Жұма, 26 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арман да – бір білім

21.03.2022
- Қоғам
0
721
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Арман да –бір білім. Адамның миына зерттеу жасасаң, бір әріп таппайсың. Адамға қуат белгісіздіктен келеді. Яғни, пәлсәпа ілімінің ұғымымен айтқанда метофизикалық әлемнен, діни таным риторикасымен сипаттағанда – Алладан.

Арман, қиял, ойлау ұмтылысыңа қарай кейде рационалистік сипат болып көрінгенімен, қуаттаушысы метофизикалық (сыр, белгісіздік, нақты ілім емес қуат көзі) ілім, заттық емес. Осы арманды әртүрлі ілімдердің күшімен адамзатқа жеткізу үшін түрлі еңбектер жазылды. Соның бәрін қосқанда, нәтижесі біреу ғана, ол жай ғана жан-дүниеңмен армандау.

Әр адам – жеке болмыс. Абайша айтқанда, «орнын тауып қалануы тиіс, сен де бір кірпіш». Өзгелердің жетегімен, ұқсастықпен армандаушы емес! Адам өзінің бар болуын шекіздіктен алады, бірақ оған жете алмайды. Адамға мәңгілік пен шексіздік алыс, алайда адамның жан-дүниесі оған іштей жақын, сезініп өмір сүреді.

Ал жанның емінің бір ғана дәрісі – сенім. Сенім деп жүргеніміздің бізді жарға жығатынының сыры – әділдік, ынсап, шынайы махаббат, тазалық дейтін мәңгілік құндылықтардың бойында жоқтығынан екен.

Әмір Темірдің Арыстанбаб пен Ясауиге кесенелер салуы және басқа да жайлар туралы

26.06.2026
Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026

Құбылысқа қарай құбыласың. Арманның да адамды жарға жығатыны, оның таза жол еместігінен келіп туындайды. Тарихта талай жандар арманының жетегінде жапа шексе де, ол жолда өкінбеді. Мысалы, Алаш қайреткері Ахмет Байтұрсынұлының жолдары секілді.

Арманға адалсыздық араласқан кезде, арман өкініш пен қайғыға толып қалады екен. Қай ойшылдың ілімін оқысаң да, бұл құбылыс мен мұндалап тұрады. Метафизикалық әлемнен, яғни белгісіздіктен тартылған ілім адамның жан-дүниесін тазарта бастайтын тартылыс күші. Мысалы, діндар жанның Жаратушысының тазалығын ойлап, соған талпыну құбылысы секілді. Арман да сондай. Мәселе арманыңның тазалығында.

Ойлаған құбылысыңның бағыты үнемі адамды ойландырып әрі тазалап тұрады. Мәуләнә Руми: «Адамның негізгі болмысы – ой», – дейді. Ойдың құбылысының ақыл мен нәпсіні тазалауы. Яғни, арман – тазалаушы әрі ойландырушы, мақсатты тудырушы. Мақсат айқын болса, адам іргетасы мықты үй секілді, шығар биігі айқын. Ойландырушы құбылысының болатынының себебі, арманды мақсатқа айналдырып, жету үшін ақылдың ойлануы екен.

«Логика (ойлану) өнері адамға ақыл беретіндіктен, оған тән ең көп қайырды береді деген сөз» дейді Әл-Фараби. Адам тазалыққа толы арманға ұмтылғанда, Шәкәрім айтқан «таза ақылдың» ашылуы да басталады.

Адамдық болмысты қалыптастыратын түйсік пен ойлаудың арманмен қандай қатынасы бар. Ибн Сина «Nefs» (түрік тіліндегі аудармасы бойынша) еңбегінде пәлсәпашылар мен пайғамбарлар сырларын зерттей келе, былай дейді:

«Ойлау және түйсік – бірдей ақпаратты алуға болатын екі түрлі әдіс. Бірақ ойлау – белгілі бір уақыт пен процесте белгісізге қарай бағыт алған ойша қозғалыс. Түйсік – бұл белгісізді білуге кенеттен және уақытылы көшу».

Түйсік – адамның күш жігеріне қарамастан белсенді ақыл-оймен байланысты, ойлау – адамның күш-жігерін есепке алады. Арман – түйсік пен ойлаудың ортасындағы құбылыс. Түйсікпен байланысқан белсенді ақылды Ибн Сина «Киелі ақыл» дейді. Ибн Сина киелі ақылдың арқасында пайғамбарлардың түйсігі күшті болатынын айтады.

Ойлауға ақпарат пен сыртқы факторлардың әсері болатыны анық. Бойыңдағы бар біліммен ойланасың. Әркім ақылының жеткенінше ойлана алады. Мәселе арманның қандай болатынында. Түйсіктің терең сезімталданып, көп нәрсені байқап, әрекет етуінің негізгі мәні – жүректі тазарта білуінен. Яғни, арманның мәнді әрі тазалығындағы құбылыс. Хәкім Абайша айтсақ, «Жүректегі кірді қашырса, Хақтықтың түсер сәулесі, іштегі кірді қашырса, адамның хикмет кеудесі».

Іштегі кірді қашырмай, анықтық байқалмайды. Арман – адам үшін қарсы тараптағы қуат пен тазалаушы. Ислам ойшылдарындағы «Айна» ілімінің бірі іспетті. Іштегі кірдің оңайшылдықпен тазаланбайтыны анық. Ол да бір нәрсеге байланып тұр. Ол нәрсе сен үшін қол жетпестей болып тұрған тазалық пен мәнділікке байланған белгісіздік арман! Сондықтан арман – белгісіздіктен тартылатын құбылысты білім. Армандау да білім алудың бір қабаты. Қазақтың: «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейтіні осы екен. Арман – затсыз ілімдердің ең асылдарының бірі.

Жарас АХАН,

«Muğla Sıtkı Koçman» университетінің PhD докторанты

Таңбалар: Білімжарас аханқойпәлсапа
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

“Мектепке арналған мектеп” жобасы табыспен мәресіне жетті
Жаңалықтар

“Мектепке арналған мектеп” жобасы табыспен мәресіне жетті

23.06.2026
Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді
Жаңалықтар

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

03.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Наурыз – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртатын мереке

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Достоинства поста в день Ашура

    Ашура күнінің артықшылығы неде?

    3.4k
  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    124
  • Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

    51
  • Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті

    40
  • Түзеу мекемесіндегі топтық кездесу

    33

Соңғы жарияланымдар

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Сұрақ-жауап

Нәпіл намаздардың пайдасы бар ма?

26.06.2026
Ислам

Қайырымдылық қасиетінің маңызы

26.06.2026
Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес
Сұхбат

Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес

26.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00