Жұма, 27 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

27.11.2026
- Сұхбат, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Әзербайжандағы қазіргі кітап оқу мәдениетін қалай бағалайсыз? Қоғамның қызығушылығы қандай деңгейде?

– Әзербайжанда кітап оқу мәде­ниеті, әсіресе, жастар арасында дамып келеді. Мұны кітап жәрмеңкелерінен, оқырмандармен кездесулерден байқаймын. Кейінгі жылдары оқуға қызығушылық сапалық та, сандық та тұрғыдан өскенін байқап жүрмін. Оқырмандар саны да арта түскендей. Дегенмен кітап сатып алу мен оны оқу арасында үлкен айырмашылық бар. Психолог ретінде айтатыным, адамдар ақпаратты бұрынғыдан әлдеқайда көп алады, бірақ терең ойлануға уақыт жұмсамайды. Бізге жай ғана көп оқырман емес, терең ойлайтын оқырмандар қажет.

– Цифрлық технологиялар, әлеуметтік желілер мен жасанды интеллект дәуірінде дәстүрлі кітаптың орны қандай?

– Технология баспадан шыққан кітаптарды ығыстырады деп ойламаймын. Негізгі мәселе технологияда емес, адамның зейінін шоғырландыра білу қабілетінде. Әлеуметтік желілер жыл­дам ақпарат береді. Жасанды ин­тел­лект тез жауап ұсынады. Ал әде­биет ойлануға, қиялдауға үйре­теді. Тех­­нология ақпарат алмасуды жыл­дам­датады. Ал кітап ойлау қабіле­тімізді тереңдетеді. Бізге осы екеуі де қажет.

Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі

Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі

27.11.2026
IT мамандармен кездесу өтті

IT мамандармен кездесу өтті

27.11.2026

– Сіздерде жастар арасында кітап оқу дағдысын қалыптастыру немесе насихаттау бағытында қандай жұмыс атқарылып жатыр?

– Балаларға арналған кітап жәр­мең­келерін, кітап оқу сағатта­рын ұйымдастырамыз, жазушылар­мен кездесулер өткіземіз. Тіпті балабақ­шаларда ата-аналармен де жүздесеміз. Кітап оқуға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Шалғай ауылдарға да барып кітапханалар ашуға көмек­тесеміз, көшпелі кітапханалар ұйым­дастырамыз, мүмкіндігі шектеулі балаларға кітаптар жеткіземіз. Осындай көптеген іс-шараға қатыстым. Балалардың қуанышын көру ерекше әсер сыйлайды.

Ұлттық тәрбиенің өзегі – көркем әдебиетОқи отырыңызҰлттық тәрбиенің өзегі – көркем әдебиет

Ата-аналар балаларына кітап сатып әперіп, үйде оқуына жағдай жасауы керек. Бала кезімде үйде шағын кітап сөресі болғаны есімде. Күнде көзіме түсіп жүрген кітаптар санамда ерекше бір сезім қалыптастырды. Осылайша, сүйіспеншілік оянды. Кейде бала кітап оқуды бастамай тұрып-ақ оған ғашық болып үлгереді. Әрине, бұл бағытта мемлекет, мектептер, кітапханалар мен мәдени ұйымдардың бәріне маңызды міндет жүктеледі. Біз балаларды кітап әлеміне жақындатуымыз қажет.

– Оқитын һәм оқымайтын қоғам­ның айырмашылығы неде?

– Кітап оқу бізге әртүрлі көзқарасты түсінуге, ақпаратқа күмәнмен қарап, оны саралауға, өзге адамдардың сезі­мін түсінуге көмектеседі. Жазушы һәм пси­холог ретінде айтарым, көр­кем әдебиет адамның эмпатия қабі­летін де дамытады. Роман оқыған кезде басқа адамның өмірін бас­тан кеш­кендей боламыз. Әлемге өзгенің кө­зімен қарауды үйренеміз. Алайда кітап оқу жеке адамға ғана емес, ұлттың болашағына қажет. Кітап оқу мәдениеті қалыптасқан қоғамда сыни ойлау, шығармашылық қабілет пен жаңа идеялардың даму мүмкіндігі жоғары. Ал бұлар ғылым, білім, экономиканың дамуы үшін аса маңызды. Елдің ең үлкен байлығы тек табиғи ресурсы десек, қателесеміз. Елдің ең үлкен байлығы – адамдарының ақыл-ойы. Ал кітап сол ақыл-ойды дамытады.

– Елдің экономикалық дамуы мен мәдени өркендеуі қаншалықты тығыз байланысты? Мәдениетке инвестиция салу ұлттың болашағына инвестиция салу деген пікірмен келісесіз бе?

