Дүйсенбі, 9 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бұл да бір күні өтеді…»

24.09.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
66
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір жолаушының жолы шалғайда жатқан табиғаты тартымды бір ауылға түседі. Ол ауыл тұрғындарынан:

– Құдайы қонақты қабылдап, үйіне қонақ ететін біреу бар ма? – деп сұрайды.

Ауыл адамдары оған:

–  Сізге тек Сүлеймен есімді шаруа көмектесе алады. Сол кісінің үйіне барыңыз, – дейді.

Можно ли два раза читать фарз намаз?

Мешітте қарапайым намазхан имамдыққа шыға ала ма?

08.11.2026
Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

08.11.2026

Жолаушы жолай тағы бірнеше ауыл тұрғынымен әңгімелесіп, Сүлейменнің осы өңірдегі ең бай адамдардың бірі екенін біледі. Сонымен қатар, Хасан есімді тағы бір бай шаруа бар екенін естиді.

Ақыры жолаушы Сүлейменнің үйіне жетеді. Ауылдастары айтқандай, Сүлеймен оны құшақ жая қарсы алып, барынша жақсы қонақжайлылық көрсетеді. Жолаушы сол үйде дәм татып, тынығып, біраз уақыт қонақ болады.

Жолға қайта шығар алдында ол Сүлеймен мен оның отбасына алғысын айтып:

– Осыншама нығметке бөленіп, дәулетті болғаныңа әрдайым Құдайға шүкір етуің керек, – дейді.

Сүлеймен жолаушыға қарап:

– Байлық дегенің не тәйірі? Бұл дүниеде еш нәрсе сол қалпында мәңгі тұрмайды. Кейде шындық көзге көрінгендей бола бермейді. Бұл да бір күні өтеді… – дейді.

Жолаушы Сүлейменнің осы сөзін ұзақ уақыт ойлап жүреді. Арада бірнеше жыл өтеді. Бір күні жолаушының жолы қайтадан сол ауылға түседі. Бұрыңғы Сүлейменнің үйіне барып, бұрынғыдай жақсы қонақ боламын, деп ойлайды.

Ауыл тұрғындарымен сөйлесе келе, Сүлейменнің жағдайы күрт төмендеп, кедейленіп қалғанын және қазір Хасанның қолында жұмыс істеп жүргенін біледі.

Жолаушы Сүлейменнің жағдайын білгісі келіп, Хасанның қожалығына барады. Ол жерден Сүлейменді ескі-құсқы киім киген, бұрынғыдан біраз қартайған күйде көреді.

– Қалайша мұндай жағдайға түстің? Неге енді қызметші болып жүрсің? – деп сұрайды.

Сүлеймен болған жайды баяндап береді:

– Бір күні қатты сел болып, бүкіл қожалығымды шайып кетті. Малдарымның бәрі қырылып, егістік жерлерім жарамсыз болып қалды. Амалсыздан, селден аман қалған әрі дәулеті бұрынғыдан да артқан Хасанның қасына жұмысқа тұруға тура келді, – дейді. Жолаушы Сүлейменнің басына түскен жағдайға қатты уайымдайды. Алайда Сүлеймен жолаушыны құр қол жібермей, қарапайым ғана үйіне қонақ етеді. Бар болғаны азын-аулақ асын бөліп, қонағын шын ықыласымен күтеді. Жолаушы қоштасар кезде:

– Басыңа түскен жағдайға қатты қайғырдым. Бұрынғы дәулетіңнен айырылып, осындай күйге түскенің өкінішті, – дейді.

Сонда Сүлеймен сабырлы қалпын сақтап:

– Уайымдамаңыз… Ұмытпаңыз, бұл да бір күні өтеді… – деп жауап береді.

