Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

25.08.2026
- Мемлекет және дін
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі жаһандану және ақпараттық кеңістіктің қарқынды дамуы жағдайында қоғамның, әсіресе жастардың түрлі идеологиялық ықпалдарға ұшырау қаупі артып отыр. Осындай жағдайда тарихи сана мен тарихи білімнің маңызы ерекше.

Тарих – өткен оқиғалардың жиынтығы ғана емес, халықтың тарихи жадын қалыптастыратын, ұлттық бірегейлігін нығайтатын және болашаққа бағыт-бағдар беретін рухани негіз. Сондықтан тарихи сананы қалыптастыруды діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алуға ықпал ететін маңызды ағартушылық тетіктердің бірі ретінде қарастыруға болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды», – деп атап көрсетті. Бұл тұжырым төл тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан, сонымен бірге тарихи деректерге сүйене отырып объективті зерделеудің маңызын аңғартады. Өйткені өз тарихын терең таныған қоғам ғана сырттан таңылатын идеологиялық тұжырымдарды саралап, ұлттық мүдде мен тарихи шындықтың ара-жігін ажырата алады.

Академик Ханкелді Әбжановтың «Тарихи сананың кемелдігі болашаққа берілген кепілдік, ал әлжуаздығы ұлттық қауіпсіздікке төнген қатермен пара-пар» деген тұжырымы да осы мәселенің өзектілігін айқындайды. Тарихи санасы қалыптасқан азамат өзінің кім екенін, қандай тарихи-мәдени ортадан шыққанын және қандай құндылықтарды сақтауы қажеттігін жақсы түсінеді. Ал тарихи білімнің жеткіліксіздігі жалған тарихи тұжырымдардың, сырттан таңылатын идеологиялық көзқарастардың ықпалына түсу қаупін күшейтуі мүмкін.

На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі

Өзге дінге құрметтің озық үлгісі

27.07.2026

Тарих ең алдымен ұлттық бірегейлікті қалыптастырады. Халық өзінің шығу тегін, мемлекеттілік дәстүрін, тілін, мәдениетін және тарихи тұлғаларын таныған сайын ортақ құндылықтар төңірегінде бірігеді. Сонымен қатар тарихи білім тәуелсіздік, аумақтық тұтастық, қоғамдық келісім, тіл мен мәдени мұра тәрізді ұлттық мүдделердің маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Тарихи жады осы құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.

Қазақтың тарихи жадын, шежіресін, этнографиясын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін тұтастықта қарастырған көрнекті ғалымдардың бірі – Ақселеу Сейдімбек. Оның «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақ әлемі: этномәдени пайымдау» еңбектерінде халықтың өткенін тануда жазба деректермен қатар шежіре, аңыз-әңгіме, фольклор, салт-дәстүр және халық жадында сақталған мәліметтердің маңызы көрсетіледі. Осы тұрғыдан салт-дәстүрді қарапайым тұрмыстық рәсімдер жиынтығы емес, халықтың ғасырлар бойғы тарихи тәжірибесі мен дүниетанымын сақтап келе жатқан мәдени жады ретінде бағалауға болады.

Тарихи сана мәселесі Қазақстандағы ислам тарихын түсіндіруде де ерекше маңызға ие. Кейбір жастар арасында исламның қазақ даласындағы тарихи тамыры туралы түсініктің жеткіліксіздігі байқалады. Соның салдарынан ислам қазақ қоғамына тек кейінгі кезеңде келген деген жаңсақ пікір қалыптасуы мүмкін. Алайда тарихи деректер исламның қазіргі Қазақстан аумағына VIII ғасырдан бастап тарала бастағанын, Қарахан мемлекеті дәуірінде оның қоғамдық және рухани ықпалының күшейгенін көрсетеді. Одан кейінгі ғасырларда ислам жергілікті түркілік және көшпелі мәдени ортамен өзара ықпалдастықта дамыды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Назира Нұртазина «Қазақы мұсылмандық дәстүрдің генезисі» атты монографиясында ислам мен қазақ мәдениетінің осы тарихи сабақтастығына назар аударады. Ислам қазақ қоғамына кейіннен қосылған, ұлттық мәдениетке мүлде жат құбылыс ретінде емес, бірнеше ғасырлық тарихи үдеріс барысында жергілікті мәдени ортамен ықпалдасқан рухани фактор ретінде қарастырылады. Ислам қазақ қоғамының дүниетанымына, этикалық құндылықтарына, білімі мен рухани өміріне елеулі әсер етті.

