тазалығы түрлі кеселдерден қорғап қана қоймай, ұрпақтың, тектіліктің кіндігін тас түйін байлап ұстауынан аңғаруға болады. Исламнан нәр алған қазақ – заттық және рухани жақтарымен жалғыз әрі ерекше өмір діннің тамырына терең бойлап отырғанын «Жетісу» газетінің  бас редакторы Жұматай Әміреев «Дін – ғылымның анасы» кітабында кеңінен тоқталады.

Енді мешіт төңірегінде ой өрбітсек. Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті орынның бірі – мешіт. Бұл күллі мүсылман баласының Аллаға құлшылық жасап, Ұлы Раббысының алдында әлсіз ғана құл екенін мойындайтын орын. Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтіргендер ғана салады. «Тәуба» сүресі 18 аят. Қазақстанда 2500 ден астам мешіт бар болса, бір ғана Жетісу өңірінде 203 мешіт бар.

Түркі мемлекеттері ұйымы – әскери альянс емес

Түркі мемлекеттері ұйымы – әскери альянс емес

07.11.2026
Как радикалы планировали теракт в «Пирамиде»

Қазақстан жастарының идеологиялық мәдениетін қалыптастырудағы дінтанудың философиялық аспектілері

20.10.2026

Жалпы мұсылмандар үшін жер бетіндегі ең қасеиетті мекен ол – Меккедегі Әл-Харам мешіті. Харам сөзі тыйым салынған деген мағынаны білдіреді яғни, Меккедегі бұл мешітке барғанда адам  барлық оғаш қылық, іс-әрекеттен бастап бос сөз, ғайбат сияқты адам жанын аздыратын, рухын тоздыратын кез келген нәрседен тыйылуы керек. Себебі, жер бетіндегі қасетті орын саналатын күллі мұсылман баласының бес парызының бірі қажылығын өтейтін мешіт осы Әл-Харам. Ал, қазақ қоғамындағы мешіттерге барғандардың бәрі таза деп айта алмаймыз. Әлгі жат ағымның жетегінде жүргендер, имамға мойынсынбай, яғни,  Ханафи мәзһабын мойындамай,  дінге жаңа бет бұрған жастарды алдап-арбап, қатарларына тартып отырады. Оның басты көрінісін қаңтар оқиғасы кезінде, ойран салған жат ағымдағы сақалдылар, қазақ елінің тәуелсіздігін шайқалтып жіберді. Алла жар болып, бір сынақтан сүрінбей өттік. Алайда, қан төгілді. Осының барлығы жат ағымдарға ерген, ата-жолдан адасқан, салт-дәстүрді жоққа шығаруынан болды. Атам қазақ, «кісі ақысын жеме, нақақ қан төкпе, біреудің ала жібін аттама, жетімге жәбір көрсетпе, момынды басынба» деп ұрпағына өсиет қалдырған.

Екі жақын дос болса,

Жамандар кірер араға.

Ағайынды жат көрме,

Күш жұмсауды шат көрме.

Наққақтан ұлым қан төкпе – деп жырлаған Махамбет Өтемісұлы.

Міне, салт-дәстүрмен сабақтасып жатқан ислам дініндегі басты рухани байлықтың бірі ол – иман. Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ ар-ожданның жемісі. Иман – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып тылсым қазына. Ұлы жаратушы әу баста адамды айналасына қарап ұлы иесін тапсын, танысын, иман етсін, жаратушының құдыретінің, ұлылығының, шеберлігінің алдында таң қалып бас исін деп жарық дүниеге жіберген. Ал, қара сөздің зергері,  қара өлеңнің пайғамбары атанған Абай былай дейді: «Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз». Ойшыл Абай адам философиясын жасауда әрі насихаттауда: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген ойды өлеңіне арқау еткен. Хақ жолын тануды, насихаттауды, Алла Тағалаға деген сүйіспеншілікті, адам бойына лайықты жақсы мен жаманның арасын ажыратып береді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүйеу болады имани гүл

Иманың асылы үш деп сен тәкқиқ бол –деген шумағында діни иманның тағат ғибадатын айғақтайды.Сонымен қатар 16, 17, 20, 28, 34, 36, 45 қара сөздерінде иман мен риясыз құлшылық ету, тағдыр мәселесі, ғибадат, бауырмашылдық, ұят, адамшылдық тұрғысынан тұшымды ойлар келтіреді.

