Сенбі, 19 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дұға – дертіңе дауа

14.08.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
220
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дұға – кісіден сұрай алмағаныңды, еш қысылмастан Ұлы Раббымыздан сұрауға берілген үлкен мүмкіндік. Мұсылман баласы шарасыздыққа түскенде ғана емес, әрбір күніне, әрбәр сәтіне шүкір ете отырып, дұға ету керек.

Хазреті Мәулана: «Шарасыздық – Алладан келген ишарат. Ал ишарат дұға жасайтын уақыттың таянғандығын меңзейді» – деген екен.

Ішіңдегіні адамға айтсаң дертіңе дәрмен болуы екіталай. Кейде «неге айттым» деген өкініш те болуы бек мүмкін. Бірақ Жаратқанға алақан жайып, дұға етсең өкініш болмайды. Аллаға айтқан мұң да, шер де дұға болады. Дертіңе дауа, сұрағаныңа медет болары ақиқат. Біз бұл мақалада ардақты Адам (ғ.с.) басталған бірнеше пайғамбардың Құран Кәрімде Алла Тағала зікір еткен дұғаларын ұсынып отырмыз.

Хазіреті Адам (ғ.с.) мен Хауа анамыздың дұғасы:

Адасқан шәкірт

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025

 «Ей, Раббымыз! Өзімізді өзіміз кесірге жолықтырдық. Өзің кешірім етіп есіркемесең, сөзсіз зиян тартып құрығанымыз» (Aғраф сүресі, 23)

Хазіреті Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы:

«Ей, Раббым! Білмегенімді өзіңнен сұраудан сақтағайсың деп өзіңе сыйынамын! Өзің жарылқамасаң, есіркемесең, зиян шегушілерден болармын» (Һұд сүресі, 47)

Хазіреті Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың дұғалары:

«Ей, Раббымыз! Бізден (еңбегімізді) қабыл еткейсің, сен – (тілекті) әбден естіп те, біліп те тұрушысың.

Раббымыз! Біз екеумізді өзіңе бойсұнушы еткейсің, біздің ұрпақтардан да бойсұнғыш үмметтеріңді шығарғайсың, бізге ғибадат ережелерін көрсетіп қойғайсың, тәубемізді қабыл ал. Сен – расында, тәубені қабылдаушы әрі өте мейірімдісің.

Уа, Раббымыз! Оларға өз ішінен өзіңнің аяттарыңды оқып беретін, кітабыңды (Құранды) және хикметіңді үйрететін, оларды (күнә мен қылмыстан) тазартатын бір елші жібергейсің. Сен – шынында, жеңімпазсың және хикмет иесісің. (Ибраһим ғалайһиссаламның тілегі бойынша Мұхаммед ғалайһиссалам елші болып келді)» (Бақара сүресі, 127-128-129).

«Я, Раббым! Мені және ұрпақтарымды намаз оқитын ете гөр! Раббымыз! Тілегімді қабыл ет!.

Раббымыз! Есеп алынатын күнде мені, әке-шешемді, Мүміндерді жарылқағайсың!» (Ибраһим сүресі, 40-41).

«Ей, Раббым! Маған даналық-парасат бағыштап, мені жақсылар қатарына қоса гөр! Кейінгілер арасында жақсы атағымды қалдыра гөр! Мені мол ырысты жаннаттың мұрагері еткейсің!» (Шұғара сүресі, 83-84-85).

«О Раббымыз! Кәпірлердің бізге фитна, іріткі салуына ырық бермегейсің (бізді оларға ырықсыз етіп сынай көрме)! О, Раббымыз! Бізді кешіргейсің! Шынында жеңіс иесі де, хикмет иесі де өзіңсің!». (Мүмтахина сүресі, 5).

Хазіреті Әйюб (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы:

«Жаныма бұл дерт қатты зақым жеткізді. Мархабат етушілердің ең абзалы өзінсің (Алла)!» (Әнбия сүресі, 83).

Хазіреті Мұса (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы:

«Раббым, көкірегімді кеңіткейсің! Ісімді оңайлатқайсың! Тілімнің мүкісін жазғайсын! Олар сөзімді түсінсін!» (Tаһа сүресі, 25-28).

Хазіреті Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы:

«О, Раббым, өзің маған және әке-шешеме берген дәулет-нығыметіңе шүкір етуімді әрі өзің дән риза болатындай ізгі істер істеуімді нәсіп еткейсің! Өз мархабатыңмен мені игі пенделеріңнің қатарына қосқайсың!» (Нәміл сүресі, 19).

Хазіреті Жүніс (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы:

Жүніс (ғ.с) балықтың ішінде жатып «Иə, Алла, Сенен басқа ешбір Тәңір жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) пәксің. Анығында мен өзіме зұлымдық жасаушылардан болдым», – деген (Әнбия сүресі, 87).

Хазіреті Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы:

«О, Раббым! Маған да өз жаныңнан бір жақсы перзент бағыштағайсың. Сен сөзсіз тілекті естушісің» (Әли Ғимран сүресі, 38).

«Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра көрме! (Өзіңнен басқаның бәрі фәни, бәрі өліп, өшкеннен кейін мәңгі-бақи қалатын бір Өзіңсің, сондықтан да мұрагерлердің ең қайырлысы – Өзіңсің!» («Әнбия» сүресі, 89).

Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың дұғасы:

«Раббым! Мені (кіретін жерге) сәтті кіргізе гөр, (шығатын жерден) сәтті шығара гөр! Өз құзырыңнан маған жар боларлық күш-қуат бере гөр!» (Исра сүресі, 80).

«(Ей, Мұхаммед!) Былай деп айт: “Патшалықтың иесі болған, ей, Алла! Қалаған адамыңа патшалық бағыштайсың, қалаған адамыңнан патшалықты аласың. Барлық жақсылықтың кілті өз қолыңда. Расында барлық нәрсеге құдіретің жетеді.

Түнді күндізге, күндізді түнге кіріктіресің (сонымен күндіз бен түннің ұзын-қысқалығы маусымдар бойынша кезектесіп тұрады), сондай-ақ өліден тіріні, тіріден өліні шығарасың. Қалаған адамыңа есепсіз ризық бересің» (Әли-Ғимран сүресі, 26-27).

Алла Тағала біздерді Өзіне дұға ететін пенделерінің қатарынан еткей!

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Дұғақұран кәрім
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бірлік – береке бастауы
Сұрақ-жауап

Құранда адамдарды бірлікке шақырған аят бар ма?

17.07.2025
100 қыз-келіншек Құранға түсті
Жаңалықтар

100 қыз-келіншек Құранға түсті

16.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының қайсысына көбірек сенеді?

Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының қайсысына көбірек сенеді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2822 бөлісті
    Бөлісу 1129 Твитерге 706

Соңғы жарияланымдар

Адасқан шәкірт
Ғибратты әңгімелер

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды

19.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00