Жексенбі, 16 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зәмзәмді күткен қария

20.07.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

46
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла нәсіп етіп, 1998 жылы, жетпіс жылдан кейін Тойжан қажы апа екеуіміз ауданымыздан ең алғашқылардан болып қажыға барған кез. Мешітіміздің намазханы Атай ақсақал біз сапарға шығар кезде қатты сырқаттанып қалған еді.

Баласы, сыныптасым Бақытбектен мені дем салуға шақыртқанда біздің  қажыға кеткенімізді естіген екен. Сапардан келгенімізді сарыла күткен қария тілегіне жеткен еді…

Ол кезде қажылық жөнінде ешқандай ақпарат жоқтың қасы. Біздің көргеніміз, қариялардың үйлеріндегі ескіден қалған жайнамаздар мен қабырғада дорбаға салып, іліп қойған көне Құрандар болатын.

Мәселен, Ақжарда тұратын Шаяхмет деген қарттың үйінен осындай Құран кітап пен Қағбаның, қажылық рәсімдері орындалатын жерлердің жүз жыл бұрынғы суреттері бар дұға кітаптары, ескі жайнамазы бар еді. Шаяхмет ақсақал қылышынан қаны тамып тұрған совет өкіметінен қорықпай, үйінде жасырып, сақтаған екен. Алла оларды рақымына бөлесін!

Тамыры бір, гүлі ортақ

Тамыры бір, гүлі ортақ

16.08.2026
“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

15.08.2026

Сондықтан қажылық туралы қазіргідей ақпарат жоқ кезде қажылыққа барғандар, сол жақта қалады дегенді естігенім бар, сапарға шығар алдында Сыдықаев Амантай ағамыздың анасы Ырыс апаның қырқы болып, сол жерде халықпен қоштасып кеткен кезім де болды.

Жарты айдан көп уақыт сапарда болып, қажылықтан елге оралдық. Көпшілік қауым бізді үзілгеніміз жалғасты деп үлкен қуанышпен қарсы алды.

Қажылықтан оралған күні кешке жақын Бақытбек досым келіп, әкесіне алып барды. Атай ақсақал сырқаттан қиналып жатса да, мені көріп, бой жазып, басын көтеріп, қуанып қалды.

Ақсақалға қасиетті жерден әкелген зәмзәм суына дем сала отырып: «Ақсақал, мынау зәмзәм суы. Қандай ниетпен ішсеңіз, Алла сол тілегіңізді береді екен. Алла Сізге шипа берсін», дедім. Ақсақалдың көзінен қуаныштың жасы шыға отыра, дем салынған зәмзәм суын құшырлана ішті. Содан кейін ақсақалмен қоштасып үйге қайттым.

Ертеңінде Атай ақсақалдың қайтыс болғаны жөнінде хабарды естіп, атамызды халық болып, арулап соңғы сапарға шығарып салдық.

Әлі есімде, атаны арулап жуған соң, Меккеден әкелген, Қағбаның иісі бар әтірмен әтірлегенде, хош иіс айналаны жарып жіберді.

Үлкен қызы Күлшекер сыртында дұға жазылған үлкен жайнамазды әкесінің үстіне жауып, жаназасын шығартып, кейіннен мешітке сыйлады. Ауылдан қайтқан марқұмдардың үстіне сол жайнамазды жайып, жаназаларын шығарып жүрдік.

Атай ақсақалдың шын аты – Айтрақмет Байғоныс ұлы болатын. Негізінен, Күршім жақтың тумасы. Айт күні дүниеге келіп, сол себепті атын Айтрақмет деп қойыпты. Ақжар кеңшарында көп жыл мал бордақылаушы болып жұмыс істеді. Жұбайы Елеусіз апа екеуі сегіз баланы тәрбиелеп, өсіріп жеткізді.

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Зәмзәмді не мақсатта ішсең, сол үшін болады. Оны емделу үшін ішсең, сені Алла емдейді; егер сен оны қарныңды тойдыру үшін ішсең, Алла сені тойдырады; егер шөліңді қандыру үшін ішсең, Алла шөліңді басады; егер оны жәрдем тілеп ішсең, Алла сені қорғайды», деп айтыпты.

Атамызға хадисте айтылғандай, жетпіс жыл үзілген қажылық жолынан келген зәмзәмді ішу бұйырып, дүниеден озды.

Алла рақымына бөлеп, жанын жәннаттан етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: зәмзәм суыҚуат Қабдолда
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам және тәлім-тәрбие
Қоғам

«Тақсыр» сөзі жайлы

03.07.2026
Ұстазыма зиярат
Ислам

Ұстазыма зиярат

28.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қырғызстандағы исламдық қаржыға арналған дөңгелек үстел өтті

Қырғызстандағы исламдық қаржыға арналған дөңгелек үстел өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»

    «Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

    23
  • Әлеуметтік желіде біреудің айыбын ашу күнә ма?

    23
  • Ұлт руханиятының шамшырағы

    21
  • Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

    20
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Толық адам» идеясы – мазмұны терең тұжырым

    19

Соңғы жарияланымдар

Тамыры бір, гүлі ортақ
Ғибратты әңгімелер

Тамыры бір, гүлі ортақ

16.08.2026
“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты
Жаңалықтар

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

15.08.2026
195 мечетей функционирует в Кызылординской области
Жаңалықтар

Қызылорда әкімімен кездесті

14.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00