Сұрақ: Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?
Жауап: Дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары – бейбітшілік пен татулықты сақтау. Татулыққа негізделмеген жат ағымдар, дәстүрлі дін санатына кірмейді. Қай елде ұлтараздық пен дінараздық алауыздық бүлігі орын алса, қоғам рухани азғындайды. Мұндай азғындыққа діни иммунитеті қалыптаспаған, жат идеологияларға еліктейтін азаматтар бейім болады.
Адам рухани азғындауы, діни оқшаулануы, радикализмге бейім болуына себеп мынадай жағдайлар: тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған азаматтар, өз болашағына деген сенімсіздік танытатын адамдар, діни танымы таяз адамдар, Telegram, TikTok, YouTube т.б. әлеуметтік желілердегі радикалды діни насихаттарға тәуелді азаматтар, дәстүрлі діни иммунитеттің төмендігі, критикалық ойлаудың жоқтығы, өмірден өз орнын таба алмай адасып, жалғыздыққа, отбасылық жанжалдар мен депрессия кезіндегі азаматтар, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр мен дін арасындағы сабақтастықты білмейтіндер.
Діни тұрақсыздықтың алдын алу үшін отандық сүзгіден өткен діни ақпараттарға жүгіну, діни танымдық ағарту жұмыстарын жүргізу, сыни ойлауды дамыту, әлеуметтік мәселелерді дұрыс шешу адам өміріне аса маңызды болмақ.
Икрам АЙТАЕВ








