Жұма, 18 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тарихтың тереңіне үңілсең – таң қалдырады. Табаның астыңдағы жер небір киелі оқиғалардың куәсі болып шыға келеді. Солардың бірегейі – Сайрам топырағы. Бүгін ол оңтүстік Қазақстандағы Шымкентпен аумақтас кішігірім қала. Ал тарихта – Бозқала. Яки транцедент әлемінде «Мадина әл-Байза». Аты өзгерген, бірақ жады өшпеген.

Ескі әфсана-шежірелерге қарағанда, әйгілі жиһангер Ескендір Зұлқарнайын қалың қол бастап Тұран даласына келгенде, Сайрамның алдында тоқтапты. Тоқтап қана қоймай: «Бұл Ыдырыс пайғамбардың қаласы. Шаһардың бір тасын да қиратушы болмаңдар» деп әмір еткен деседі.

Неге? Неліктен?!

Сауал көп-ақ. Демек, Бозқаланың киесі сол ықылым заманның өзінде-ақ аңызға айналған.

Әлеуметтік желі адастырмасын…

Әлеуметтік желілердегі радикалды насихат: оны қалай танимыз?

18.09.2026
“Нұрсұлтан” мешітінде жұма уағызын айтты

“Нұрсұлтан” мешітінде жұма уағызын айтты

18.09.2026

Шаһардың сол кездегі патшасы Шәмші (Жәмшид) деген тоқсаннан асқан қария екен. Мына қисапсыз аламанды жеңе алмасын және құдай әмірімен хикмет қуып келген қаһармандығын білген ол, Ескендір алдынан зор ізетпен шығып, сый-құрмет көрсетеді. «Ат кісінескенше, адам тілдескенше», екі тарап лезде түсініседі. Соғыс болмай, қылыш пен қансыз шешім табылады.

Бәрін айт та бірін айт, әлемді уысында ұстаған болса да, әміршіге де жәрдемші керек, Ескендір одан, ең әуелі, Самарқанды салысуға көмек сұраған дейді.

– Самарқан деген шаһар салуды ойға алдым, жәрдем беріңіз.

Ұлы патша айтса, қалай қарап тұра алмақшы, Шәмші еліне сауын айтып, ең сайлауыт та шебер деген 70 ұста жібереді. Алайда қала бітуге таяғанда, Сайрам тәжінің иесі дүние салады. Ол кісіге құрылыстың бітуін көру жазбаған және қызық болғанда, артында мұрагері жоқ. Тақ бос қалған-ды.

Содан сол, Бозқала халқы басқа емес, Ескендірдің нақ өзіне тікелей хабар салады. Әңгіменің ауаны: «Әділ патша жіберіңізбен» басталып, «Лайықты патша керекпен» аяқталады.

Сұраныс болса, ұсыныс та кешікпейді ғой. Бұрын да солай, қазір де сондай. Ал ол заманда Ескендірдің жанында ең жақын достары – Қызыр мен Ұлықпан дегендер бар көрінеді. Иә, әлгі атам заманнан қазақ баласы қадір тұтып, бармағын басқысы кеп жүретін, «жер кезеді» дейтін Қызыр мен данагөй Ұлықпан.

Есақаң екеуін дереу сонда уәзипа-миссия арқалатып аттандырады. «Қызыр таққа отырса, Ұлықпан уәзір болды» деп тарқатады бұл жайдың қисынын асылы аңыз.

Анаңқара: Уәзір Ұлықпан үшін бұл жер ашылған кітап болады. Ашып оқиды. Түркілердің тілін тыңдайды, астарлы, терең, мән-мағынаға толы тіл деп таныған. Қариялар сөйлесе, ауыздарынан маржан төгілді. Жастар сөйлесе, меруерт-жауһар! Жасы да, кәрісі де – көсем, шешен! Ұлықпан таңғалды, қызықты, сіңірді. Сол қазыналы жұрттан нақыл үйреніп, хәкімдікке жеткен болып тұр. Ел оны «Ұлықпан Хәкім» деп осы жерден атауды бастаған-дүр. Дүние жүзі білетін ұлы ойшылдың даналыққа жолы, осы Бозқалада, осы түркі игі-жақсыларының оң тізесінде басталады.

Қызыр болса, ол да өз мойынындағы парызын адал атқарып, әділ патша болады. Бұқараның мұң-мұқтажын елеп-ескереді. Қолы ашық, жүрегі кең. Әулиелердің моласын түзейді, мешіт-медресе соғады. Сол ізгі қылықтары Жаратқанға жағып, оны пайғамбарлыққа (әулиелікке) таңдайды. Кейін Қызыр әбілқаят суын ішіп, өлімсіздікке қол жеткізеді. Бұл енді бөлек әңгіме. Бөлек айтылатын хикаят-дастан.

Сонымен, нені айтайын деп едік?

Иә, бүгінгі заманауи Сайрамда жергіліктілердің сөзінше, оның анасы Бибі Ғияс пен әкесі Салықтың молалары тұр (*Дәл сол түпнұсқа Қызыр екеніне сауал көп, десе де Ибрахим-Ясауилерден не арғы, не бергі заманада өмір сүрген Салық деген жергілікті мәртебелі кісінің (патша болуы мүмкін) де Қызыр, Ілияс деген ұлдары болып, халық содан екеуін шатастырып, ілкі Қыдыр-Қызырмен қосып жіберген деген де пікір бар). Өзіміз өткен жолы Бибі Ғияс пен Салық кесенелеріне барып құран оқып қайттық. Сайрамдықтар аузындағы сөз бойынша Қызыр ата дүйсенбі мен бейсенбінің ақшамында анасы қабіріне келіп Құран бағыштайды екен. Ал әкесінің басында талап-тілегі барларды қабылдайды.

