Сейсенбі, 18 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

18.08.2026
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
Фото: Depositphotos

Фото: Depositphotos

4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Соңғы жылдары «Хорасан уәлиаты» немесе ISIL-K атауы халықаралық қауіпсіздік күн тәртібінде жиі аталып жүр. Ауғанстандағы бұл құрылымның Орталық Азияға ықпалы, өңір азаматтарын тартуы, интернеттегі насихаты және трансұлттық байланыстары сарапшылар назарында. Алайда бұл нақты қандай құрылым? Оның идеологиясы неден тұрады? Неліктен Орталық Азияға назар аударады? Қазақстан үшін қандай қауіп бар? Тікелей әскери қатер мен ақпараттық-идеологиялық тәуекелдің ара-жігі қайда? Осы мәселелер жөнінде Қызылорда облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Асхат Ерубаймен сөйлестік.

– Асхат мырза, соңғы жылдары «Хорасан уәлиаты» деген атау жиі айтылып жүр. Алдымен осы ұйымның өзі туралы түсіндіріп өтсеңіз. Бұл қандай құрылым?

– «Хорасан уәлиаты» деп аталатын құрылым – «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының Ауғанстан-Пәкістан аймағында қалыптасқан тармағы. Халықаралық БАҚ беттерінде оны ISIL-K немесе IS-Khorasan деп атайды. Бұл жерде бір маңызды мәселені ажыратып алған жөн. «Хорасан» атауының өзі террористік ұғым емес. Ол – ислам өркениетінің тарихында қолданылған тарихи-географиялық атау. Әртүрлі тарихи кезеңдерде оның аумағы қазіргі Иранның солтүстік-шығысын, Ауғанстанның бір бөлігін және Орталық Азияға жақын өңірлерді қамтыған.

Ал террористік ұйым осы тарихи атауды өзінің идеологиялық мақсаттарына пайдаланып отыр. Сондықтан қазіргі «Хорасан уәлиатын» тарихи Хорасанмен немесе жалпы ислам дінімен байланыстыруға болмайды.

Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

18.08.2026
Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

18.08.2026

– Яғни террористік ұйым тарихи атауды өз идеологиясына бейімдеп алған деуге бола ма?

– Дәл солай. Террористік ұйымдардың идеологиялық насихатында тарихи және діни ұғымдарды өз мақсаттарына пайдалану жиі кездеседі. Олар белгілі бір терминге жаңа саяси-идеологиялық мазмұн беруге тырысады. «Уәлиат», «халифат», «жиһад» секілді діни немесе тарихи ұғымдарды қолдану арқылы өз әрекеттерін діни тұрғыдан заңдастыруға ұмтылады. Бірақ қоғам мұны ажырата білуі керек. Террористік ұйымның діни терминдерді пайдалануы оның ислам дінінің атынан сөйлеуге құқығы бар дегенді білдірмейді. Керісінше, діни ұғымдарды зорлық-зомбылықты ақтау үшін пайдалану – террорлық  идеологияның негізгі ерекшеліктерінің бірі.

– «Хорасан уәлиаты» қашан және қандай жағдайда пайда болды?

– «Хорасан уәлиатының» қалыптасу алғышарттары ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша 2014 жылы басталды. Сол кезде ИШИМ Ауғанстан мен Пәкістандағы жергілікті радикалды топтармен байланыс орнатып, өз қатарына жаңа күштерді тарта бастады. Соның ішінде Пәкістандағы «Техрик-е-Талибан Пәкістан» қозғалысының бірқатар командирі ИШИМ жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдадиге адалдық антын жариялады. 2015 жылғы 10 қаңтарда Хафиз Саид Хан бастаған топ ИШИМ-ге адалдығын жариялап, жаңа құрылымның құрылғанын мәлімдеді. Ал 26 қаңтарда ИШИМ-нің ресми өкілі Әбу Мұхаммад әл-Аднани «Хорасан уәлиатының» құрылғанын жариялап, Хафиз Саид Ханды оның жетекшісі ретінде таныстырды. Оның бастапқы құрылымын негізінен Ауғанстан мен Пәкістандағы «Талибан» және басқа да радикалды құрылымдардан бөлінген содырлар құрады.