Сонымен бірге қазақ халқының бүкіл салт-дәстүрін тек исламнан бастау алады деп түсіндіру де тарихи тұрғыдан біржақты болар еді. Бұл мәселеге қазақ ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы да назар аударған. Оның қазақтың шығу тегін арабтармен байланыстыратын діни сипаттағы шежірелік пікірлерді сынаған:

«Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,

“Арабсың” деген сөздің түбі шірік.

“Пәленше сахабаның затысың” деп,

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік»

деген жолдары ерекше мәнге ие.

Бұл жерде Шәкәрім діннің өзін теріске шығарып отырған жоқ. Керісінше, дінді желеу етіп тарихи шындықты бұрмалауға қарсы пікір білдіреді. Өзі мұсылман ойшылы бола тұра, қазақтың этникалық шығу тегін діни беделге сүйеніп арабтармен байланыстыруды қабылдамай, халықтың тарихи тамырын түркілік негізден іздейді. Бұл – тарихи сана үшін маңызды ұстаным: діни сенім мен тарихи фактіні бір-бірімен шатастырмай, әрқайсысын өз деректері мен танымдық өлшемдері негізінде қарастыру қажет.

Қазақ мәдениетінің көптеген элементтері исламға дейінгі түркілік дүниетаным мен көшпелі өмір салтынан бастау алады. Сонымен бірге исламның қазақ даласында орнығуымен олардың бір бөлігі исламдық құндылықтармен сабақтасып, жаңа мазмұнмен толықты. Неке қию, жаназа және жерлеу рәсімдері, қайырымдылық жасау, үлкенді құрметтеу, жетім-жесірге қамқорлық көрсету тәрізді дәстүрлер мен құндылықтардан осы ұзақ тарихи ықпалдастықты көруге болады. Сондықтан қазақ қоғамындағы дін мен дәстүрдің қарым-қатынасын «бірі дұрыс, екіншісі қате» деген қарапайым қарама-қайшылықпен түсіндіру мүмкін емес. Ол – ғасырлар бойы қалыптасқан күрделі тарихи-мәдени үдеріс.

Осы тарихи сабақтастықты жастарға дұрыс түсіндіру діни экстремизмнің алдын алуда маңызды. Өз халқының тарихын, дәстүрлі мәдениетін және Қазақстандағы исламның даму жолын білетін жас дін мен ұлттық дәстүрді бір-біріне қарсы қоятын радикалды тұжырымдарға сын көзбен қарай алады. Шәкәрімнің мысалы көрсеткендей, діни ұстанымның болуы тарихи деректерге сыни көзқарастан бас тартуды білдірмейді. Керісінше, дінді белгілі бір топтың мүддесіне пайдаланып, тарихты бұрмалаудан ажырата білу қажет.

Дегенмен тарихи білімнің өзі экстремизмнен толық қорғайды деп айту дұрыс емес. Тиімді профилактика тарихи сауаттылықпен қатар сыни ойлауды, медиасауаттылықты, діни сауаттылықты және ақпараттың дереккөзін тексере білуді қажет етеді.

Қорыта айтқанда, тарихи сана – ұлттық бірегейлікті, мәдени мұраны және ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызды негіздерінің бірі. Ақселеу Сейдімбектің тарихи жадыға назар аударуы, Ханкелді Әбжановтың тарихи сананы ұлттық қауіпсіздікпен байланыстыруы, Назира Нұртазинаның ислам мен қазақ мәдениетінің сабақтастығын зерттеуі және Шәкәрім Құдайбердіұлының дінді желеу етіп халықтың шығу тарихын бұрмалауға қарсы ойлары бүгінгі қоғам үшін де өзекті. Өз тарихын білетін, тарихи деректерді сыни тұрғыдан саралайтын және дін мен ұлттық мәдениеттің ғасырлар бойғы сабақтастығын түсінетін ұрпақ радикалды идеологиялардың ықпалына анағұрлым төзімді болады. Сондықтан тарихи сананы қалыптастыру – өткенді танып-білудің ғана емес, қоғамның рухани қауіпсіздігін нығайтудың да маңызды шарты.

Жарқын ТҮСІПБЕКОВ,

мәдениеттанушы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі,

Қарағанды облысы

Таңбалар: басты тақырыптарихи санаэкстремизм
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет
Сұхбат

Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет

21.08.2026
Ағымдар ақиқаты

Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

14.08.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    29
  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    25
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    25
  • Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

    19
  • Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

    18

Соңғы жарияланымдар

Мемлекет және дін

Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

25.08.2026
Сұрақ-жауап

Дінді бұрмалаудың салдары не болмақ?

24.08.2026
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

24.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00