Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ыдырыс – Құран Кәрімде есімі аталған пайғамбардың бірі. Адам атаның бесінші буындағы немересі-дүр. Дәстүрлі исламдық тәпсірлерде аса тақуа, хикмет иесі әрі рухани дәрежесі биік, өнерлі әрі қаһарман тұлға ретінде сипатталады. Жұлдыз ғылымы, жазу-сызу, зергерлік пен тігіншілік, қару-жарақ жасау, соғыс жүргізу мен қарсыласты тұтқынға алудың бастауында тұр. Аңыздық-діни түсініктерде Алла тағаланың оны ерекше мәртебеге көтеріп, Ұжмаққа шығарып әкеткені айтылады. Кейбір деректерге қарағанда, көкке көтерілмес бұрын, жер бетінде 82 жыл өмір сүрген.

Ақиқат пен аңыз арасы 

Әрине, Ұлы дала шегінде де аты кеңінен танымал және әлі күнге жаңа туған сәбилерге есімі қойылып келеді. Өз кезегінде оның рухани болмысының ауызша тарихта қазақтың ең көне шаһары Сайрамның бой көтеруімен байланыстырылуы қызық-ақ.

Әрине, мұны аңыз деп емес, шындық деп қабылдағанның өзінде көкейде сауал да көп: Бұл кентті-қаланы неге салды? Неліктен дәл осы жерге салды? Сондай-ақ осы маңға қалай келіп қалды? Өйткені киелі шежірелерде төл ғұмырнамасының Мысыр аймағы аясында көбірек айтылатыны бар емес пе?

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

25.08.2026
БҰҰ Бас хатшысы рохинджа мұсылмандарына көмек көрсетуге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы рохинджа мұсылмандарына көмек көрсетуге шақырды

25.08.2026

Ақырында, «Іздеген қазынаға жолығады» демекші, қазақтың өзіндік сакральды қиссалар әлеміне ау салып жүріп тапқанымыз – Адам ата дәуіріне барып тірелетін көз жасының тамшысындай мына бір хикаят-дүр.

Хикаят

Қисыны былай: Адам атаның немересі «Ағнұх», яки кейіннен «Ыдырыс» атанған ер – ұзақ жолды сапарда жүріп, медиен далаға аялдайды. Ол жерде сол түнде Жебірейіл бастаған бір топ періштенің Тәңірді ұлықтап, мінәжат етіп жатқанына куә болады:

– Ау, досым Жебірейіл, мұнда қайдан жүрсің? – десе, ол:

– Әлем жаралып, су аққалы осы мекенге келіп зікір айтып, құлшылық қыламыз, – депті.

– Құлшылыққа сонша құмар қылатындай бұл жердің не қасиеті бар?

– Мұны Тәңір әлемінде «Мадина әл-Байза» немесе «Бозқала» деп атайды. Бұл мекенде Адам ата намаз оқыған. Тілегі қабыл болып құт дарыған киелі жердің бірі. Сайрамнан Құдайдың достары көп шығады. Тәңірдің дидарын талап қылған шын ғашықтар мекені. Түркінің пірі – Әзірет Сұлтан да осы өңірде дүние есігін ашады, – деп ағынан жарылыпты періште.

Ұзын сөздің қысқасы, Ыдырыстың қызығушылығы һәм себепкерлігімен кейіннен осы тұс – қазіргі күнгей атыраптағы Ақсу мен Бадам өзененің ортасынан 400 зәулім сарайлы, 4 қақпалы қамал тұрғызылады. Әр қақпаға алты қабат қарауыл-мұнара соғылып, әр жүз үйден соң құдық қазылады. Көп ұзамай, бұл құтты мекен үлкен ажарлы-базарлы шаһарға айналып шыға келеді. Қала атауының да авторы өзі! Ыдырыс оған «Сайрам» деп ат қойыпты. «Сайрам» деген беймағұлым көне тілде «тасты, тастақты жер» дегенді білдірсе керек.

27 жылдық патшалық

Шаһарлы жер – патшалы жер! Алланың нәбилері ел билеп, таққа отырады. Ыдырыстың тұсында Сайрам әлемдегі ілімі озық ел болыпты. Әсілінде, Ыдырыс – «мұғалім» деген сөз екен. Ол да қалада 27 жыл патша болып, пайғамбарлық міндетін аяқтайды. Бұдан әрмен қарай тірідей Жаратқан иенің дәргейіне әкетілген делінеді.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: аңызСайрамЫдырыс пайғамбар
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Қазығұрт тауының атауы көкжал қасқырмен байланысты ма?

24.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    29
  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    25
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    25
  • Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

    20
  • Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

    18

Соңғы жарияланымдар

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс
Сұхбат

Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

25.08.2026
Қоғам

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026
БҰҰ Бас хатшысы рохинджа мұсылмандарына көмек көрсетуге шақырды
Жаңалықтар

БҰҰ Бас хатшысы рохинджа мұсылмандарына көмек көрсетуге шақырды

25.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00