Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құлшылық пен сынақтың мәні

14.03.2022
- Қоғам
1
438
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасиетті Құранда айтылғандай, Құдіретті де Мейірімді Иеміз бізді құлшылық үшін, сынау үшін жаратқан. Түйіндей айтқанда: сынақ мәні – Жұмаққа лайықтыны анықтау, рухани шыңдау, шыншылдығың мен аманатқа адалдығыңды сынау! Өмірімізде орын алып жатқан әрбір жағдай (яғни сынақ) – бейғам жүректі оятудың, кірленген көңілді тазартудың, Әлімсақтағы уәдені еске салудың,  таңдауымызды тексерудің үрдіс-барысы. Ал құлшылық мәні – бүкіл әлемді жоқтан бар еткен Ұлы Раббымызды тану және бүкіл мақұлұқаттан артық қылып, сүйіп жаратқан Иемізге сүйіспеншілікпен жауап беру!..

Басымызға келіп жатқан жағдаят-сынақтың барлығы осы мақсатқа қызмет етеді, соған жетелейді. Құран мен «Әлем» атты қос кітапты байыппен оқыған әр адам Жаратушысының Мейірімі мен Шеберлігін, Құдіреті мен Даналығын мойындайды; Сүйетінін сезеді, шүкір етеді! Абай атамыз айтпақшы: «Құлшылық шүкірліктен туындайды», ал шүкірлік – алғыс. Шынайы алғыс – махаббаттан!..

Бүкіл адамгершілік қасиеттерді (сабыр, кішіпейілділік, жомарттық, адалдық, т.б.) бір арнаға тоғыстырсақ, бір түйінге жинастырсақ: МЕЙІР-МАХАББАТ деген басты сипат ортаға шығады. Зер салсаңыз: бүкіл құлшылық бойымыздағы мейірім-махаббатты дамытуға, адамдар арасына татулық пен сыйластық (махаббатты) орнатуға бағытталған; Адам мен Әлем арасында сүйіспеншілікке негізделген үйлесімділікті орнатуға бағытталған; ар-иманына сүйенген, мейір-шапағатын (махаббатын) шашқан көркем мінезді Тұлға қалыптастыруға бағытталған! Мысалы: оразаның мақсаты – сабырлылықты сіңіру, қажылықтың мақсаты – қарапайымдылықты, кішіпейілділікті үйрету, зекет-садақаның мақсаты – жомарттыққа тәрбиелеу, намаздың мақсаты – үздіксіз зікір күйіне бастау, шүкірлікті арттыру. Яғни бүкіл ғибадат адам мінезін жетілдіруге, Тұлғасын сомдауға бағытталған. Басты сүннет – сүйікті Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) мінезіне, тұлғасына еліктеу болса, Алла елшісінің миссиясы – көркем мінезді кемеліне келтіру, ал көркем мінездің өзегі – аятта айтылған мейірім-махаббат («Біз сені бүкіл әлемге мейірім ретінде жібердік»)! «Өсек, ғайбат айтпа» десе де, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет» десе де, «Үш күннен артық ренжіспеңдер» десе де, «Сізді сөккен адамның кемшіліктерін білсеңіз де айтпаңыз» десе де, «Кешірімді болыңдар» десе де, «Жамандыққа жақсылықпен жауап беріңдер» десе де – барлығында «Сыйластық пен құрметті, мейірім мен махаббатты сақта!» деген мазмұн тұр! Атадініміздің атауы «Бейбітшілік» болса, тыныштық – сыйластықпен, мейіріммен орнайды; ал «дін» деген сөздің баламасы «әдеп» болса, әдептің нәтижесі де – ізет пен махаббат! Сол себепті менің құлшылығым да – Құдіретті де Мейірімді Иеме деген махаббатымның көрінісі, дәлелі…

