Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarapshy» медиажобасының екінші тәжірибелік оқу модулін өткізді.
Жобаға қоғамдық даму, әлеуметтік қатынастар, мәдениет және ақпарат салаларында тәжірибесі бар 25 маман қатысып жатыр.
Жоба бойынша әділдік, ізгілік, сенім, сыйластық пен жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық әдепті орнықтыруға басымдық беріледі. Аталған құндылықтар елдегі келісімді нығайтып, Қазақстанның орнықты дамуына ықпал етеді.
Екінші модульде сарапшылардың қоғам алдындағы және құқықтық жауапкершілігі сөз болды. Қатысушылар ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау, кәсіби білікке сай пікір білдіру және аудиториямен байланыс орнату мәселелерін талқылады.
Жобаның негізгі мақсаты – сарапшылардың білігін арттыру, қоғамдық үдерістерді терең талдау, зерттеу нәтижелерін көпшілікке түсінікті жеткізетін кәсіби орта қалыптастыру.





