Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндер диалогі – бейбітшілік көпірі

17.07.2025
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Таңдаулы
0
62
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі таңда дінаралық және конфессияаралық диалог тек рухани-адамгершілік мәселелерді ғана емес, сонымен қатар жаһандық бейбітшілік пен орнықты дамудың басты кілтіне айналып отыр. Қазақстан осы бағытта бірегей тәжірибе қалыптастырып, әлемдік қауымдастық алдында діни төзімділік пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсете білді.

Мемлекетіміздегі маңызды бастамалардың бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі. Бұл форум алғаш рет 2003 жылы өткізілген болатын және бүгінгі таңда жаһандық үнқатысудың тұрақты әрі беделді алаңына айналды. Бұл игі дәстүрді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табысты жалғастырып келеді.

2025 жылдың 17–18 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін VIII Съездің басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Бұл форум қазіргі әлемдік сын-қатерлерге берілетін ұжымдық жауапты көрсетіп, діндердің бейбітшілікті нығайтудағы әлеуетін ашуды мақсат етеді. Форум аясында дін көшбасшылары мен сарапшылар адамзаттың ортақ мәселелерін шешудегі діннің рөлін талқылайтын болады.

Панельдік сессиялар мынадай төрт өзекті тақырыпты қамтиды:

Дипломсыз медресе – дүбара дін

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026

«19 ғасыр: адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі»

«Дін – әлемнің орнықты дамуының факторы»

«Цифрлық даму және жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар»

«Дін – экстремизмге қарсы»

Бұл тақырыптар – қазіргі заманғы рухани көшбасшылардың алдағы онжылдыққа арналған бағыт-бағдарын белгілеп, адамзаттың рухани тұрақтылығы мен моральдық қағидаттарын сақтау жолын ұсынады.

VIII Съезге дайындық аясында 2024 жылдың 8–9 қазан күндері Съезд Хатшылығының XXII отырысы мен Жас діни лидерлер форумы өтті. Бұл жиында әлеуметтік теңсіздікті жою, экстремизммен күрес, дінді саясаттан аулақ ұстау, бейбітшілік жолдарын іздестіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар VIІ Съезде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланып, VIII Съездің мазмұны мен құрылымы, күн тәртібі нақты бекітілді.

Осы халықаралық бастаманың аясында өңірлік деңгейде де белсенді жұмыс жүргізілуде. Ақмола облысында конфессияаралық татулық пен қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтау бағытында Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті.

Облыстағы діни бірлестіктермен ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Ынтымақ» діни бірлестіктер жетекшілерінің жиналысы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жиналыс аясында мемлекеттік мерекелердің маңызы түсіндіріліп, әлеуметтік мәселелер талқыланады, сондай-ақ конфессияаралық келісімге үлес қосқан азаматтар марапатталады. Қазақта «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Бұл – түрлі діни сенім өкілдерінің бір мақсатқа жұмылып, қоғам тұрақтылығына қызмет етуінің айғағы.

Келісімді нығайту мақсатында экскурсиялар ұйымдастырылып, қатысушылар елорданың көрнекті орындарын, мешіт пен шіркеуді аралап, АЛЖИР мемориалды-мұражай кешенінде тарихи тағылым алды. Бұл – қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. «Ынтымақ – ел ырысы, бірлік – ел тірегі» деген дана сөз дәл осындай бастамалардың маңызын айшықтай түседі.

Сондай-ақ, жастармен арнайы кездесулер өткізіліп, оқу орындарында «Рухани келісім – бейбіт елдің негізі» тақырыбында дәрістер оқылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарында діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді.

Қазақстанның діндер үнқатысуын дамытудағы ұстанымы – бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген рухани дипломатия. Бұл саясат аймақтық қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге және ұлтаралық татулыққа серпін беруде. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі арқылы еліміз халықаралық деңгейде сенімді серіктеске айналды.

VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі – дін көшбасшылары мен қоғамның түрлі өкілдері арасында жаһандық диалог орнататын, ынтымақтастықты нығайтатын және адамзаттың ортақ болашағы үшін жауапкершілік жүктейтін тарихи алаң.

Ақмола облысы – осы стратегиялық бағыттың маңызды құрамдас бөлігі. Облыс аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктермен тығыз әріптестік орнатылып, өзара сенім мен құрметке негізделген орта қалыптасқан. Бұл – тек өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның болашағы үшін маңызды.

Б.ҚАСЕНОВ,

Ақмола облысы Дін істері 

басқармасының басшысы

Қайнар көзі: qazaquni.kz
Таңбалар: дін және мемлекетдінаралық диалогконфессияаралық келісім
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі
Сұхбат

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

25.04.2026
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді
Мемлекет және дін

Қазақстандағы дінаралық достық: бейбітшілік пен бірліктің үлгісі

24.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шыншыл достардың рухы бір

Жұмақтың өзі өлімді талап етеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123362 бөлісті
    Бөлісу 49345 Твитерге 30841
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00