Дін мен дәстүрдегі ажырамас  тағылымдар жайлы таңды таңға ұрып айтуға болады. Белгілі дінтанушы Құдайберді Бағышардың «Исламдағы бала тәрбиесі» атты кітабына көз сүзсеңіз исламдағы бала тәрбиесімен сырласасыз. Исламдағы бала тәрбиесі мен қазақ дәстүрінің бала тәрбиесіндегі ұқсастықтардың бір-біріне етене жақын екенін аңғарасыз. Демек, қазақ дәстүріндегі жоралғылардың бәрі исламнан алынғанының куәсі боласыз. Мал бағып, көшіп-қонып жүрген елдің шариғат ілімінен нәр алуы, сусындауы, оны салт-дәстүрмен ұштастыруы, ұрпақ тәрбиесіндегі түбі терең мұхит деуге толық негіз бар. Енді бір ғана сәлем беруге келейік.  Құдайберді Бағышардың «Ислам және өнеге» атты кітабында «сәлем сөздің анасы» деген парағында сәлем беруде батыс елдерінің көбінесе «қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш», «Қайырлы түн» болып келеді десе, француздар сәнді қалпақтарын көтеріп, бас изесіп, немістер оң қолдарын көтеріп, есендік сұрасатынын айтады. Ал, шығыс елдерінде сәлемдесудің түрі көп дейді. Мәселен,  көне қытайлар бір-бірімен амандасқанда «Чылым-ю?» дейтіні «тамақ іштің бе» дегені екен. Сірә ашаршылық жанына батқан бұқара халық «қарның тоқ болса амандық сол деп ұғынса керек. Ал, жапондарда жұмысқа тұра қалсаңыз сізге алдымен кімге қалай амандасу керектігін үйретеді екен. Ал, қазақ халқында белгілі ислам ғұламасы Мәшһүр Жүсіп: «Бізге сәлем беру болды сүннет, Пайғамбардың сүннетін тұт, болсаң үммет» деп сәлемдесудің ең әуелі Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) істеген істерін өнеге тұтатынын, Пайғамбардың (с.а.у) ізінен ерген күллі мұсылман баласының сауапты іс екендігін өлеңмен бедерлеп берген. Құранды ашсақ  бұл жайында әдемі аятқа көзіміз түседі. «Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңдар» дейді. Өйткені сәлемдесу, амандық, саулық сұрасу адамдардың бір-бірімен тез тіл табысуына, әңгімелесуіне, тез араласуына, өзара сыйластық, татулық, бауырмашылдық, жолдастық, достық құруына жол ашатын кілт екенін дәріптейді. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Сендер толық иман келтірмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар, ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер, өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыруға септігі тиетін нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер, араларыңда сәлемдесуді жайыңдар»  дейді.

Әлібек Қуатұлы, 

«Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ-нің«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің киберқауіпсіздік және құқықтық бақылау бөлім басшысы

Таңбалар: діни құндылықтарконфессияаралық татулық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Құндылығын білген “құлдыққа ұшырамайды”
Видео

Құндылығын білген “құлдыққа ұшырамайды”

31.10.2026
Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі
Сұхбат

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

11.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Біз сені жақсылық қылушылардан көреміз

    168
  • Истиғфардың күші туралы хикая

    29
  • Өмірге қарғыс айтуға бола ма?

    28
  • Дін мен діни ағымның айырмашылығы неде?

    24
  • Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді

    23

Соңғы жарияланымдар

Діни мәтінді дұрыс түсінген абзал
Видео

Діни мәтінді дұрыс түсінген абзал

21.11.2026
Медресе түлегі – дініміздің тірегі
Сұрақ-жауап

Медреселер не үшін қажет?

21.11.2026
Тағдыр – иманның бір бөлігі ме?
Ислам

Ислам ғұламалары арасында «иман» етудің айырмашылығы бар ма?

21.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00