Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Истиғфардың күші туралы хикая

16.11.2026
- Ислам
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірде атақты ғалым Ахмет ибн Ханбал бір қаладан екінші қалаға сапар шегеді. Ұзақ жолдан шаршап келген ол құптан намазын мешітте оқып болған соң, бір бұрышына жатып тынығуды ойлайды. Алайда мешіттің күзетшісі келіп, ғимарат ішінде түнеуге болмайтынын айтып, сыртқа шығуын талап етеді.

Имам алыстан жол жүріп келе жатқан жолаушы екенін айтып түсіндірсе де, күзетші рұқсат бермейді. Сонда ғалым мешіттің сыртқы есігіне сүйеніп, табалдырығына барып отырады. Бірақ күзетші мұнымен де тоқтамай:

– Мешіттің табалдырығында отыруға болмайды, бұл жерден кет, – деп, оны ол жерден де қуалайды. Тіпті дөрекілік танытып, екі аяғынан сүйреп, көшенің шетіне дейін апарып тастайды.

Имам:

Көз тиюден сақтанудың жолдары

Көз тиюдің белгілері қандай?

11.11.2026
Уақытша алған зат “аманат” болып есептеле ме?

Аманатқа адалдық

10.11.2026

– Мен мешіттің ішінде отырған жоқпын ғой, сыртында отырмын ғой, сонда да мені қуасың ба? – дейді.

Анау оны құлағына да ілмейді. Ол заманда адамдар әлімдер мен ғалымдардың атын білгенімен, көрмегеннен кейін түрін танымайтын еді. Сондықтан болары болады.

Осы сәтте мешітке қарама-қарсы тұрған наубайхананың иесі нан пісіріп жатып, болған жағдайды сырттан байқап қалады. Оның жолаушыға жаны ашып, дауыстап:

– Жататын орның болмаса, менің наубайханама кел, мұнда жататын бір кісілік орын бар, –деп шақырады.

Имам оның ұсынысын қабыл алып, ғимаратқа кіреді.

Түн ішінде ғалым бір нәрсеге ерекше назар аударады. Наубайшы қамыр илесе де, от жақса да, көмбеге салып нан жапса да, үнемі: «Астағфирулла, астағфирулла», – деп истиғфар айтып жүреді.

Тіпті, әр істе сүйдеп, Жаратушысынан кешу сұрап жүреді.

Мұны байқаған имам:

– Бұлай зікір етуді қашан бастадың, қиын емес пе? – деп сұрайды.

Наубайшы:

– Осылай зікір етуді бастағаныма біраз жыл болып қалды. Маған қиын емес, үйрендім, –дейді.

Имам тағы сұрайды:

– Барлық дұғаңды қабыл етіп, сұрағаныңның бәрін бере ме?

Сонда әлгі кісі:

– Осы уақытқа дейін барлық сұрағанымды беріп, дұғаларымды қабыл етіп жатыр. Бірақ бір ғана дұғам қабыл болмай келеді, – дейді.

– Ол қандай дұға? – дейді асқан таңданыспен имам.

Наубайшы:

– Имам Ахмет ибн Ханбал деген ғалым кісіні бір көрсем ғой деп дұға етемін. Бірақ бұл дұғам қабыл болмай жатыр, – дейді.

Осыны естігенде Ахмет ибн Ханбал көзіне жас алып:

– Міне, сен дұға еттің, үнемі истиғфар айтасың. Алла сенің бұл дұғаңды да қабыл етті. Сенің көргің келген сол имам Ахмет ибн Ханбалды Алла Тағала сенің наубайханаңа екі аяғынан сүйреп тұрып алып келді, мені мешіттен қуып, екі аяғымнан сүйреп, көшеге шығарып тастаған мешіт күзетшісі емес, Алла Тағала екен ғой. Сол имам Ахмет – менмін, – деген екен.

Екеуі де сол жерде ағыл-тегіл жылап қайта танысып, табысыпты.

P.S. Ахмет ибн Ханбал (780–855 жж.) – көрнекті Ислам білгірі, үлем, фақиһ пен хадис ғалымы, сунниттік құқықтық төрт мәзһабтың бірі саналатын ханбали мәзһабының негізін қалаушы әрі соның атымен аталған имам. Ол «Сунна қорғаушысы» ретінде танылып, әйгілі «Муснад» хадистер жинағының авторы болды.

Араб тіліне жақын дыбысталу мен ресмиеттегі толық аты-жөні – Абуу Абдуллаах Ахмад ибн Мухаммад ибн Ханбаль аш-Шайбани аз-Зухли.

Басқа да дәрежелері: Әһли Сунна уәл Жамағат имамы, шейх әл-Ислам және т.б.

Енді өзіміз тұрғысынан бір ой түйсек: Осындай ұлық имамды мешіт ішінен қондырмай қуып, аяғына сүйреп шығарып тастап жатқанда, аз-маз еңбегімізді Аллаға пұлдап, міндет қылатындай біз кімбіз? Кімнің шікірәсі едік?

Бұл жолда тек ұлы уәзипа-миссияны қабылдап, міндеттелген істерді атқару ғана бар. Бұйрық солай! Ал оның марапаты бола ма, болмай ма, оны енді Жасаған ие шешеді.

Астағифируллаһ!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: зікіристиғфаркешірім
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Тәубе
Ғибратты әңгімелер

Тәубе

03.02.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Бір мәрте Алла десе…

    Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

    526
  • Былапыт сөздің салдары қандай?

    323
  • Аманатқа адалдық

    317
  • Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

    315
  • Қажылық: Қазақстанға 4300 орын бөлінді

    263

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Истиғфардың күші туралы хикая

16.11.2026
Қоғам

Ағайын арасына береке қайтсе бітеді?

15.11.2026
Уважение к Священному Корану в Исламе
Сұрақ-жауап

Дін мен діни ағымның айырмашылығы неде?

15.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00