Сенбі, 17 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

eGOV атынан жасалатын алаяқтық

17.10.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Сурет: azattyq-ruhy.kz

0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде халықтың цифрлық сауатын арт­тыру бағытында көп жұмыс атқа­рылып жатыр. Алайда интернетті торуылдаған алаяқтар да қолды қалтаға салып жүрген жоқ. Олар өздеріне қарсы қойылған тосқауылдар мен кедергілерді айналып өтетін алаяқтықтың қи­тұр­қы түрлерін ойлап тауып, елді таң­ғалдырудан жалығар емес.

Бас прокуратура сондай жаңа тәсілдің тағы бірі пайда болғаны туралы халықты құлағдар етті. Қаскөйлер енді адамдарға өздерін eGov порталының қызметкеріміз деп хабарласа бас­тапты. Кейінгі бір айдың ішінде осындай 30-ға жуық дерек тіркеліп үлгерген.

Құқық қорғау органдарының мәліметін­ше, кейінгі бір жылда интернет-алаяқтығы қыл­мыстарының саны 14,8 пайызға төмендеген. Нақты сандарға жүгінсек, 17,2 мыңнан 14,6 мыңға дейін азайыпты. Бірақ сан азайғанымен, қылмыскерлердің «фантазиясы» уақыт өткен сайын түрленіп келеді.

Бұрын банк қызметкері болып хабарласатын алаяқтар адамдарға олардың атынан несие рәсімделіп жатқанын айтып қорқытатын болса, енді eGov қызметкері болып телефон шалатындар «Сіздің атыңыздан ЭЦҚ рәсімделіп жатыр» деген секілді жалған ақпарат береді екен. Одан кейін әңгімеге қылмыскердің сыбайластары қосылып, заңсыз әрекеттің алдын алу керек деген сылтаумен жәбірленуші­лер­ді өздері көрсеткен шоттарға ақша аударуға көндіреді.

Ордалы жыланның алтыны туралы хикая

Ордалы жыланның алтыны туралы хикая

16.10.2026
19 ел Колумбияның өз елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады

19 ел Колумбияның өз елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады

16.10.2026

Сондай бір оқиға Тараз қаласында тіркелді. Жергілікті тұрғынға белгісіз бір адам қоңырау шалып, өзін eGov қызметкері ретінде таныс­тырып, оның атына ЭЦҚ шығарылғанын хабарлаған. Кейін WhatsApp арқылы басқа адамдар байланысып, оның атына жеті банк­тен несие рәсімделгенін айтқан. Алаяқтардың арбауына түскен әйел көмек береміз деген үшінші тұлғалардың «қауіпсіз» шотына 2 млн теңгеден астам қаражатын аударып жіберген. Осы дерек бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура азаматтарды әрдайым сақ болуға шақырады. Мемлекеттік органдар мен сервистердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды, несие рәсімдеуді немесе «қауіпсіз шоттарға» қаражат жіберуді талап етпейді. Бөгде адамдарға SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталары мен ЭЦҚ деректерін беру, сондай-ақ белгісіз біреулердің нұсқауымен айтылған шотқа ақша аудару – өзіңізді тақырға отырғызумен тең. Күдікті қоңырау түскен бойда әңгімені дереу тоқтатып, тиісті мемлекеттік органға немесе банкке ресми байланыс арналары арқылы хабарласу қажет.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: eGOVалаяқтыққылмыс
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Алаяқтық колл-орталықтардың әрекетінің жолы кесілді
Жаңалықтар

Алаяқтық колл-орталықтардың әрекетінің жолы кесілді

01.08.2026
Алаяқтар азаматтарды қылмысқа қалай тартады?
Жаңалықтар

Алаяқтар азаматтарды қылмысқа қалай тартады?

18.07.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

    Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

    61
  • Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

    37
  • Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

    37
  • Діни алауыздық тудыратын экстремистік идеологияның түрлері қандай?

    32
  • Шапалақтың ғибраты

    32

Соңғы жарияланымдар

eGOV атынан жасалатын алаяқтық
Қоғам

eGOV атынан жасалатын алаяқтық

17.10.2026
Ордалы жыланның алтыны туралы хикая
Қоғам

Ордалы жыланның алтыны туралы хикая

16.10.2026
19 ел Колумбияның өз елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Жаңалықтар

19 ел Колумбияның өз елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады

16.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00