Сенбі, 24 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лев Толстойдың рухани жаңалығы

01.12.2024
- Қоғам
0
69
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өмірдің мәні мен өмірдің өзі жайындағы зияткерлік теориялар арасындағы тартыстың ең жарқын және уәжді сипаттамасын атақты жазушы Лев Толстой қалдырды. Оның әлемдік мәдениет тарихына қосқан үлесі тек көркем әдебиет мұрасымен ғана шектелмейді. Толстой адамгершілік, сенім, өмірдің мәні, адамның жетілуі мәселелері жөнінде көп ойланған және кітаптарында, публицистикалық мақалаларында жарияланған осы ойларының әлем өркениетіндегі проекциясы оны өз заманының ең көрнекті және ерекше этик-ойшылдары мен философтарының қатарына қосты.

Өмірдің мәнін іздеу тарихын Толстой «Исповедь» кітабында сипаттаған. Ол жас кезінде Құдайға деген илаһи сенімін жоғалтқаннан кейін, ондаған жылдар бойы «мәңгілік» мәселелері жайын жылы жауып қойған. Егде тартқан жасында жағдай өзгерді. Толстой былай деп жазады: «Алдымен менде түсінбеушілік, өмірдің тоқтап қалғаны сияқты сәттер пайда бола бастады, қалай өмір сүретінімді, не істерімді білмедім, өз-өзімді жоғалттым және үмітсіздікке баттым. Бірақ бұл сәттер өтіп, мен қайта өмір сүруді жалғастыра бердім. Кейін бұл түсінбеушілік сәттер дәл сол қалыпта жиі-жиі қайталана бастады. Бұл өмір тоқтаулары әрқашан бірдей сұрақтармен білінетін: Не үшін? Ал содан кейін ше?».

Алдымен сұрақтар Толстойға мағынасыз болып көрінді, бірақ көп ұзамай, ол оларды шешпестен бірдеңе істеу де, абырой-атағымен айналысу да, ұлын өсіру де, кітап жазу да мүмкін еместігін түсінді. Ол кейіннен мұнысы туралы былай деп жазды:

«Жақсы, сен Гогольден, Пушкиннен, Шекспирден, Мольерден, әлемдегі барлық жазушылардан даңқты боласың – содан… Мен ешқандай жауап қайтара алмадым. Өмірім тоқтап қалды. Мен дем ала алдым, тамақтана алдым, іше алдым, ұйықтай алдым, сонымен қатар дем алмасқа да, тамақтанбасқа да, ішпеске де, ұйықтамасқа да болмады, бірақ өмір болмады, өйткені мен орындалуы ақылға қонымды деп санайтын қалаулар болмады».

Адам үшін ең құнды бес асыл

Адам үшін ең құнды бес асыл

22.05.2025
Ұрпақ тәрбиесі һәм ұлттық құндылық

Ұрпақ тәрбиесі һәм ұлттық құндылық

21.05.2025

Осылайша, оған өмірі мәнсіздікке айналады, бұл өз кезегінде өзіне қол жұмсау туралы ойларға жетелейді. Бұл ойларға берілмес үшін, Толстойға біраз күш-жігер мен айла-әдіс қажет болды. Бір қызығы, ол үлде мен бүлдеге бөленіп, өмірлік жетістік пен бақыт аясында болды. Яғни, граф Толстой әлі 50 жасқа толмаған, мықты денсаулығы бар, физикалық жағдайы зор және зияткерлік қабілетті еді, жақсы отбасы, үлкен мүлкі, байып келе жатқан жағдайы, жақындары мен таныстарының арасында беделі, атағы және жазушылық даңқы болды.

