Бейсенбі, 27 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұстазыма зиярат

28.05.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
Фото: CC BY-SA 3.0 / İhsan Deniz Kılıçoğlu

Фото: CC BY-SA 3.0 / İhsan Deniz Kılıçoğlu

36
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Осыдан сегіз жыл бұрын ұстазым Мехметали Сула дүниеден озған еді. Таяу күндері ұстазымды достарыммен бірге зиярат ету нәсіп болды.

Алматыдан ұшып Стамбулға барғанымызда, екі ұлы Хасан Хусни Сула мен Ахмет Суламен кездесіп, қазақ шапандарын тарту еттік. Хасан Хусни әкесіне қатты ұқсайды екен. Әкесі сияқты ол да Ерзурум елді мекенінде мүфти болып, зейнетке шығыпты. Ал, інісі Ахмет өзі қари, өзі заңгер болып жұмыс істейді.

Негізінде, біздің ұстазымыз ең алғаш Түркияда уағызшы қызметіне тағайындалған тұлға болыпты. Кейіннен мүфтилік қызмет атқарыпты. Араб, парсы тілінде еркін сөйлейтін.

Түркияда Дін істері басқармасы болып, оны Министр мүфти басқарады екен. Біздің облыс өкіл имамдары сияқты әрбір облыс, провинциялардың мүфтилері болады.

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты

26.08.2026
Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны мен қауіп-қатері

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны мен қауіп-қатері

26.08.2026

Тоқсаныншы жылдары ұстазымыз зейнетке шығып, Алматыға келіп, біз оқыған «Әл-Хабир» медресесінде Құраннан екі жыл дәріс берген еді. Медресені ашқан марқұм Әли қажы әл-Апшеронимен өте сыйласып, бір-бірімен шығысып қызмет етті. Ұстазымыз Әли қажыны өте жақсы көріп: «Қазіргі заманның Әлиі», деп айтатын.

Сонымен, келесі күні достарыммен бірге ұстазымыздың туған жері Трабзонға ұшақпен баратын болдық. Трабзон – Стамбулдан мың шақырым ұзақта, Грузияға жақын, Қара теңіз жағалауында орналасқан таулы елді мекен.

Табиғаты әсем, таулы, орманды, ауасы сафтай таза, сұлу жер болып шықты. Әрбір таудың басына шәй, зейтүн ағаштары егілгенін көрдік. Такси жалдап, әрі қарай Трабзоннан алпыс шақырымда орналасқан Чайкара елді мекеніне бардық. Ол жерде бізді ұстазымыздың балдызы Ахмет Ариф аға күтіп алды.

Ол кісі де көп жылдар илаһиет (имам-хатиб дайындайтын) университетте ұстаздық етіп, зейнетке шығыпты. Өте бір ықыласты, кішіпейіл адам екені көрініп тұрды.

Чайкарадан әрі теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікте орналасқан Сұлтан Ахмет жайлауына бардық. Жолдарынан әрі қар кетпеген, биік таулы мекен екен. Жолда ұстазымыздың жұбайы Ханифа Сула апаның басына тоқтап, дұға еттік.

Кейін Сұлтан Ахмет жайлауында жерленген ұстазымыздың қабіріне жеттік. Кезінде өзі мұрындық болып салғызған үлкен мешітті көрдік. Ұстазымыз балаларына өзі қайтыс болса да, азанның дауысын естіп жатайын деп осы мешіттің жанына жерлеуді өсиет етіпті.

Ол Измирде қайтыс болып, жаназасы оқылған соң, осы Сұлтан Ахмет жайлауына әкеліп жерленген. Ұстазымыздың басында шәкірттері атынан хатым Құрандар оқып, дұға жасап қайттық.

Сұлтан Ахмет жайлауында жүз шақты үй бар, бірақ адамдар тұрмайды екен. Негізінен бұл курорттық жер болып, жазда ғана ашылатын көрінеді. Біз барған кезде араб елдерінен туристер келіп жатты.

Алла зияратымызды қабыл етіп, сауапқа жазсын!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: Қуат ҚабдолдаТрабзонТүркия
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»
Жаңалықтар

«Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

14.08.2026
«Талаба» қауымдастығының шәкірттерімен жүздесті
Жаңалықтар

«Талаба» қауымдастығының шәкірттерімен жүздесті

05.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Айттың бірінші күні 34 898 отбасыға ет таратылды

Айттың бірінші күні 34 898 отбасыға ет таратылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    29
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    26
  • Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

    24
  • Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

    19
  • Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет

    19

Соңғы жарияланымдар

Электронды кітапхананы пайдалану көрсеткіші
Инфографика

Электронды кітапхананы пайдалану көрсеткіші

26.08.2026
Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты

26.08.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремистік әрекеттерге итермелейтін факторлар

26.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00