Сұрақ: Медреселер не үшін қажет?
Жауап: Қазақ халқының рухани дамуына дәстүрлі діннің әсері мол. Қазақ даласында ғасырлар бойы медреселер жұмыс жасап келген. Сол медреселердің діни ілімдерін қазіргі таңдағы медреселер жалғыстыруда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 ресми медресе-колледж орта кәсіптік білім беру стандарты бойынша исламтану, дінтану мамандықтарын дайындайды. Медреселер бір жақты діни пәндермен шектелмейді, тарих, информатика, шет тілі, т.б. сынды гуманитарлық пәндер оқытылады.
Ерекшелігі – дін мен салт-дәстүрді сабақтастырып халықтың діни рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Ал, шетел асып діни оқу орындарында оқыса, оның салдары жеке басына діни топ құрып немесе діни ахуалдың тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Яғни, шетелдік діни оқу орындарына тәуелділік жойылды, отандық діни оқу орындары елдің діни тұрақтылығына қызмет жасайтын кадрларды дайындайды. Мұндай дүниелерді кең ауқымда түсінген абзал болды.
Икрам АЙТАЕВ











