Сенбі, 7 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кешірімнің қарымы

07.11.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
10
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кезекті бір дәрісінде ұстазымыз доктор Ато ас-Сынбати басынан өткен мына бір оқиғаны айтып берді:

«Докторлықты қорғағаннан кейін үлкен университетте профессордың көмекшісі қызметіне тағайындалдым. Жұмысым жақсы жүріп жатты. Бірақ кездейсоқ жағдай көңілімді қатты алаңдатты. Сол университетте жұмыс істейтін үлкен жастағы бір профессор мені көрсе жақтырмай қарап, керек десеңіз сәлемімді алмайтын болды. Ол адамды сыртынан ғана танимын, алдында жасаған ағаттығым жоқ еді. Мен туралы ол кісіге кім, не жаман нәрсе айтқанын біле алмадым.

Бірде көп адамның ортасында тұрып, сұқ саусағын шошайтып: «Мынау Ато деген жігіт мәнсапқор, дұрыс азамат емес», деп айтқанын да естіп қалдым.

Ішімнен: «Не мәнсап екен, докторлығымды өз еңбегіммен бітірдім. Көмекші болып жұмыс істеймін. Елдің бәрі істеп жүр ғой…», деп ойладым.

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

07.11.2026
Тарбағатайдың рухани шежіресі

Тарбағатайдың рухани шежіресі

07.11.2026

Бір күні қабырғада ілінген «Хабарландыру» тақтасынан әлгі адамның әкесі қайтыс болғанына байланысты көңіл айту жөніндегі хабарландыруды көзім шалды. Жаназасы осы күні, осы сағатта, осы мешітте өтеді деп те жазылыпты.

Не істерімді білмедім. Алдына барып, әкесіне көңіл айтсам, қуып та жіберуі мүмкін. Үйге барған соң почтаға телефон соғып, әлгі адамға көңіл айту телеграммасын жіберейін деп шешіп, солай жасадым.

Шамасы бір аптадан кейін университетте әлгі профессорды көп адамдармен бірге тұрғанын көрдім. Ішімнен тағы не айтады екен деп алаңдап барамын. Бір мезетте әлгі адам мені көре салып: «Әй, Ато балам, тоқта, бері кел», деді. Содан соң айналасындағы университет ұжымына: «Халайық! Мен мына Ато бауырым туралы жаман ойлап жүріппін өсекке сеніп. Бұл жігіт нағыз азамат екен. Кеше әкем қайтыс болғанда, менің атыма көңіл айтып, телеграмма жіберіпті. Телеграмманы оқып, сенер-сенбесімді білмей қалдым. Мен оны қаншама тілдесем де, маған осылай мәміле жасады. Барлығыңыздың ортаңызда одан кешірім сұраймын», деп келіп, мені құшақтады. Кейіннен осы аға екеуіміз айырылмас дос болып кеттік.

Бұл жағдайға ұқсас жағдайда әрқайсымыз болуымыз мүмкін. Сонда не істеуіміз керек?

Алла Тағала «Фуссилат» сүресінің 34-аятында көрсеткен жолмен жүруіміз қажет: «Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің». Менің басымда тура осы аяттағыдай жағдай болды», деп әңгімесін аяқтады.

Расында да, атам қазақ айтқандай: «Таспен атқанды, аспен ат», демекші, қандай жағдайда да кешіре білген адам озады.

Қиямет күні таразыға тартылмайтын үш амалдың бірі де осы ғой. Яғни, сабырлылық, ораза, кешірімділік.

Алла баршамызға көркем мінезді, кешірімді болуды нәсіп етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: кешірімді болуФуссилат сүресіьаспен атқанды аспен ат
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Кешірімді болудың сауабы қандай?
Сұрақ-жауап

Кешірімді болудың сауабы қандай?

03.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    26
  • Мешітке не үшін қолдау көрсету керек?

    21
  • «Имантау» жұмбағы: аңыз бен ақиқат

    20
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    14
  • Ақиқатқа да араша керек

    14

Соңғы жарияланымдар

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж
Жаңалықтар

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

07.11.2026
Ғибратты әңгімелер

Кешірімнің қарымы

07.11.2026
Тарбағатайдың рухани шежіресі
Жаңалықтар

Тарбағатайдың рухани шежіресі

07.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00