Құран Кәрімде Юсуфтың (ғ.с.) жанында түрмеде отырған екі серігі: «…Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз» (Юсуф: 36), деп айтқан. Яғни, олар оның тақуалығына, әділдігіне, қайырымдылығына көздері жетіп барып солай деген.
Олар: «Біз сені жақсы уағыз айтатындардан көреміз», демеді.
Сахабалар Айша (р.а.) анамыздан Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мінез-құлқы жөнінде сұрағанда: «Оның мінез-құлқы Құран еді», деп айтты. (Муслим) Яғни, бұл хадистен Алла елшісі (с.ғ.с.) өмірінің жүріп жүрген Құрандай болғанын түсінген.
Сондықтан біреуге насихат айтардан бұрын, сол насихатқа өзіміз амал жасау – ізгілердің жолы.
Жаратқан Иеміз бізге сөзіміз бен ісіміз сәйкес болуды нәсіп етсін!
Қуат ҚАБДОЛДА










