Жұма, 9 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазығұрт тауының атауы көкжал қасқырмен байланысты ма?

24.08.2026
- Қоғам
0
39
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазығұрт тауының атауы туралы бір версияны бұрын айттық: «Алатаудың батыс баурайын мекендеген Қазығұрт ата есімді әулиенің есімі тауға берілген» деген баян. Бірақ ауызша тарихтың тереңіне үңілсек, бұл таудың атауы жайлы Нұқ пайғамбар кемесі аңызына барып тірелетін тағы бір нұсқа бар. Ол версияда – әлемдік топан су қаптауы бар, тек әлгіндей әулие жоқ. Оның орнында дегдар да текті арлан қасқырдың асқақ бейнесі бар.

Топан судан кейінгі дүние дидары

Аталмыш әфсана негізінен дүниелік апаттан кейінгі күрделі кезеңді суреттейді. Жер жүзін басқан топан су тартылады. Айлап мұхит кезген Нұқ пайғамбардың кемесі де күнгейдегі тауға келіп тоқтады. Жаңа тіршілік басталды. Бірақ бұл бірден гүлдеген тіршілік емес. Азық-түлік жоқ, өсімдік өспеген, жер суға малшынып жатыр. Барлық тіршілік иелеріне өте ауыр заман.

Нұқ пайғамбар кеме сапарында да, одан кейін де «Тірі жан иелерін өлтіруге болмайды» деген бір тыйым жариялапты. Бұл тыйым жұп-жұп болып апаттан аман қалған аң-құс, жан-жануардың тұқымын сақтауға бағытталған. Азайып қалған хайуандардың тегін жойып алмау үшін. Жаңа тіршіліктің бесігіне айналған жерде әрбір өмір құнды.

Діни сауаттылық – заман талабы

Діни сауаттылық – экстремизмге қарсы иммунитеттің негізі

05.10.2026
Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026

Алайда осы тыйым жыртқыштарға ең ауыр сынақ болды. Етқоректі, қанға үйренген, аштықты білмеген азу иелері енді азап шегеді. Шөп-шалам, өсімдік жеу – олардың табиғатына жат. Аштық дегеніңіз, тозақтан да ауыр.

Құртқа мен көкжал

Осы сынақта басқалардан әнтек ерекшеленгендер – бөрі-қасқырлар. Жыртқыштардың ішіндегі ең қаныпезер, ең тілазары қаншық қасқыр болыпты. Ол шектеулерге шыдай алмайды. Тыйымды бұзғысы келеді. Дегенмен оны арланы тежеп отырады.

Бұл екі бейне тек аңдар туралы емес. Олар екі рухани күштің, екі мінездің символы. Құртқа – нәпсінің, шыдамсыздықтың, араны үшін ережені бұзудың бейнесі. Арлан – тыйымды ұстаудың, жауапкершіліктің, ауыр сәтте де адалдықтан таймаудың бейнесі.

Халқымыздың санасында көкжал арлан – ежелден ерлік пен адалдықтың символы. «Арлан» яки «көкжал жігіт» деп айтылады. Яғни намысын сатпаған, абыройынан таймаған ер. Бұл аңызда да арлан дәл сол рөлде: ең ауыр сәтте, аштықтың азабында да тыйымнан таймайды. Тіпті өз жұбайын да тежейді.

Тыйымды бұзу және жаза

Күндердің бір күнінде құртқа шыдай алмайды. Тыйымды бұзады. Әлдебір шөпқоректіні жеп қойды ма, басқа ма, бұл жағы енді, беймағұлым. Әйтсе де арлан оны қатаң жазаға тартады.

Бұл аңыздың ең ауыр сәті. Арлан өз жұбын аяусыз талап, жазалайды. Жақындыққа да, асықтыққа да, жаны ашығанына да қарамастан. Тыйымның аты тыйым. Ереже – ереже! Оны ешкімге бұздыруға болмайды.

Бұл рухани ұстаным – Ислам ілімімен де, ілкі дала дүниетанымымен де терең үндеседі. Алла тағала Құран Кәрімде әділдікті, тіпті өзіңе немесе жақынына қарсы болса да ұстану керектігін айтады. Өз нәпсісіне де, өз жақынына да тең болатын заңның алдында көкжал солай жасады. Ауыр шақта да, аштықта да. «Тура биде туған жоқ» деген, осы!

«Әділ қазы екен!»

Арланның ісін өзге аң-құс, жан-жануарлар да, адамдар да көрді. Ауыр шақта жалпының тағдыры үшін жауапкершілік арқалағанын. Аштықта тыйымнан таймағанын. Жақынынан да Пайғамбар бекіткен ережені жоғары қойғанын.