2015 жылдың тамызында Ауғанстандағы «Өзбекстан ислам қозғалысы» да ИШИМ-ге адалдық антын беріп, Хорасан уәлиатына қосылғанын жариялады. Бұл ұйымның құрамын кеңейтіп қана қоймай, оның Орталық Азиямен байланысын күшейткен маңызды кезең болды. Кейін Хорасан уәлиатының құрамына басқа елдерден келген содырлар да қосылды. Яғни бұл бір күнде пайда болған құрылым емес, Ауғанстан мен Пәкістандағы бұрыннан қалыптасқан радикалды ортаның ИШИМ-нің трансұлттық идеологиясымен тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан террористік құрылым деуге болады.

– «Хорасан уәлиаты»  мен «Талибанды» бір ұйым деп қабылдайтындар бар. Бұл қаншалықты дұрыс?

– Бұл дұрыс емес. «Хорасан уәлиаты»  мен «Талибан» – екі бөлек құрылым және олардың арасында қақтығыс бар. «Талибан» Ауғанстандағы билікке келіп, ел аумағын бақылауға алғаннан кейін «Хорасан уәлиатына» қарсы күресін күшейтті. Ал «Хорасан уәлиаты» тәліптерді өз идеологиясы тұрғысынан жеткілікті дәрежеде радикалды емес деп санайды.

Олардың мақсаттары мен тәсілдерінде де айырмашылық бар. Талибан үшін Ауғанстандағы билікті ұстап тұру маңызды болса, «Хорасан уәлиаты» өзін әлдеқайда кең трансұлттық жоба ретінде көрсетеді.

Сондықтан Ауғанстандағы барлық радикалды ұйымдарды бір құрылым ретінде қарастыруға болмайды.

– Ұйым идеологиясының негізгі ерекшелігі неде?

– Оның идеологиясының өзегінде радикалды түсіндірілген жаһандық халифат идеясы жатыр. Сонымен бірге ұйым діни алауыздықты, зорлық-зомбылықты ақтайтын радикалды түсініктерді таратады.

Бірақ қазіргі террорлық насихатты тек діни ұрандармен шектеледі деп қарау қате. Террористік ұйымдар адамның әлеуметтік немесе саяси мәселелерін де пайдаланады. Мысалы, жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік, билікке наразылық, әлеуметтік оқшаулану секілді проблемаларды өз идеологиясына тиімді пайдаланып, байланыстыруы мүмкін.

Осылайша адамның бойындағы шынайы мәселе мен радикалды идеология арасында байланыс орнатуға тырысады.

– Неліктен «Хорасан уәлиаты»  Орталық Азияға ерекше назар аударады?

– Бұған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, Ауғанстан Орталық Азияға жақын орналасқан. Екіншіден, аймақ елдерінің тарихи, мәдени және тілдік байланыстары бар. Үшіншіден, Орталық Азия азаматтарының Ресей, Түркия және Еуропа елдерінде көп болуы трансұлттық ұйымдардың олармен байланыс орнатуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Хорасан уәлиаты» Орталық Азия аудиториясына түсінікті тәжік, өзбек және орыс тілдерінде насихат материалдарын таратып келеді. Мысалы, зерттеулерде ұйымның тәжік тіліндегі «Sadoi Khuroson» сияқты медиажобалары болғаны айтылады. Яғни ұйым аймақ тұрғындарына ықпал ету үшін олардың тілін, ортасын және әлеуметтік мәселелерін ескеруге тырысады.

– Ал қазақ тілді аудиторияға бағытталған насихат туралы не айтуға болады?

– Бұл мәселеде нақты дерекке сүйену керек. Өзім жүргізілетін күнделікті интернет-мониторингті қадағалап отырамын, қазіргіге дейін «Хорасан уәлиаты» атынан қазақ тілінде тікелей ақпарат таратылғанын кездестірген емеспін. Негізінен Орталық Азияға бағытталған насихат орыс, тәжік және өзбек тілдерінде байқалады. Сондықтан «Хорасан уәлиаты қазақ жастарын жаппай үгіттеп жатыр» деп айтуға қазір негіз жоқ. Дегенмен Қазақстан – көпэтносты ел, азаматтарымыз әртүрлі тілдегі ақпаратты тұтынады. Сол себепті өзге тілдердегі радикалды контенттің қазақ тілді аудиторияға жанама ықпал ету мүмкіндігін де ескеру қажет.

