Жұма, 14 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

14.08.2026
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Діни лаңкестік – дінді сілтеме ретінде алып, өзінің заңдылығын діннен алатын терроризм түріне айналады. Діни терроризм, діни рәміздер мен құндылықтарды пайдалана отырып жергілікті саяси билікті тартып алудың және пайдаланудың барлық жолын қарастырады.

Зорлық-зомбылық дегеніміз – қарама-қайшы көзқарастағы адамдарды көндірудің орнына, дөрекілікпен немесе күш қолдану арқылы бірдеңе жасауға немесе белгілі бір идеяны қабылдауға мәжбүрлеу. Ал терроризм дегеніміз – қорқыту, қинау, күш қолдануды үйрету, адамдарды өлтіру, мал-мүлкін өртеу және тартып алу, адамдарды арандатып қоғам арасында бүлік шығару.

Терроризмнің зорлық-зомбылықтағы мақсаты, саяси билікті басып алу үшін жүйелі түрде қолдану деп айтуға болады. Ұйымшылдық пен сабақтастық – оның негізгі қағидалары. Терроризм деп сипатталатын зорлық-зомбылықта ешқандай ереже жоқ. Зорлық-зомбылық пен терроризмнің барлық түрі жаман, дінмен байланыстырып зорлық-зомбылық жасағаны ең сорақысы.

Адамзаттың болашағына қауіп төндірген терроризмнің қаупі тек Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Шын мәнінде зорлық-зомбылық пен терроризмнің жынысы, ұлты, діні, сенімі болмайды. Яғни, ешқандай дін зорлық-зомбылық пен терроризмді қолдамайды. Жер бетіндегі діндердің барлығы дерлік, адамдардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ізгілік пен әділеттілікке шақыру. Мәселе діндерде емес, дін ұстанушылардың түсінігінің таяздығында. Осы себепті жаһандық ауқымда діни терроризммен күресудің жолы ең алдымен діндер туралы нақты ақпаратқа байланысты.

Діни уағыз бен насихат айтудың айырмасы неде?

14.08.2026
Зайырлылық қағидаттары түсіндірілді

Зайырлылық қағидаттары түсіндірілді

14.08.2026

Алла тарапынан барлық дін адамдар үшін жіберілген және адамзаттың екі дүниесінде бақытты ғұмыр жолын көрсету мақсатында жіберілген дей аламыз. Иудаизм, христиандық, ислам, буддизм және индуизм сынды әлемдік діндердің ортақ моральдық қағидаларына қарайтын болсақ, барлығында адалдық, тазалық, мейірімділік пен жақсылық, үлкенді сыйлау және басқаларға зиян келтірмеу деп түйіндеуге болатынын көреміз. Барлық дінде адамды әділетсіз өлтіруге тыйым салынған. Сонымен қатар барлық діндер ұрлыққа қарсы және жалған куәлік беруді ешбір дін құптамайды. Бәріне ортақ осы негізгі қағидалар, дұрыс ақпаратпен атап көрсету адамдардың дін атын жамылып, басқа дін өкілдеріне жаман қараудан сақтайды.

Дәл осылай діндердің басқа дін өкілдеріне деген көзқарасын да салауатты түрде қайта енгізу қажет. Осы себепті де діндердің ортақ мақсаты адамдарды жамандықтан құтқару екенін негізге ала отырып, ең алдымен адамдық қасиетті жоғалтпау керектігін алға тартуға болады. Жаһандық зорлық-зомбылық пен терроризмнен құтылудың басты жолы – діндердің өзегіндегі ортақ құндылықтарын ауқымды әрі тиімді етуіне байланысты.

Екінші жағынан алғанда, діндер адамзаттың бейбіт өміріне үлес қосуы үшін жеке сананы тәрбиелеу өте маңызды. Діннің ең негізіне үңілер болсақ, жекелеген адамдарға бағытталған. Ислам дінін негізге алып ойлар болсақ, иман да, жауапкершілік те, құтқарылу да жеке адамға тікелей қатысты екенін көреміз. Исламға әр адам өз еркімен сенеді және сенуге мәжбүрлеуге болмайтынын айта аламыз. Сенім тікелей Алла мен адам арасындағы кеңістік, бұған ешкімнің араласуы мүмкін емес. Сондай-ақ исламда ешкім басқа біреудің күнәсін арқаламайды және басқа үшін жауапкершілікке тартылмайды. Сол сияқты жұмаққа немесе тозаққа бару әр адамның таңдауының нәтижесінде орын алады.

Әркімнің жұмаққа баруға құқығы бар. Әр адам жәннатқа лайықты болған кезде барады. Жәннатқа барғысы келген адам алдымен таухидке берік сенімде болуы керек, содан кейін тікелей жақсылық (игі істер) жасауы керек. Бұл шындық Құранда былай деп баяндалады: «Раббымыз – Алла деп, тура жолды ұстанғандарға еш қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды. Бұлар жәннат тұрғындары және олар жасаған жақсылықтары үшін сонда мәңгі қалады» (Ахқаф сүресі, 13-14 аяттар).

Зорлық-зомбылық пен лаңкестіктің түбінде жекелеген адамдардың санасының уланғанын байқаймыз. Міне, осы себептен, діндер зорлық-зомбылық пен терроризмді тию үшін адамдардың жеке түсінігіндегі діннің негізгі қағидаларын түсіндіру қажет. Яғни қандай жағдай болмасын өз еркіңмен басқаның жанына, мүлкіне және арына қол сұға алмайтынын насихаттау керек.

Қортындылайтын болсақ, барлық дін адамдардың бейбіт және тыныш өмір сүруі үшін жіберілгендіктен, оладың ортақ қағидалары, құндылықтары жаһандық зорлық-зомбылық пен терроризмге қарсы екенін білуіміз маңызды. Бұл арада дін ұстанушының жеке басына қатысты жасаған қателігін діннен туындамағанын айтуымыз және дінді қорғау арқылы жамандықтың қате екенін көрсету де маңызды.

Террорлық әрекет жазықсыз адамдардың өліміне әкеп соқтыратындықтан, ол кім, қандай мақсатта жасалса да, адамдық ар-намыспен үйлеспейтін әрекет екені белгілі және оны қатаң айыптау керек. Сонымен қатар кез келген дін ұстанушының қателігін дініне жатқызу – ең ауыр кедергілердің бірі. Барлық дін зорлық-зомбылық пен лаңкестікке қарсы екенін насихаттау арқылы адам санасына бағыт-бағдар бола алады деген сенімдемін.

Исатай БЕРДАЛИЕВ

 «Qamor-Astana» қоғамдық қорының теолог маманы, PhD

Таңбалар: зорлық-зомбылықтерроризмэкстремизм
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Беспокоит ли Вас лично проблема религиозного экстремизма и терроризма?
Ағымдар ақиқаты

Діни экстремизм дегеніміз не?

01.07.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді
Қоғам

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Әлеуметтік желіде біреудің айыбын ашу күнә ма?

    22
  • «Бауырын өзінен артық көргендер»

    17
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Толық адам» идеясы – мазмұны терең тұжырым

    15
  • Көне шаһардың келбеті өзгереді

    15
  • Ұлт руханиятының шамшырағы

    14

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Барлық дін терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы

14.08.2026
Сұрақ-жауап

Діни уағыз бен насихат айтудың айырмасы неде?

14.08.2026
Зайырлылық қағидаттары түсіндірілді
Жаңалықтар

Зайырлылық қағидаттары түсіндірілді

14.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00