Сұрақ: Мешітке не үшін қолдау көрсету керек?
Жауап: Еліміздің аумағында құлшылық амалдарын орындаушыларға үш мыңдай мешіттің есігі ашық. Оларға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Мешітке сауапты үміт етіп, жекелеген азаматтар мен жамағаттар мешітке қолдау көрсетіп отырады.
Алланың үйлеріне қолдау көрсету – Исламда тоқтаусыз сауап әкелетін амалдардың бірі. Шариғатта бұл жария садақа (яғни, адам дүниеден өтсе де, оның артынан үздіксіз сауап жазылып тұратын тұрақты садақа) деп аталады. Сондай-ақ шамасына қарай дәретхана қағазы т.б. заттармен қолдау білдіретіндер де кездеседі.
Сонымен қатар мешіттің ішкі жөндеу, әрлеу, т.б. шаруашылық шығындары, коммуналдық шығындар, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізуге, тазалық жұмыстарының шығыны мен қызметкерлердің жалақысы – өз алдына қаражатты талап ететін жұмыстар. Мешіт те мұндай шығындарды демеушілердің қаражаты мен халықтың садақасынан төлеп отырады.
«Сәба» сүресінің 39-аятында: «Расында, Раббым ризық-несібе дегенді құлдарынан қалағанына үйіп-төгіп береді де, қалағанына аз әрі өлшеп береді. Сендер игілік жолында не сарп етсеңдер де, Алла оның орнын толтырады. Ол ризық берушілердің ең қайырлысы», деген.
Демек, мешітте намаз оқылған сайын, Құран үйретілген сайын, жақсылық жасалған сайын, оның құрылысына немесе дамуына көмектескен адамға да сауап барып тұрады екен.
Икрам АЙТАЕВ