– Қазақстан үшін «Хорасан уәлиаты» қаншалықты қауіпті? Елімізді ұйымның тікелей нысанасы деп айтуға бола ма?

– Қазіргі ашық деректерге сүйеніп, Қазақстанды «Хорасан уәлиатының» негізгі немесе басым нысанасы деп айтуға негіз жеткіліксіз. Оның үстіне Қазақстан мен Ауғанстанның ортақ шекарасы жоқ. Сондықтан Ауғанстаннан Қазақстанға ірі қарулы топтардың тікелей келуі қазіргі негізгі қауіп ретінде қарастырылмайды.

Бірақ бұл қауіп мүлде жоқ деген сөз емес. Қазақстан үшін интернеттегі радикалдану, адамдарды трансұлттық деңгейде тарту, шетелдегі азаматтарға ықпал ету және Ауғанстандағы жағдайдың Орталық Азияға жанама әсері сияқты тәуекелдер маңызды. Сондықтан қауіптің деңгейін асырып та, төмендетіп те көрсетпей, нақты дерекке сүйену қажет .

– Олардың Орталық Азия азаматтарын, оның ішінде Қазақстан азаматтарын қатарларына тарту қаупі бар ма?

– Орталық Азия азаматтарының «Хорасан уәлиатының» қатарына тартылғаны туралы халықаралық зерттеулерде деректер бар. Олардың арасында Қазақстан азаматтары туралы да жекелеген мәліметтер кездеседі. Бірақ мұндай деректерге қарап, «Қазақстан азаматтары жаппай тартылып жатыр» деген қорытынды жасауға болмайды. Ұйым үшін Орталық Азия азаматтарының тіл білуі, өңірдің ерекшелігін түсінуі және Ресей, Түркия, Еуропа сияқты елдердегі әлеуметтік байланыстары маңызды болуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытты қауіпсіздік тұрғысынан бақылауда ұстау қажет.

Қазір интернет дәуірі өте қатты артты. Бұрын террористік ұйымға қосылғысы келген адам оның бақылауындағы аумаққа баруы керек еді. Қазір адамның радикалды контентпен танысуы, байланыс орнатуы, үгітшімен сөйлесуі үшін физикалық тұрғыда сол ұйым орналасқан жерде болуы міндетті емес.

Интернет арқылы: үгіт-насихат таратылады; адамдармен байланыс орнатылады; идеологиялық ықпал жасалады; рекрутинг жүргізіледі; кей жағдайда қаржылық байланыстар ұйымдастырылады. Сондықтан қазіргі терроризмнің алдын алу жұмысы физикалық кеңістікпен қатар цифрлық кеңістікті де қамтуға тиіс.

– Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан азаматтарын интернет арқылы өз қатарына тартудың нақты мысалдары бар ма?

– Орталық Азия азаматтарын интернет арқылы радикалды ұйымдарға тарту әрекеттері туралы нақты деректер бар. Алайда Қазақстан азаматтарына қатысты дәл «Хорасан уәлиаты» интернет арқылы тартты деген ашық әрі нақты мысалдарды көптеп айтуға негіз жоқ. Сондықтан бұл мәселені асырып көрсетуге болмайды. Біз білетін деректер Орталық Азияның басқа елдеріне қатысты көбірек кездеседі. Бірақ бұл Қазақстан үшін мәселе өзекті емес дегенді білдірмейді. Себебі адам радикалды контенттің ықпалына террористік ұйым орналасқан жерде емес, өз елінде отырып-ақ түсуі мүмкін. Сондықтан жастарға интернеттегі ақпаратты сыни қабылдауды, күмәнді контентті ажырата білуді және радикалды идеологияның қалай жұмыс істейтінін түсіндіру бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі.

