Абай облысының имамдары «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған кезекті республикалық аттестаттаудан өтуде.
Республикалық аттестаттау жергілікті дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін саралау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Аттестаттау барысында имамдардың Құран, ақида, фиқһ, Ислам тарихы сынды діни ілімдермен қатар, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімі де сыналады.
Аттестаттау компьютерлік тестілеу және ауызша сынақ түрінде жүргізілуде.
Аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ Дін істерін талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі бар.