Айтпақшы, мұны оқыған адам бір сәт ойланып қалса керек. Сайрам – Ыдырыс пайғамбардың қаласы, Қызыр патшаның тағы, Ұлықпан хәкімнің мектебі. Қала берді Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың туған жері. Осынша сакральды тарихнаманы бір қаланың бойына сыйдыруы – тегін емес. Жер де таңдалады, тас та таңдалады.

Бозқала – Сайрам! Сайрам – Бозқала! Аты өзгерді, тарихы өзгермеді.

Бізге бұл шежіре мен ауызша тарих арқылы жетті. Қарап тұрмай, әрмен қарай біз де жеткізудеміз.

 

P.S. Ал «Ыдырыс пайғамбар неге дәл осы жерге қала салды?» дегенде, тапқанымыз – Адам ата дәуіріне тірелетін хикаяттан бір-ақ шықтық. 

Қисыны былай: Адам атаның немересі «Ағнұх», яки кейіннен «Ыдырыс» атанған ер – ел аралап жүріп, қу медиен далаға аялдайды. Ол жерде ол түнде Жебірейіл бастаған бір топ періштенің Тәңірді ұлықтап, мінәжат етіп жатқанына куә болады:

– Ау, досым Жебірейіл, мұнда қайдан жүрсің? – десе, ол:

– Әлем жаралып, су аққалы осы мекенге келіп зікір айтып, құлшылық қыламыз, – депті. 

– Құлшылыққа сонша құмар қылатындай бұл жердің не қасиеті бар?

– Мұны Тәңір әлемінде «Мадина әл-Байза» немесе «Бозқала» деп атайды. Бұл мекенде Адам ата намаз оқыған. Тілегі қабыл болып құт дарыған киелі жердің бірі. Сайрамнан Құдайдың достары көп шығады. Мұнда 70 бас намаз оқылса, 70 жылдық құлшылықпен тең. Тәңірдің дидарын талап қылған шын ғашықтар мекені. Түркінің пірі – Әзірет Сұлтан да осы өңірде дүние есігін ашады, – деп ағынан жарылыпты періште.

Ұзын сөздің қысқасы, Ыдырыстың себепкерлігімен кейін Ақсу мен Бадам өзененің ортасынан 400 зәулім сарайлы, төрт қақпалы қамал тұрғызылады. Әр қақпаға алты қабат қарауыл-мұнара соғылып, әр жүз үйден соң құдық қазылады. Көп ұзамай, бұл мекен үлкен шаһарға айналып шыға келеді. Ыдырыс оған «Сайрам» деп ат қойыпты. «Сайрам» деген «тасты, тастақты жер» дегенді білдірген дейді.

Шаһарлы жер – патшалы жер! Алланың нәбилері ел билеп, таққа отырады. Ыдырыстың тұсында Сайрам әлемдегі ілімі озық ел болыпты. Әсілінде, Ыдырыс – «мұғалім» деген сөз екен. Ол да қалада 27 жыл патша болып, пайғамбарлық міндетін аяқтайды.

Бірақ бұл әлі соңы емес. Топан суда Нұх кемесі Қазығұртқа тоқтаған соң, «екінші Адам» атанған пайғамбар Ыдырыс соққан қаланы ол да іздейді. Сайрам топан суға қарқ болса да, үйлері мен сарайы құламапты. Бүкіл ғимарат саламат сақталыпты. Бұдан әрі Нұх та өмірінің соңғы күндерін осында өткізген. Оның үш баласы: Сам, Хам, Жаппас болса, алдыңғы екеуі жаңа мекен іздеп батысқа жол тартып, қарашаңырақта кенжесі қалады. Дәл осы жерін енді күнгей шежірешілері жақсы көреді. Сол Жаппастан түркі халықтары өсіп шыққан екен-міс. Түркілер Сайрамды кейде «Бозқала» немесе «Ақсукент» деп те атап жүреді. Сырттан келген саудагерлер «Испиджаб» дейтін болған. Мағынасы: «Екі өзеннің арасы» деген.

Қош, сөйтіп Сайрам – Қызырекең патша, Ұлықпан хәкіміміз уәзір болған ғана емес, Ыдырыс пайғамбар патшалық құрып, Жұмаққа кетер алдын өз миссиясын аяқтаған, кейін Нұх пайғамбардың өзі соңғы күндерін өткізген һәм қарашаңырағы қалған қала болып шықты.

Ұлыдалалық алтын-кенішін қаза берсек, таусылар түрі жоқ.

Осымен тоқтайық!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ,

«Шымкенттің жұмсақ күші» кітабының авторы

Таңбалар: ИсфиджабҚызырСайрам
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Махаббатқа толы жүрек

    36
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

    25
  • Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

    18
  • Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

    17
  • Отбасы – отанның тірегі

    16

Соңғы жарияланымдар

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?
Қоғам

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026
Әлеуметтік желі адастырмасын…
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желілердегі радикалды насихат: оны қалай танимыз?

18.09.2026
“Нұрсұлтан” мешітінде жұма уағызын айтты
Жаңалықтар

“Нұрсұлтан” мешітінде жұма уағызын айтты

18.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00