Халық оны бірауыздан «Әділ қазы екен» десіп, «Әділ қазы» деп атайды. «Қазы» – сот, шешуші, ережені орындаушы. Оған «әділ» деп қосылуы болса, ең биік баға. Яғни арлан тек өзі адал болған жоқ, ол жалпыға әділдіктің өлшемі болды.

Содан сол арланның аты «Қазықұрт» болады. Көне түркі тілінде «құрт» – қасқыр. «Қазы» –әділ төреші дегенді білдіреді. «Қазықұрт» – «әділ қасқыр», «төреші қасқыр». Топан су тартылғаннан кейінгі жаңа тіршіліктің бесігіне айналған тау жаңа замандағы әділдік оқиғасы болып өткен алғашқы жер болғандықтан, бұдан былай сол арланның есімімен аталған көрінеді.

Екі нұсқа, бір тау, бір мазмұн

Қазығұрт тауының атауы жайлы 7-8 версия бар. Солардың ішінде 2 версия транцеденттілігімен ойландырады. Бірінде – адам: ғұмырын Аллаға арнаған әулие баба. Екіншісінде – аң атаулының тектісі: тыйымды ұстаған арлан қасқыр. Бір қарағанда, екеуі мүлде бөлек.

Әйткенімен екеуінің де өзегінде бір ұстаным жатыр. Яғни ауыр сәтте де, сынақта да, азапта да – тыйым-етпеден таймау идеясы жатыр. Әулие баба халқын апаттан алып қалды, тауға атын берді. Арлан жыртқыштарды тыйымда ұстады, тауға атын берді. Қалай десек те, екеуінің де ізгілігі бір тау аталымында сақталып қалды деуге келетіндейін.

Мұны халық санасының тереңдігі емес деп көр! Бір тауда бірнеше мыңжылдықтың рухани жадысы сақтаулы.

Топонимдердегі киелі дүниетаным

Қазықұрт аңызы айқын тағы бір заңдылықты алға шығарады. Ол кей елді мекендер мен топонимдердің уәждеме-негіздемесінде ілкі Аллалық сакральды дүниетаным бар дегенге саяды.

Бұл тезис – бұған дейін осы сайтта жариялаған Батырата, Бақырша мақалаларымыздағы тезистен сәл өзгеше. Ол мақалаларда тұлғаның есімі мен қайраткерлігі айшықталды. Мұнда одан да тереңірек қабат: аң образындағы сакральды ұғым. Ілкі түркі дүниетанымында бөрі – өзіндік ерекше орынға ие нысан. Ол – тотем, ол – символ, ол – рухани күш. «Көктүрік» деп аталған ерте түркілер де өздерін көкжалдардың ұрпағы санады. Бұл аңызда сол ілкі дүниетанымның кейінгі мұсылмандық таныммен шебер қиыстырылған ең терең, ең асыл қабаты жатуы да ықтималды. Қалай десек те, ол бойынша қасқыр – жай жыртқыш емес, тыйымды ұстаушы, әділдіктің өлшемі.

Кең мағынадағы, яғни Адам атадан бері жалғасқан Ислам дала шегінде бұрыннан болған болса да, Арабияда қайта көктеген, соңғы Пайғамбар қайраткерлігімен жаңғырған Ислам кейін келді. Дегенмен ол ілкі дүниетанымды түгел дерлік жойып жіберген жоқ. Оны өз нұрымен байытып тереңдетті. Тыйымды ұстау, ережеден таймау, жауапкершілік арқалау момын-діндар санасында да, ілкі түркі санасына да ортақ ұстаным!

Қорытынды

Қазығұрт тауы – оңтүстік Қазақстанның аласалау, бірақ халықтық көзқараста мағынасы жағынан аса биік тау.

Аталмыш баянның моральі не? Әрине, ол – арланның аштықта да тыйымды бұзбағаны. Бұзғанды жазалады. Әділдіктен таймады. Сол дегдар мінезі тауға атау болуға себеп болды деп негіздейді. Қалай десе де, ғасырлар бойы тау бүгінгідей қасиетті брендті ұстап тұр.

Жер-су атаулары халықтың сакральды жады. Қазығұрт та соның ең ежелгі, ең терең беттерінің бірі болса керек.

Солай да солай!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: аңызҚазығұртнұх пайғамбар
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026
Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа
Қоғам

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    407
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    362
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    267

Соңғы жарияланымдар

Радикалдардың жалған ұраны
Видео

Радикалдардың жалған ұраны

09.10.2026
Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау
Сұхбат

Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау

09.10.2026
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

09.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00