Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көз тиюдің белгілері қандай?

11.11.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шариғатымызда көз тиюдің бар екені – ақиқат. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Көз тию – ақиқат. Егер тағдырмен жарысқа түсе алатын бір нәрсе бар болса, көз тию болып, тағдырды озып та кетер еді (тағдырды өзгертер еді)», – деген (Мүслим, Ибн Мажә).

Айша (Алла оған разы болсын) анамыздың айтуынша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көз тиюге қарсы дұғалар оқуға бұйырған. (Бұхари, Мүслим риуаяты).

Көз тию тек адамға ғана емес, жануарға, егінге, т.б. жанды-жансыз заттарға да әсер етеді. Тіпті кейде адамның көзі өзіне де тиюі мүмкін. Көз тию көбіне адамның бір нәрсеге қатты таңдануы, ұнатуы немесе қызғанышпен қарауы себепті болады. Сондықтан көз тию міндетті түрде біреудің әдейі жамандық ойлауы- нан ғана болады деуге болмайды. Адам бір нәрсеге таңданып қарап, жаман ниеті болмаса да, көз тиюі мүмкін.

Сол себепті адам өзіне, баласына немесе дүние-мүлкіне ұнайтын бір нәрсені көргенде, оған береке тілеуі керек. Мысалы, біреудің баласына сүйсініп қарағанда: «Мә шәә Аллаһ», «Бәракаллаһ» деп, оған береке тілеу – жақсы әдет.

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

11.11.2026
Бір мәрте Алла десе…

Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

10.11.2026

Жалпы Құранда және сахих хадистерде «мына белгі байқалса, адамға міндетті түрде көз тиген» деген нақты белгілер тізімі жоқ. Дегенмен кейбір ғалымдардың түсіндірулерінде көз тиюге байланысты болуы мүмкін жағдайлар ретінде мынадай белгілер аталады: бұрын болмаған әлсіздік пен делсалдық; көңіл-күйдің күрт өзгеруі; себепсіз мазасыздық немесе жабырқаулық; бас ауруы; тәбеттің төмендеуі; ұйқының бұзылуы; дененің ауырлап, әлсіз сезілуі; бұрын жақсы көрген нәрселеріне қызығушылығының төмендеуі; себепсіз жылау немесе ашуланшақтық; аяқ-қолдың салқындауы; иықтың ауырлауы; жиі күрсіну; ұмытшақтық; кеуденің қысылуы; кей жағдайда жүрек айну сияқты жайсыздықтар.

Алайда бұл белгілердің ешқайсысын көз тиюдің нақты дәлелі деп қабылдауға болмайды. Себебі мұндай жағдайлар күйзеліс, ұйқының жеткіліксіздігі, жұқпалы аурулар, қан қысымының өзгеруі, дәрумен тапшылығы және басқа да медициналық немесе психологиялық себептерден туындауы мүмкін.

Сондықтан адамның денсаулығында өзгеріс байқалса, оны бірден көз тиюге жорымай, қажет болған жағдайда дәрігерге қаралғаны дұрыс. Мұсылман адам өзін де, өзгелерді де көз тиюден сақтануға тырысуы керек. Оның негізгі жолы – Аллаға сыйыну, дұға жасау және Оған тәуекел ету. Сондай-ақ «Ықылас», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін оқып, Алладан қорғау тілеп, өзіне дем салу.

Ал біреудің бойынан, баласынан, үйінен немесе дүние-мүлкінен өзіне ұнайтын нәрсені көргенде, оған қызғанышпен қарамай, береке тілеу керек.

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ

«Иман» журналы, №11, 2026 жыл

Таңбалар: Дұғакөз тию
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман бауырың үшін дұға етуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Ата-ананың дұғасында хикмет бар ма?

05.10.2026
Азан айтуда сауап бар ма?
Сұрақ-жауап

Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

14.07.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Кешірімнің қарымы

    22
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    20
  • Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

    18
  • Былапыт сөздің салдары қандай?

    18
  • Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді

    17

Соңғы жарияланымдар

Көз тиюден сақтанудың жолдары
Ислам

Көз тиюдің белгілері қандай?

11.11.2026
Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті
Жаңалықтар

Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

11.11.2026
Бір мәрте Алла десе…
Қоғам

Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

10.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00