– Радикалдану дегенде нені түсінуіміз керек? Дінге қызығушылықтың өзі қауіпті ме?

– Бұл екі мәселені нақты ажырату керек. Адамның дінге қызығуы, мешітке баруы, діни кітап оқуы немесе діни білім алуға ұмтылысы – радикалданудың белгісі емес. Радикалданудың қауіпті тұсы – зорлық-зомбылықты ақтайтын, басқа адамдарды жау ретінде көрсететін және заңды тәртіпті күш қолдану арқылы өзгертуді дұрыс деп санайтын идеологиялық көзқарастың қалыптасуы. Сондықтан діндарлық пен радикализмді теңестіру – үлкен қателік. Керісінше, мұндай жалпылама түсінік қоғамға зиян келтіруі мүмкін.

Жастар – ақпаратты белсенді тұтынатын, әлеуметтік ортасы тез өзгеретін аудитория. Бірақ барлық жастарды осал топ деп қарауға болмайды.

Радикалды ұйымдар көбіне адамның белгілі бір жеке проблемасын пайдалануға тырысады. Мысалы, өзін қоғамнан оқшау сезіну, әділетсіздікке ұшырадым деп қабылдау, отбасындағы немесе әлеуметтік ортадағы қиындықтар, болашаққа сенімсіздік сияқты жағдайлар болуы мүмкін.

Террористік насихат осы сезімдерді пайдаланып, адамға «сенің проблемаңның себебі – мына топ» деген қарапайым әрі қауіпті түсінік ұсынуы ықтимал.

– Яғни террористік насихаттың мақсаты тек діни сенімге әсер ету емес пе?

– Иә, тек діни сенімге әсер етумен шектелмейді. Қазіргі радикалды насихатта діни, саяси және әлеуметтік мәселелер қатар пайдаланылады. Мысалы, қоғамдағы нақты бір мәселені алып, оған радикалды түсінік беріп, белгілі бір адамды немесе топты «кінәлі», «жау» ретінде көрсетуі мүмкін. Осылайша адамның наразылығын күшейтіп, зорлық-зомбылықты ақтауға дейін жеткізеді. Сондықтан радикалды насихаттан қорғанудың маңызды жолдарының бірі – ақпаратты сыни қабылдау және кез келген мәліметке бірден сене бермеу.

– Асхат мырза, әңгімені қорытындыласақ, Қазақстан «Хорасан уәлиаты» қаупіне қалай қарауы керек?

– Ең бастысы – бұл мәселеге сабырмен әрі нақты дерекке сүйеніп қарау керек. Қазір Қазақстанға тікелей әскери қауіп төніп тұр деп айтуға негіз жоқ. Бірақ интернет арқылы радикалды идеологияның таралуы, адамдарды трансұлттық деңгейде тарту және Орталық Азиядағы жағдайдың жанама әсері сияқты тәуекелдер бар. Сондықтан қауіптен қорқып, қоғамда үрей қалыптастыру емес, оның қалай таралатынын түсініп, алдын алу маңызды. Ол үшін жастардың діни және ақпараттық сауатын арттырып, интернеттегі күмәнді контентті сыни бағалауға үйрету қажет. Ең бастысы – террористік ұйымның діни ұғымдарды пайдалануын ислам дінімен шатастырмау. Қауіпті дұрыс түсінсек, оның алдын алуға да мүмкіндік бар.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен – Е.Ерғалиұлы

Таңбалар: ИШИМтерроризмХорсана уалаят
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

14.08.2026
Беспокоит ли Вас лично проблема религиозного экстремизма и терроризма?
Ағымдар ақиқаты

Діни экстремизм дегеніміз не?

01.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»

    «Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

    1.6k
  • Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

    529
  • Ақпараттық шабуылдардан қорғану үшін қандай дағдылар керек?

    517
  • Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

    516
  • Діни уағыз бен насихат айтудың айырмасы неде?

    516

Соңғы жарияланымдар

Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті
Жаңалықтар

Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

18.08.2026
«Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?
Ағымдар ақиқаты

«Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

18.08.2026
Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды
Жаңалықтар

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

18.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00