Бір өсиетінде ардақты Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) мейірім мен жұмсақтық (махаббат) араласқан әр істің әдемі, көркем екенін, онсыз бар нәрсе сұрықсыз, кемшін екенін айтқан. Яғни әр істің, құбылыстың шынайы, түп мәні – ол іс «Алла разылығы үшін» деген ықылас-ниетпен атқарылғанда, Жаратушыға деген сүйіспеншілікпен атқарылғанда ғана ашылады. Расында да, Махаббатсыз құлшылық – ынтасыз, ықылассыз құлшылық, ал оның нәтижесі – сыртын сипаған үстірттік пен тоқмейілсу, міндетсу мен екіжүзділік. Мәселен: Аллаға деген сүйіспеншіліксіз-махаббатсыз сабыр – тек шарасыз шыдамдылық; махаббатсыз парыз-міндет – шаршататын жүк, махаббатсыз әділет – қатыгездік,  махаббатсыз ақыл – қулық, махаббатсыз намыс – тәкәппарлық,  махаббатсыз садақа – міндетсу, махаббатсыз билік – зорлық, махаббатсыз әзіл – мысқыл, махаббатсыз сын – мін тағу мен тұқырту, махаббатсыз шындық – көңіл жаралау мен араздық, махаббатсыз таным – шалағайлық,  махаббатсыз білім – надандық, махаббатсыз дін – бөліну мен жауласу, суықтық пен адасу… Мына хадис осы ақиқатты нұсқап тұр: «Расында, Алла Тағала – Мейірімді. Сондықтан Ол әрбір істе мейірімділіктің болуын жақсы көреді» (Бұхари жеткізген).

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025

Иманның, ар-иманға негізделген таным мен ғұмырдың нәтижесін Абай хакім қалай тамаша айтқан:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті!

Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,

Және сүй «Хақ жолы» деп Әділетті!

Осы үш сүю болады – иманигүл…

Қараңызшы: жалған дүниеде жанарыңызды арбап, жаныңызды жаулайтын жалтыр көп. Атақ-даңқ, ақша-билік, қызық-құмар – нәпсіміздің аңсары, шайтанның тұзағы. Сондықтан сынақтың түп мазмұны: дүние мен Алла арасын таңдау, қайсысын артық сүйетініңді безбенге салу!..

Әлімсақтағы уәденің түп-төркіні де – осы сынақта. Яғни Жаратушы Иеміз бізге жер бетіне сынаққа жіберілетініміз жайлы айтқанда, біз «Раббымыз, біз сенен артық ешкімді де, ешнәрсені де сүймейміз! Сен үшін барлығын қиюға дайынбыз!» деп уәде берген едік; сөйтіп Махаббатты (Дінді) аманаттап алғанбыз… Сол үшін де сүйікті Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Алланы, сосын мені бүкіл нәрседен артық сүймейінше, имандарыңыз кәміл болмайды!» – деген-ді…

Қасиетті Құранға сүйенсек: Ибрахим пайғамбар (Ол кісіге Алланың сәлемі болсын!) ең үлкен сынақтан өтті. Қартайған шағында әрең көрген жалғыз ұлын құрбандыққа шалуға бұйырылды! Бірақ Мұқтажсыз Алла Тағалаға пендесінің баласын бауыздауы керек пе еді? Жоқ! Бұл жерде Ибрахим пайғамбардың кімді артық сүйетіні сыналды!..

Ендеше, құлшылығымыз – махаббатымыздың көрінісі, дәлелі! Ал Даналығы түпсіз, Мейірімі шексіз Иемізді сүйгеніміздің дәлелі – үкімін орындау, сынағына сабыр, тағдырына разылық! Сүю – Ол үшін бәрін қию! Оның үкімі мен Елшісінің өсиетін орындау жолында барлығына шыдау, бәрін қию: дүниеңді, атақ-абыройыңды, көңіл-күйіңді, қалауыңды, жаныңды қию! Раббыңның разылығын бар нәрседен жоғары қою!

Иә, сынақтың мәні – Сүю өнерін меңгеру, мақсаттың зоры – Махаббат Иесінің дидарын аңсау! Ал әлемдегі ең үлкен Заңдылық, жаратылыстың өзегі – Махаббат заңдылығы!..

Алғадай Әбілғазыұлы

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлықұлшылықнамазсынақ
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Адамның Алла алдындағы деңгейлері
Ғибратты әңгімелер

Адамның Алла алдындағы деңгейлері

02.05.2025
Ұлттар арасындағы татулық
Мемлекет және дін

Ұлттар арасындағы татулық

07.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сахабалар арасындағы әзіл

Пікір 1

  1. Наби жазған:
    3 жыл бұрын

    Биссмилах, керемет, бүкіл тіршіліктің негізгі мәні қысқа да нұсқа түйінделіп, тамаша түсіндірілген.

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75296 бөлісті
    Бөлісу 30118 Твитерге 18824
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?
Сұрақ-жауап

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00