– Экономикалық даму мен мәде­ниет өзара тығыз байланысты екеніне кәміл сенемін. Елге сапалы жолдар, заманауи ғимараттар мен табыс­ты кәсіпорындар қажет. Сонымен қатар білімді, шығармашыл әрі терең ойлай­тын адамдар керек. Тарихқа көз жү­гіртсек, ұлы өркениеттің бар­лығы білімге, ғылымға немесе әде­биетке инвестиция салғанын көре­міз. Сондай-ақ кітаптың бизнес еке­нін де ұмытпауымыз керек. Кі­тап нарығы дамып, баспа ісіне көбі­рек қаржы бөлінген ­са­йын баспалардың мүмкіндігі артады. Бұл кәсіби редакторларға, талантты жазушыларға және сапалы кітаптардың жарық көруіне жол ашады. Ұлттық әдебиеттің халықаралық оқырманға жетуіне мүмкіндік береді. Меніңше, мұнда тағы бір маңызды мәселе бар. Кітап оқу мәдениеті әрдайым ақшаға тәуелді емес. Әрине, адамның табысы артқан сайын мүмкіндігі де көбейеді. Алайда адам кітап оқуды шын қажетсінсе, табысы шектеулі болса да, оқуға тырысады. Демек, экономикалық өсім кітап ­индустриясын қолдауы мүмкін, бірақ оқуға деген сүйіспеншілік одан әлдеқайда тереңнен бастау алады. Ақша адамға кітап сатып алуға көмектеседі. Бірақ ол адамды кітапты сүюге мәжбүрлей алмайды. Қысқасы, экономикалық даму елді байытады, ал мәдени даму кемелдендіреді.

– Ұлттық мәдениет пен әдебиетті халықаралық деңгейде таныту бағытында еліңізде қандай жұмыс атқарылып жатыр?

– Мемлекет халықаралық кітап жәрмеңкелеріне қатысуға қолдау көрсетеді, жазушылардың мәдени іс-шараларға баруына, кітаптарды шетел тіліне аударып, басып шығаруға көмектеседі. Бұл істе жазушылар мен баспагерлердің де рөлі өте маңызды. Көптеген қаламгер шығармаларын халықаралық оқырманға таныту мақсатында өз бетінше еңбек етеді. Мысалы, менің туындыларым 19-дан астам тілге аударылып, әлемнің 20-дан астам елінде жарық көрді. Кейбірі әртүрлі елде бестселлер қатарына да енді. Адамдардың тілі, діні мен мәдениеті әртүрлі болғанымен, ең терең сезімдері көбіне бір-біріне ұқсас келеді. Меніңше, әдебиет – елді әлемге танытудың ең тиімді жолдарының бірі. Кейде бір ғана кітап тұтас бір ұлттың тарихын мыңдаған баяндамадан әлдеқайда жақсы жеткізеді.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыруға ерекше маңыз берді. Біздің елдегі «Оқитын ұлт» бастамасына көз­қарасыңыз қандай?

– Қазақ халқы қашанда әдебиетті, кітапты, терең ойлауды жоғары бағалаған. Мысалы, XIX ғасырда өмір сүрген ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының «Қарасөздері» білім, даналық және адамгершілік құндылықтар туралы сыр шертеді. Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопеясы қазақ мәдениетін әлем­ге танытты. Меніңше, Президент Тоқаевтың «Оқитын ұлт» бастамасы – маңызды қадам. Бұл жоба Қазақ­станның қалыптасқан мәдени және интеллектуалдық әлеуетін одан әрі дамытады деп ойлаймын. Жас жазушыларды қолдау, қаламгерлер шығармаларын өзге тілдерге аудару арқылы әлдеқайда көп жұмыс атқаруға болады.

– Кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға байланысты тағы не айтар едіңіз?

– Біріншіден, мектептерде күн ­са­йын оқушылардың өз қалауымен кітап оқуына 15–20 минут уақыт бөлінуі керек. Сонымен қатар кітапханаларды заманауи, тартымды әрі баршаға қолжетімді ету қажет. Адамдар кітапты кітапханалар мен кітап дүкендерінен ғана емес, теледидар мен әлеуметтік желілерден де көруге тиіс. Үкіметтің кітапты насихаттау мен жарнамалауға қаржылай қолдау көрсетуі маңызды. Танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өнерпаздар да кітап оқуды насихаттауға атсалысса, құба-құп. Сол арқылы олар мил­лиондаған адамға, әсіресе жастарға үлгі бола алады. Мектептерде, жоғары оқу орындарында, мәдени орталықтарда кітап жәрмеңкелерін көбірек ұйымдастырғанның пайдасы мол. Әзербайжанда оның оң нәтижесін көріп отырмыз.

Ең маңызды мәселе – ата-аналардың өздері де кітап оқуы. Өйткені балалар үлкендердің айтқанынан гөрі, олардың істегеніне көбірек еліктейді. Тоқетері – кітап күнделікті өміріміздің табиғи бөлігіне айналуы керек. Біз кітап оқуды пайдалы ғана емес, тартымды әрі сәнді құбылысқа айналдыруымыз қажет.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

Таңбалар: әдебиетӘзербайжан
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды

14.11.2026
Бакуде «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Бакуде «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылды

01.10.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • «Жалғыз қалмау үшін» біреуден бала туып алса бола ма?

    Үй шаруасы әйелдің міндеті ме?

    29
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бастамаларын іске асыру мәселелері талқыланды

    29
  • Діни мәтінді дұрыс түсінген абзал

    28
  • Медреселер не үшін қажет?

    28
  • Ислам ғұламалары арасында «иман» етудің айырмашылығы бар ма?

    28

Соңғы жарияланымдар

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы
Сұхбат

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

27.11.2026
Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі

27.11.2026
IT мамандармен кездесу өтті
Жаңалықтар

IT мамандармен кездесу өтті

27.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00