Сәрсенбі, 25 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ер адамның отбасы алдындағы міндеттері

24.11.2026
- Сұрақ-жауап
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шариғатта ер адам жұбайы мен бала-шағасын асырауы, оларды нәпақамен қамтамасыз етуі керек. Аталмыш нәпақаға қандай істер жатады?

Жауап: Шариғат бойынша ер азамат жұбайы мен балаларын тиісті нәпақамен қамтамасыз етуге міндетті. Тіпті жұбайымен ажырасып кетсе де, белгілі бір жасқа жеткенше әкесі баланың нәпақасын береді. Алла Тағала:

«Ажырасқан әйелдеріңді мүмкіндіктеріңе қарай өздерің тұратын жайға тұрғызыңдар және оларға қысым көрсетіп, зарар келтірмеңдер. Ал егер жүкті әйелдер болса, оларға босанғанша нәпақа беріңдер. Байлық иесі өзінің байлығынан жұмсасын. Ал кімнің несібесі шектеулі болса, Алланың өзіне бергенінен жұмсасын. Алла ешбір жанға Өзі бергенінен артық нәрсені жүктемейді. Әрі Алла қиындықтан соң жеңілдік жасайды»[1], – деген.

Қоштасу қажылығында Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйелдер жайында Алладан қорқыңдар! Олардың ас-суын, киім-кешегін дұрыстап беріңдер»[2], – деген. Айша анамыз (одан Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Һинд бинт Утба Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алла Елшісі! Әбу Суфян өте сараң адам. Маған да, бала-шағасына да жететіндей етіп нәпақа бермейді. Оның дүниесінен айтпай алсақ күнә бола ма?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оның дүниесінен өзіңе және бала-шағаңа жететіндей етіп алуыңа болады», – деп жауап береді»[3]. Мінекей, осы аят-хадистер ер кісінің отбасына нәпақа беруі уәжіп екендігін көрсетеді.

«Жалғыз қалмау үшін» біреуден бала туып алса бола ма?

Үй шаруасы әйелдің міндеті ме?

25.11.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?

Ислам дінін қабылдау үшін не істеу керек?

23.11.2026

Ер адамның өзінің мұсылман, мұсылман емес, кедей немесе бай жұбайына нәпақа беруі уәжіп. Міндетті нәпақа – ол ас-су, киім-кешек және баспана[4].

1) Ас-су, азық-түлік және ішімдіктердің мөлшері мен сапасы күйеуінің әл-ауқатына қарай белгіленеді.

2) Киім-кешек бір мезгіл киетін бастан-аяқ болуы керек. Ханафи мен шафиғи мәзһабтарында жұбайына 6 айда, балаларына 4 айда бір жаңа киім алып беріледі делінген.

3) Үй-жайдың қандай болуы күйеуінің қаржы жағдайына байланысты. Сонымен қатар үй керекті жиһаздармен толық жабдықталған болуы тиіс. Онда өмір сүруге қажетті заттың бәрі болуы шарт.

Ер адам жұмысқа жарамды болса, жұмыс істеп баласын асырауы міндетті. Егер одан бас тартса, онда оны жұмыс істеуге еріксіз көндіреді, мәжбүр етеді. Баланың әкесі болмаса немесе әкесі жұмысқа жарамсыз болса, онда баланы асырау әкесінің орнын басатын туыстардың біріне жүктеледі[5].

Ұл баласы балиғат жасына жеткенше, қолындағы тұратын қызы қай жаста болса да, жұмысқа жарамайтын мүгедек ұл баласының жасы үлкен болса да әкесі оларды нәпақамен қамтамасыз етуге тиіс.

Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] «Талақ» сүресі, 6-7 аяттар.

[2] Муслим риуаят еткен.

[3] Бухари мен Муслим риуаят еткен.

[4] «Әл-фәтауа ат-татархания фи әл-фиқһ әл-ханафи», 3/242

[5] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/580-583

БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Жалғыз қалмау үшін» біреуден бала туып алса бола ма?
Сұрақ-жауап

Үй шаруасы әйелдің міндеті ме?

25.11.2026
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Ғибратты әңгімелер

Кептеліс болмаған кезде…

25.11.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Кептеліс болмаған кезде...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді

    Діндер съезі қызметіне қатысты кеңес өткізді

    50
  • Қазақ жеріндегі діни құндылықтар мен конфессияаралық татулық

    39
  • Ислам ғұламалары арасында «иман» етудің айырмашылығы бар ма?

    25
  • Діни мәтінді дұрыс түсінген абзал

    24
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бастамаларын іске асыру мәселелері талқыланды

    23

Соңғы жарияланымдар

«Жалғыз қалмау үшін» біреуден бала туып алса бола ма?
Сұрақ-жауап

Үй шаруасы әйелдің міндеті ме?

25.11.2026
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Ғибратты әңгімелер

Кептеліс болмаған кезде…

25.11.2026
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны
Сұрақ-жауап

Ер адамның отбасы алдындағы міндеттері

24.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00