Жұма, 27 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі

27.11.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
18
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елордада аға буын өкілдері мен жастардың басын қосқан «Елу жылда ел жаңа» тақырыбында ашық алаң форматындағы телекөпір-пікірталас өтті. Тағылымды кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, өмірлік тәжірибе мен жастардың заманауи көзқарастарын тоғыстыруға арналды.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Есіл ауданы бойынша бөлімінің «Сыр сандық» зияткерлік клубының мүшелері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасының студенттері, Жоғары медициналық колледжінің білім алушылары, сондай-ақ №97 мектеп-гимназиясының 9–10-сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар «Елу жылда ел жаңа» деген халық даналығының мән-мағынасына терең үңіліп, оның тарихи, тілдік және философиялық астарын талқылады. Уақыт ағымына қарай қоғамның, мәдениеттің және өмір салтының өзгеруі, дәуір алмасуы мен жаңару үдерістері жөнінде ой қозғады. Ұлттық сөз өнері мен ауыз әдебиетіндегі тағылымды нақылдар мен ұлағатты сөздер де пікірталасқа арқау болды.

Сонымен қатар қоғамның жаңғыруы, ел болашағындағы жастардың рөлі, сапалы білім алу, отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау және заманауи үрдістерге бейімделу мәселелері кеңінен сөз болды. Әсіресе шетелде жүрген қазақ жастары, олардың ұлттық болмысы мен туған елмен байланысы туралы пікірлер ортаға салынды.

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

27.11.2026
IT мамандармен кездесу өтті

IT мамандармен кездесу өтті

27.11.2026

Жастар аға буын өкілдеріне көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өмірлік тәжірибелеріне құлақ түрді. Ал әжелер қауымы өздерінің көрген-түйгендерімен бөлісіп, бүгінгі қоғамдағы өзгерістерге қатысты ойларын жеткізді. Ашық пікір алмасу барысында әр буынның өзіндік көзқарасы мен ұстанымы көрініс тапты.

«Бүгін ұрпақтар сабақтастығы аясында тамаша тағылымды кеш өтті. Студент жастар ұлттық салт-дәстүр, шетелде жүрген қазақтар, сапалы білім алу мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді. Ал әжелеріміз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу нағыз ашық диалог алаңына айналды. Мұндай басқосулардың маңызы зор деп есептеймін», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жанар Есенаманова.

Тағылымды кездесу аға буынның өнегесін жастарға жеткізіп қана қоймай, жас ұрпақтың тың ойлары мен бастамаларына да жол ашты. Өйткені қоғам жаңарғанымен, ұрпақтар арасындағы сыйластық, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастық ешқашан өз маңызын жоғалтпайды.

Таңбалар: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығыұрпақтар сабақтастығы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты
Жаңалықтар

Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты

12.11.2026
Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті
Жаңалықтар

Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті

19.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • «Жалғыз қалмау үшін» біреуден бала туып алса бола ма?

    Үй шаруасы әйелдің міндеті ме?

    29
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бастамаларын іске асыру мәселелері талқыланды

    29
  • Діни мәтінді дұрыс түсінген абзал

    28
  • Медреселер не үшін қажет?

    27
  • Ислам ғұламалары арасында «иман» етудің айырмашылығы бар ма?

    27

Соңғы жарияланымдар

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы
Сұхбат

Ровшан Абдуллаоғлы: Әдебиет – халықты танытудың ең тиімді жолы

27.11.2026
Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы – өркендеу негізі

27.11.2026
IT мамандармен кездесу өтті
Жаңалықтар

IT мамандармен кездесу өтті

27.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00