Жұма, 13 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты

12.11.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
29
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

11 қарашада Астана қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігіне қарасты бірқатар құрылымдардың өкілдері елордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысымен танысты.

Қырғызстандық делегация құрамында министрліктің мүгедектігі бар адамдар және егде жастағы азаматтар мәселелері жөніндегі басқармасының мамандары, медициналық-әлеуметтік сараптама орталығының, оңалту мекемелерінің және әлеуметтік стационарлық ұйымдардың басшылары болды.

Тағылымды кездесу аясында делегация мүшелері Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Сарайшық» ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағыттарымен және егде жастағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен танысты.

Қонақтарға орталықтың негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар көрсетілді. Әсіресе, аға буын өкілдерінің өмір сапасын жақсартуға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және салауатты қартаюына жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды

IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды

13.11.2026

Арабша сөздерді қолдану тақуалықты білдіре ме?

13.11.2026

Кездесу барысында Қырғыз Республикасынан келген делегация өкілдеріне Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысы жан-жақты таныстырылды. Таныстыру шарасы орталықтың ресепшн бөлімінен басталып, зейнеткерлерді тіркеу тәртібі, күнделікті қабылдау үдерісі мен көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат берілді. Одан кейін қонақтар сауықтыру және спорттық үйірмелердің жұмысын тамашалады.

Кездесуге Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы қатысты. Тараптар әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімді тәсілдері, егде жастағы азаматтарды қолдау, белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік жобаларды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Тәжірибе алмасу – әлеуметтік қызмет сапасын арттырудың маңызды тетігі. Бұл сапар – екі ел арасындағы әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты нығайтып, озық тәжірибелермен бөлісуге жол ашатын маңызды кездесу. Осындай тағылымды жүздесулер әлеуметтік қызмет сапасын жетілдіруге, өзара тәжірибе алмасуға және аға буынның өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастамаларға серпін береді» – деп пікір білдірді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Эльвира Шамшикенова.

Қырғызстандық әріптестер елордада аға буын өкілдеріне жасалып отырған жағдайларға, олардың қоғам өміріне араласуына мүмкіндік беретін бастамаларға қызығушылық танытты. Орталықтың жұмысы қарттық кезеңді тек демалыс уақыты емес, жаңа мүмкіндіктер мен белсенді өмір кезеңі ретінде қалыптастырудың жарқын үлгісі екенін атап өтуге болады.

Таңбалар: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығыҚырғызстан
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
Жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

01.09.2026
Қазақстан ШЫҰ-ның III Жастар туристік форумы мен Жастар кеңесінің XIX отырысына қатысты
Жаңалықтар

Қазақстан ШЫҰ-ның III Жастар туристік форумы мен Жастар кеңесінің XIX отырысына қатысты

18.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Марқұмның жетісі, қырқы, жылдық асын өткізу дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Бір мәрте Алла десе…

    Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

    520
  • Былапыт сөздің салдары қандай?

    320
  • Аманатқа адалдық

    314
  • Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

    311
  • Қажылық: Қазақстанға 4300 орын бөлінді

    258

Соңғы жарияланымдар

Дана МЕДЕУОВА: Медицина қызметкерлері – ұлттың стратегиялық ресурсы
Сұхбат

Дана МЕДЕУОВА: Медицина қызметкерлері – ұлттың стратегиялық ресурсы

13.11.2026
IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды
Жаңалықтар

IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды

13.11.2026
Сұрақ-жауап

Арабша сөздерді қолдану тақуалықты білдіре ме?

13.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00