Жоба туралы

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Порталымызда мемлекетіміздің діни саясаты, зайырлылық ұстанымдары жан-жақты көрініс табады. Атап айтқанда, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуы, конфессияаралық қатынастарды реттеу, қоғамды радикалсыздандыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу сынды ауқымды шаралар туралы біздің порталымыздан мол ақпарат алуға болады.

Порталдың атауынан көрініп тұрғандай, біз мемлекет және дін қатынастарынан бөлек, асыл дініміздің құндылықтарын да халыққа мейлінше паш етуге атсалысамыз. Зайырлы елде дін ұстанудың ерекшеліктерін осы жерден оқып білуіңізге болады. Бұл тұрғыда түрлі діни-танымдық мақалаларды, белгілі дінтанушылармен, теологтармен, имамдармен болған сұхбаттарды, сондай-ақ, оқырмандардан келіп түскен сауалдарға берілген жауаптарды оқи аласыздар.

Kazislam порталы діни, зайырлылық тақырыптарынан бөлек, қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерді де қозғайды. Атап айтқанда, ұлтты ұйыстырар патриотизм, діннің сыңары – салт-дәстүр, мәдениет, өнер, тарих салаларына қатысты ғибратқа толы, танымдық материалдар жарияланады.

Портал дін саласында қызмет жүргізетін мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Біздің порталымызды мемлекетіміздің діни саясатын қолдайтын, қоғамды ізгілік пен мейірімділікке жетелейтін ақпараттар үшін пікір алаңы деп айтуға толық негіз бар.

Серіктестер

– ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
– «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
– «Қазақстан дінтанушылар конгресі» Қоғамдық бірлестігі

Редакция:

Бас редактор:
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Жоба үйлестірушісі:

Редакторлар:

Серікбол БІЛӘЛ
Балжан ӘБДІРАШ

Теолог:

Жалғас САНДЫБАЕВ

СММ маман:

Дизайнер:
Дархан САХАРИЕВ

БАСШЫ БОЛҒАНДАР

  1. АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК
  2. ЖАСҰЛАН СӘНДІБЕК
  3. ИСАТАЙ БЕРДӘЛИЕВ
  4. ЖАЛҒАС САНДЫБАЕВ
  5. ЖАНБОТА ҚАРАШОЛАҚОВ
  6. САЯСАТ ИДЕЯТҰЛЫ

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 432-бөлме
Email: info@kazislam.kz

АҚПАРАТ БЕРУ

Біздің порталымыздың бағытына сәйкес ақпарат бергіңіз келсе, көрсетілген поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. Сайт редакциясы ақпаратыңызды тексеріп, жариялап отырады.

Меншік иесі: «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

-
00:00
00:00
Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00