Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

26.10.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация жарияланған тұста республикамыздағы халық саны 16 миллионнан асып жығылған еді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне көз жүгіртсек, 1991 жылдың басында елімізде 16 миллион 358 мың 222 адам тұрған.

Алайда одан кейінгі жылдары демографиялық ­ахуал күрделеніп, халық саны біртіндеп азая бастаған. Бұған бірінші кезекте азаттықтың алғашқы онжылдығындағы сыртқы көші-қонның теріс сальдосы, әрі экономикалық қиындықтар мен туу көрсеткішінің төмендеуі әсер еткен.

Бұл мақаламызда егемендік жылдарындағы халық санының өсу-кему үдерістеріне шолу жасап шығуды жөн көрдік. Біз нақты картинаны көру үшін салыстырмалы түрде еліміздің Ұлттық статистика бюросының, әлемдік деректерді саралайтын «World Population Review» ұйымының, сондай-ақ БҰҰ әзірлеген «World Population Prospects 2024» жинағын шолып шықтық.

ҰСБ деректері 1992­–2001 жылдары еліміздегі халық саны 16,4 миллионнан 14,9 миллионға дейін азайғанын көрсетіп отыр. Осы кезеңдегі көші-қонның теріс сальдосы 2,7 миллион адамды құрапты. Біріккен Ұлттар Ұйы­мының бағалауынша да, халқы­мыздың саны тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кеміп, 2000 жылдардың басынан қайта өсе бастаған. Бұл өзгерістің артында негізінен туу көрсеткішінің жақсаруы, өлім-жітім мен көші-қонның оң үдерістері тұр.

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026

«World Population Prospects 2024» жинағы деректеріне сәйкес, 1990 жылы еліміз халқы шамамен 17,15 миллион адам болған. 1990 жылдардың екінші жартысында халық саны күрт кеміп, сол қарқынмен қатарымыз 2000 жылы 15,5 миллионға жуық­тапты. Осылайша, он жылға жет­пейтін уақыт ішінде ел халқы 1,6 миллионнан астам адамға азайды.

Алайда ғасыр басынан кейін демографиялық ахуалымыз қайта өзгерді. ҰСБ 2002–2010 жылдар аралығын демографиялық өсімнің қайта басталған шағы деп қарастырыпты. Яғни 2000 жыл­дардың басында халық саны біртіндеп өскен. 2009 жылғы ұлттық санақта Қазақ­стан халқы 16 миллионға жуық­тады. Осылайша, халық саны біртіндеп артып, 2010 жылы 16,8 мил­лионға, ал 2020 жылы 19,5 мил­лионға жетті. БҰҰ-ның тарихи бағалауында 2023 жылғы халық саны 20,3 миллионнан асқан. Бұл көрсеткіштер тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі демогра­фиялық құлдыраудан кейінгі елде ұзақмерзімді өсім қалып­тасқанын көрсетеді.

Ұлттық статистика бюро­сының дерегіне қайта оралсақ, 2011–2019 жылдар аралығында тұрақты өсім қамтамасыз етіліп, бұған дейінгі демографиялық құлдырау факторлары жойылған. Дегенмен COVID-19 пандемиясы өлім-жітім көрсеткішіне әсер еткенін жоққа шығара алмаймыз. Сол кезеңдегі табиғи өсімнің есебінен халық саны артып, 2022 жылы 19 миллионнан асты.

Ал 2023 жылы 20 миллиондық межеден асып, бөркімізді аспанға аттық. Десек те өткен жылы туу көрсеткіші төмендеп, табиғи өсім баяулады. Ұлттық статис­тика бюросының мәліметі бо­йынша, биылғы 1 қыркүйекте ел халқы 20 618 796 адамға жетті. Мұның ішіндегі қала халқы – 13 236 041, ауыл халқы 7 382 755 адам. Жалпы, халық санының өзгері­сін тек көші-қонмен түсін­діру дұрыс емес. БҰҰ деректері бойынша, ­2000–2023 жылдары еліміздегі туу мен өлім-жітім арасындағы айырма халық санының өсуіне көші-қонға қарағанда көбірек ықпал еткен екен. Яғни табиғи өсім демо­графиялық динамиканың негізгі тетіктерінің бірі болып отыр.

