Сенбі, 2 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қалалану қарқыны

02.05.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
5
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жуырда Ұлттық статистика бюросы дәстүрге сай жыл басындағы ел халқының саны мен оның ұлттық құрамы туралы жаңартылған деректерін жариялады. Аталған ресми құжатта қамтылған негізгі көрсеткіштерге қысқаша шолу жасауды жөн санадық.

Ең бірінші көзге түсіп, көңілді қаяу қылған жайт – еліміздің халық саны кейінгі бір жыл ішінде 216 423 адамға артқанымен, жылдық өсімнің тағы да баяулауы. Пандемиядан кейінгі бір сәттік «бейби-бумнан» соң, міне, бірнеше жыл қатарынан өсім азайып жатыр. Мәселен, 2023-2024 жылдары ел тұрғындары 267 035 адамға артса, 2024-2025 жылдары 249 557 адамға көбейген еді. Яғни өсім жиырма мыңдай адамға төмендегенін көріп отырмыз. Ал биыл одан да азайып, жылдық өсім бар-жоғы 1,04%-ды құрапты.

Егер осы қарқынмен жалғаса берсе, келер жылдары халық санының жылдық өсімі 200 мың адамнан да төмендеп, 2000-жылдардың басындағы деңгейге түсуіміз ғажап емес.

Осы орайда елімізде қарқынды жүріп жатқан урбандалу, яғни халықтың үлкен қалаларға шоғырлану үдерісі назар аудартады. Соның салдарынан ірі қалалардың ғана халқы көбейіп, ал облыстардың жан саны жылдан-жылға азайып жатыр.

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026

Мысалы, кейінгі бір жыл ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 6 облыстың ғана халқы өскен. Бұлардың екеуі – Ақмола мен Алматы облыстарында тұрғын саны Астана мен Алматының арқасында артқаны белгілі. Қалған төрт өңірдің үшеуі – батыс облыстары: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау. Сондай-ақ Қызылорда облысының халқы ғана бір жылда бар-жоғы 200-дей адамға көбейіп, өсім 0,02 пайызды құраған.

Ұлттық статистика бюросы жариялаған деректердегі ең назар аударар тұс – бұған дейінгі жылдары тұрақты түрде өсім көрсетіп келген Түркістан облысы халық санының тұңғыш рет азаюы. Қараңыз, 2024 жылы аталған өңірде 2 142 171 тұрғын болса, былтыр 2 154 041 адамға артқан еді. Ал биыл 2 149 205 адамға төмендеді. Соның ішінде қазақтардың саны 12 мыңға азайыпты. Ал өзбек ұлтының өкілдері 8 мың адамға артқан.

Негізі Түркістан облысы – табиғи өсімі жоғары өңірдің бірі. Алайда жалпы халық санының төмендеуі, жоғарыда айтқандай, үлкен қалаларға шоғырлану, яғни Шымкент, Алматы, Астана қалаларына көптеп қоныс аударудың салдары. Жамбыл облысында да ішкі көші-қонның әсерінен теріс сальдо тіркеліп отыр.

Мәселен, Астана қаласының халқы өткен жылы 100 мың адамға артса, биыл тағы 110 мың адаммен толығыпты. Әрине, елордалық қыз-келіншектер бір жылда осынша баланы өмірге әкелді деп айту қиын. Бұл өсімнің бәрі Астананың өңір тұрғындарын өзіне магнитше тартып алуы салдарынан тіркеліп жатыр. Алматы қаласының халық саны да бір жылда 46 мың адамға көбейген.

Еліміздегі өсім көрсеткен өңірлер: Астана қаласы (+7,23 %), Шымкент қаласы (+3,02 %), Алматы қаласы (+2,45 %), Алматы облысы (+2,33 %), Маңғыстау облысы (+1,82 %), Атырау облысы (+0,74 %), Ақтөбе облысы (+0,68 %), Ақмола облысы (+0,3 %), Қызылорда облысы (+0,02 %).

Ал қалған өңірлерде -0,05 %-дан -1,56%-ға дейін азаю үдерісі байқалады. Әсіресе шекаралық өңірлерде халықтың тұрақтамауы жақсы үрдіс емес. Мәселен, солтүстік пен шығыс облыстардың бәрінде халықтың, соның ішінде қазақтардың да саны төмендеген. Тіпті, Солтүстік Қазақстан облысында қазақтың азаюы өзге ұлт өкілдерінің азаюынан да жылдам жүріп жатыр. Бұл мемлекет тарапынан қолға алынған солтүстікке ерікті түрде көшу шараларының нәтижесі шамалы болып отырғанын айқын көрсетеді.

ҰСБ жариялаған құжатқа сай ел халқының ұлттық құрамына келсек, алғашқы бестікте: қазақтар – 14 664 202 адам (71,6 %), орыстар – 2 943 022 (14,3 %), өзбектер – 695 557 (3,4 %), украиндер – 367 547 (1,8 %), ұйғырлар – 309 164 (1,5 %). Қалғандары – 1 520 330 адам (7,4 %).

Мамандардың пікірінше, халықтың табиғи өсімінің баяулауына, бірінші кезекте, қазіргі таңда өмірге бала әкеліп жатқан репродуктивті жастағылардың негізгі бөлігін 90-жылдардағы тоқырау заманында туған адамдардың құрауы себеп болып отыр. Ол кезеңде де бала саны азайғаны белгілі. Қазір соның әсері байқалып жатыр. 2000-жылдардан кейін өмірге келгендер репродуктивті жасқа аяқ басқанда қайтадан жоғары өсімге қол жеткізуіміз ғажап емес.

Екінші себеп – елімізде қалалықтардың көбейіп, жалпы халықтың 63 пайызын құрауы. Ал қалалық жерде бала туу көрсеткіші төмендейтіні қалыпты жағдай.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Ескендір ЗұлқарнайҚазақстан халқыхалық саны
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

02.03.2026
Қазақстан – туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарында
Жаңалықтар

Қазақстан – туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарында

20.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    10 бөлісті
    Бөлісу 4 Твитерге 3
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Онлайн радикализмнің себептері

    4 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Алладан кешірім тіле…

    3 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1

Соңғы жарияланымдар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті
Жаңалықтар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті

02.05.2026
Қоғам

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Бірлік – береке бастауы
Ислам

Ынтымақты сақтау – қоғам кепілі

02.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00