Кітаптардан, әңгімелерден және басқа дереккөздерден жауап іздеу Толстойды мынадай қорытындыға әкелді: білім көмектеспейді, сенім көмектеседі. Бірақ жақында ғана сенімге байланысты барлық нәрселер оған мағынасыз болып көрінген еді…

Сонымен Толстой ең басты нәрсені түсінеді. Онысын былай тұжырды:

«Мен адасқанымды және қалай адасқанымды түсіндім. Мен дұрыс емес ойлағандықтан емес, дұрыс өмір сүрмегендіктен адастым… «Менің өмірім не?» деген сұрақтың жауабы зұлымдық екенінің растығын түсіндім. Тек маған қатысты жауапты жалпы өмірге қолданғаным ғана дұрыс емес еді: өзімнен «өмірім не?» деп сұрағанда, «зұлымдық пен мәнсіздік» деген жауап алдым… Мен өмірдің мәнін түсіну үшін, ең алдымен, өмір мәнсіз және зұлымдыққа толы болмауы қажеттігін, сосын барып, оны түсіну үшін ақыл керектігін түсіндім».

Лев Толстойдың ұлы психологиялық жаңалығы өмірдің мәнін түсінудегі жаңа кезеңнің басталуын білдірді. Бұл жаңалық екі негізгі ойдан тұрды: Бірінші: барлығына бір жауап табуға тырысып, өмірдің мәні туралы сұрақ қоюдың пайдасы жоқ. Сіз тек өз өміріңіздің ерекше мағынасы туралы ойлана аласыз, ал басқалардың өмірінің мәні өзгеше болады. Екінші: өмірдің мәнін іздеу тапқырлыққа, ақыл-ой немесе оқымыстылыққа қатысты  мәселе емес, ол «ойда» шешілмейді. Өмірдің мәні бар екенін сезінердей өмір сүру және өз өмірің арқылы осы мәнді дәлелдеу қажет. Сайып келгенде, «өміріміздің мәні не» деп қойған сұрағымызға біреу жауап береді деген сенім қате. Біз емес, өмірдің өзі бұл мәселені алдымызға қояды. Біз оған жауап беруге тырысамыз, әрқайсысы өздігінше, сөзбен емес, іс-әрекетпен. Адамның тек қалай өмір сүретінін көріп, бағалай отырып қана, сіз оның өмірінің мәнін көріп, бағалай аласыз.

Толстойдың жаңалығы XIX ғасырдың соңында пайда болған өмірдің мәнін тануға деген көзқарастың түбегейлі өзгеруімен таңқаларлықтай сәйкес келді. Нәтижесінде ғасырлар тоғысында бұл мәселені зерттеу бастамасын психологтар – философтар мен теологтарды ығыстырып, өз қолдарына алды. Шамасы, ұлы жазушы басқалардан бұрын уақыт үрдісін байқаған. ХХ ғасырда зерттеушілерді бірінші кезекте жалпы заңға бағынуға келмейтін жеке тұлға, даралық, жеке тұлға мен қоғамның қарым-қатынасы, сондай-ақ бір жағынан ақыл мен сананың, екінші жағынан адамның нақты қозғаушы күштерінің, оның іс-әрекеттерінің сәйкес келмеу мәселелері қызықтырғаны кездейсоқ емес. Сондықтан өмірдің мәні туралы мәселелерді талқылау жалпы заңдылықтар туралы абстрактілі пайымдауларынан белгілі бір адамның өмірдің мәнін қалай табуға тырысатынын және егер ол сәтсіз болса, не болатынын талдауға көшті. Оның данышпандығы да осы болды.

Мәдениеттанушы, философ

Абылайхан Қалназаров

Таңбалар: Лев ТолстойӨміррух
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақ неліктен «Шыбын жан» деп айтады?
Сұрақ-жауап

Исламда «жан» туралы не айтылған?

21.05.2025
Мұсылман адам үшін өмірдің мәні неде?
Қоғам

Мартин Иден синдромы

01.12.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сүннет пен Үмбет

Сүннет пен Үмбет

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76847 бөлісті
    Бөлісу 30739 Твитерге 19212
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2494 бөлісті
    Бөлісу 998 Твитерге 624
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2725 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00