Сұрақ: Дін мен діни ағымның айырмашылығы неде?
Жауап: «Ислам» – арабтың сөзі. Қазақша «бейбітшілік», «амандық», «татулық», «Аллаға бойсұну» деген мағыналарды қамтиды.
Ислам дінінің мәні – жалғыз Аллаға мойынсұну арқылы рухани кемелдену. Оның өзіндік құндылықтары бар. Олар барлық әлемді жаратушы әрі басқарушы жалғыз Аллаға ғана сену және оған ешнәрсені серік қоспау, намаз, ораза, зекет және қажылық сияқты құлшылықтар арқылы адам өз нәпсісін тәрбиелеуі, әділдік, мейірімділік, шыншылдық, ата-ананы құрметтеу және мұқтаждарға көмектесу сынды адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі, ғылым-білім іздену, қоғамдағы тыныштық, бауырмалдық және ар-ождан бостандығы сынды дүниелер.
Ал, Ислам атын жамылған діни топтар «жиһад» жасау, басқа ұлттар мен діндерді жек көру, мына дүниені ұмыту керек деген сынды дүниелерімен дін атына нұқсан келтіреді. Мұндай жалған діни топтардың ұрандарынан сақ болғанымыз абзал. Демек, діннің мәні шынайы құлшылық пен адамгершілік сынды дүниелер екен.
Икрам АЙТАЕВ