Енді осы демографиялық қозғалыстың қызықты дерек­теріне көз жүгіртсек. Еліміз тәуелсіздік жылдарында демо­графиялық тұрғыдан бірнеше кезеңді бастан өткерді. Айталық, жоғарыда келтірген цифрларды саралай келе 1991–2002 жылдары ел халқы 16,3 миллионнан 14,8 миллионға дейін азайып, 1,5 миллион адамға немесе 9,2 пайызға кемігенін көреміз. Бұл кезеңде қала тұрғындары шамамен 938 мың адамға, ауыл халқы 570 мың адамға азайған. Яғни жалпы кему мөлшерінің 62,2 пайызы қала халқына тиесілі болды.

Халық санының азаюы өңірлерде де әркелкі байқалды. 1991–2002 жылдары Қарағанды облысында тұрғындар саны 367,5 мың адамға, Ақмола облысында 314,4 мыңға, Қостанай облысында 303,4 мыңға кеміді. Ал пайыздық көрсеткіш бойынша Ақмола облысында халық саны 29,4 пайызға азайған. Дегенмен сол кезеңде халық саны өскен өңірлер де болды. Мәселен, сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындар саны 215,5 мың адамға артса, Астана қаласында өсім 67,8 пайызға жетті.

2009–2026 жылдар аралы-ғында ел халқы 4,52 миллион адамға немесе 28,3 пайызға көбей­ді. Алайда өсім қала мен ауылда бірдей болған жоқ. Қала тұрғын­дарының саны 46 пайызға, яғни 4,12 миллион адамға артса, ауыл халқы 5,7 пайызға немесе 398 мың адамға ғана көбейді. Осы кезеңдегі жалпы өсімнің 91,2 пайызы қала тұрғындарының көбеюіне сәйкес келеді. Бұл өзгеріс халықтың орналасу құрылымынан да байқа­лады. 2009 жылы қала халқы ел тұр­ғындарының 56,1 пайызын құра­са, осы жылдың басында бұл көрсеткіш 63,8 пайызға жетті. Демек шамамен 17 жылда қала тұрғындарының үлесі 7,7 пайыздық тармаққа артқан.

Өңірлердегі ахуал да назар аударуға тұрарлық. 2009–2026 жылдары жалпы халық саны Солтүстік Қазақстан облысында 82,8 мың адамға, Қостанай облысында 64,3 мыңға, Абай облысында 58 мыңға азайды. Ал Алматы облысы 495,7 мың, Түркістан облысы 417,6 мың, Маңғыстау облысы 336,6 мың адамға көбейді. Ірі қалаларда өсім тіпті жоғары болды: Астана халқы 168 пайызға, Шымкент тұрғындары 77,6 пайызға артты.

Ауыл халқының өзгерісі де өңірлер арасында айтарлықтай ерекшелене түскен. 2009–2026 жылдары Қостанай облысында ауыл тұрғындары 126 мың адамға, Солтүстік Қазақстан облысында 102,2 мыңға, Абай облысында 73,7 мыңға азайды. Керісінше, Алматы облысында ауыл халқы 364,7 мың адамға, Түркістан облысы 241,1 мыңға, Маңғыстау облысы 199,2 мыңға көбейіпті. Ел халқы жалпы көбейгенімен, солтүстік және шығыс өңірлердің бірқатарында тұрғындар қатары кеміген.

Қысқасы, деректер елдегі демогра­фиялық өсімнің негізі­нен қа­лаларда көбірек бол­ғанын көр­сетіп отыр. Бұған ауыл халқының тоқырау жылдарында қалаға жап­пай үдере көшкені себеп. Әйгілі жырау Ақтамбердінің өсиетін­дегі «Қарашада қара үй тұр, қа­райлай жүр артыңа» деген өлең жолдары сол тәуелсіздіктің елең-алаңында көп айтылып еді. Шүкір, тоқырау заманы келмеске кетті. Мемлекетіміз орта держава ретінде мойындалды. Елдегі соңғы реформалық өзгерістер тек саяси үдерістерге ғана емес, әлеумет­тік-экономикалық өр­леуі­мізге де оң әсерін тигізіп келе жатыр. БҰҰ қазіргі қарқы­ны­мызға қарап 2100 жылы 33,6 млн адамға жететінімізді болжапты. Лайым, солай болғай.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: демографияхалық саны
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты

06.05.2026
Қоғам

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Демографиялық өсім – өркендеу негізі
Қоғам

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

26.10.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00