Арада тағы да талай жыл өтеді. Жолаушының жолы тағы да сол өңірге түсіп, ескі досы Сүлейменді іздеп барады. Ол кезде Хасан дүниеден өткен еді. Оның артында бала-шағасы болмағандықтан, бар байлығы мен дүние-мүлкін өзінің ең адал қызметшісі әрі ескі досы Сүлейменге қалдырған екен. Сүлеймен енді Хасанның үлкен сарайында тұрып жатты. Кең-байтақ жері, мыңдаған малы бар, қайтадан сол өңірдегі ең дәулетті адамдардың біріне айналған еді. Жолаушы ескі досының жағдайының түзелгеніне шын жүректен қуанып:

– Сені осындай жақсы жағдайда көргеніме өте қуаныштымын! – дейді.

Сүлеймен оған баяғы сабырлы қалпымен тағы да:

– Бұл да бір күні өтеді… – деп жауап береді.

Арада тағы бірнеше жыл өтеді. Жолаушы Сүлейменді іздеп, ауылға қайта келеді. Ауыл тұрғындары оған бір төбені көрсетеді. Төбенің басында Сүлейменнің денесі жерленген қабірі бар екен. Құлпытасында: «Бұл да бір күні өтеді…» – деген жалғыз ғана сөз жазылыпты.

Жолаушы мұны көріп, қатты қайғырады. «Я, Алла! Өлімнің өзі қалай өтпек?» – деп ойлайды да, үнсіз кері қайтады.

Келесі жылы жолаушы Сүлейменнің қабіріне зиярат ету үшін тағы келеді. Алайда төбенің орнында да, қабірдің орнында да ештеңе қалмағанын көреді.

Қатты сел жүріп, бүкіл төбені шайып кеткен екен. Сүлейменнің қабірінен де ешқандай із қалмапты.

Сол жылдары елдің сұлтаны өзіне ерекше бір жүзік жасатқысы келеді. Ол жүзік сондай болуы керек еді: сұлтан қайғырғанда оған үміт сыйласын, ал қуанғанда сол қуаныштың масайрауына беріліп кетуден сақтасын. Алайда ешбір зергер сұлтанның талабына сай жүзік жасай алмайды.

Сұлтанның бас зергері жолаушының ескі досы еді. Ол жолаушыдан көмек сұрайды.Жолаушы оған қандай жүзік жасау керектігін айтып береді. Зергер жүзікті жасап, сұлтанға ұсынады. Жүзік өте қарапайым еді. Сұлтан оны қолына алып, мұқият қарайды. Кенет көзі жүзіктегі жазуға түседі.

Ол жазуды ұзақ ойланып оқиды. Содан кейін жүзінен нұр ойнап, көңілі жадырап сала береді. Сұлтан дәл өзі қалаған жүзіктің жасалғанын түсінеді.

Ал жүзіктің бетінде «Бұл да бір күні өтеді…» сөзі жазылған еді.

Өмір ағынды су секілді…

Байлық пен береке келгенде – шүкір ет.

Кедейлік пен қиындық келгенде – үмітіңді үзбе.

Қуаныш та, қайғы да, байлық та, жоқшылық та, билік те, әлсіздік те – бәрі өткінші.

Бұл да бір күні өтеді… Өмірдің әрбір күйі уақытша: қуанышқа мастанба, қиындыққа мойыма. Байлық та, жоқшылық та, қуаныш та, қайғы да өтеді; ал адамға қалатыны – сабыр, шүкір және Аллаға деген сенім. Ертеңнің сырын бір Алла ғана біледі.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: жалғанжолаушыӨмір
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…
Ғибратты әңгімелер

Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

20.09.2026
Ал сіз әлемге не бердіңіз?
Ғибратты әңгімелер

Менің ең шынайы достарым

13.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Кешірімнің қарымы

    18
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    18
  • Британдық жазушы әрі зерттеуші Ник Филдинг «Ботай» музей-қорығын тамашалады

    16
  • Атырау: Экстремистік топ құрғандар ұсталды

    15
  • Ақиқатқа да араша керек

    14

Соңғы жарияланымдар

Жан мен тән тазалығы: қайсысы маңыздырақ?
Сұрақ-жауап

Исламда жан тазалығының орны қандай?

09.11.2026
Можно ли два раза читать фарз намаз?
Сұрақ-жауап

Мешітте қарапайым намазхан имамдыққа шыға ала ма?

08.11.2026
Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр
Жаңалықтар

Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

08.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00