Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шынайы тәуекел

28.10.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
11
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тағы да бір сол тоқсаныншы жылдары мешіт салып жатқан уақыттан сөз етейін.Себебі, өмірімнің ең бақытты кезеңдеріне – сол кезді жатқызатыным ақиқат.

Ауылымызда салып жатқан мешіт құрылысына бұрыннан танитын Кеңесхан деген ағамыз прораб болып көмекке келді. Ағамыздың атасы Ноғайбай молда кезінде Зайсан өңірінде екі мешіт салып, сауда ұстаған діндар болыпты. Кеңес өкіметі дін адамдарын қудалауға алған соң, Қытай асып, сол жерде дүниеден озыпты.

Кейіннен ұрпақтары елге оралып, солардан тараған ұрпақтың бірі – осы ағамыз. Кеңесхан аға бізге үлкен ұстаз болды. Біз ағамызға: «Аға, біз діннің әріпін үйрендік, ал Сіз болсаңыз, рухын үйренген адамсыз», дейтін едік.

Расында да, солай еді…

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026

Ағамыз: «Ең маңыздысы – мешіт салу емес, адамдардың жүрегінде мешіт салу, яғни иман ұялату», дейтін. Ол кісінің сенімі, тәуекелі жөнінде мына бір оқиғаны мысал етсек де болар еді.

Бір күні мешіт құрылысы жүргеніне бір ай шамасы болғанда, қаражатымыз бітіп, алты-ақ мың теңге ақшамыз қалды. Құрылыста қырық адам жұмыс істеп жатыр.

Кеңесхан аға: «Имам бауырым, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамның еңбекақысын беру жөнінде не деп айтқан?» деп сұрады.

Мен болсам: «Абдулла ибн Амирден (Алла екеуінен де разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (р.а.): «Қызметшінің еңбегін маңдай тері кепкенше беру керек» (Ибн Маже) деп айттым.

Кеңесхан аға: «Ондай болса, тура солай жасаймыз», деп, жұмысшыларды жиып алып:«Жігіттер, қыздар! Мен жаңа ғана имам бауырымыздан еңбекақыны Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай беруді бұйырғанын сұрадым. Адам еңбекақысы маңдай тері кепкенше берілу керек екен. Ал, қаражатымыз алты мың теңге қалыпты. Мен осыны сендерге теңдей етіп бөліп берем», деді.

Құрылысшылар да, менің де сеніміміз жетпей: «Аға, ертең бензинге болса да керек болады. Бір-екі мың теңгесін алып қалсақ қайтеді?!» деп болмаймыз.

Кеңесхан аға: «Ең алдымен біз Алланың бұйрығын орындайық, ал екінші жағы Алланың құзырында. Біз хадиске сеніп, тәуекел етуіміз керек», деп, жұмысшыларға ақшаны толық таратып жіберді.

Ертеңінде құрылысшылар жұмыс басындағы қосқа келіп, бірі бензин, бірі шеге, т.б. барлығы қажеттерін сұрап жатыр. Бәріміз де ақшаның таусылғанын біліп отырмыз.

Кеңесхан аға дәптерін алып, қаражаты бар адамдай жазып отыр. Есепшісіміз Мәрия апай, найб-имам Амангелді, Жұмаш ата, Нұрмұхамбет ата бәріміз бір-бірімізге жалтаң-жалтаң қараймыз. Сенімнің ең сыналатын сәтінде отырмыз, тек жайбарақат шәй ішіп отырған Кеңесхан ағамызға қарап көңіліміз тыныштала түсетіндей. Бір сағаттай уақыт өтті…

Бір мезетте қосымызға бір әйел адам кіріп келіп: «Алтайэнерго мекемесінен келдім. Кеше мешіт құрылысына ұжым болып, көмек жинап едік, жетпіс мың теңге ақша жиналды. Мынау сол қаражаттың алғашқысы – қырық мың теңге. Қалғанын кейін әкелемін», дегенде, барлығымыз Алланың ісіне қайран қалғаннан басқа шарамыз қалмады.

Осылайша, жұмысшылар еңбегі күнбе-күн беріліп, мешіт құрылысы аяқталғанша осы көмектің ауыл-ауылдан, намазхан ата-апаларымыз жинауымен тоқтамай келіп тұрғанына куә болдық. Тіпті алты ай бойы құрылысшыларға түскі асты халық болып тегін әкеліп, әр күні әр отбасы, не мекеме болып, дастархан жаятын.

Жанымызда тұрған сол кездегі Абай орта мектебінің директоры Төлеген аға жарты ай бойы түскі ас беріп тұрды. Жалпы, айтқанда мешіт құрылысы – халықтық құрылыс болды.

Алла баршасына разы болсын!

Расында, атам қазақ айтпақшы: «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің», дегендей, Аллаға сенсек те, кейбір уақытта мына қу тіршілікте тәуекеліміз жетпей-ақ жатады.

Ал, бұл оқиғадан түйетініміз: сенім мен тәуекел бірге болу керек екен және осы оқиға, мешіт құрылысы – тікелей Алланың жәрдемімен ғана салынуына тағы да бір дәлел емес пе?

Алла баршамызға шынайы сенім мен тәуекел нәсіп етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: Қуат Қабдолдамешіт салутәуекел ету
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Зәмзәмді күткен қария
Ғибратты әңгімелер

Зәмзәмді күткен қария

20.07.2026
Ислам және тәлім-тәрбие
Қоғам

«Тақсыр» сөзі жайлы

03.07.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    79
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    75
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    66

Соңғы жарияланымдар

Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті
Жаңалықтар

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00