Сенбі, 9 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурыз – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртатын мереке

22.03.2022
- Қоғам
0
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан ұлттық мейрам. 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, әз-Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Наурыз – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген. Қазақ тілінің терминологиялық сөздігінде парсы тіліндегі «нау» – «жаңа», «руз» – «күн» деген сөздерінен шыққан деген мәлімет берілген.

«Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры Мұхитдин Исаұлы «Әз Наурызды», «көрісуді» парсының діни мейрамы дейтіндер бар дейді.

– Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Көрісу – сонау ықылым заманнан ғұндардан, сақтардан бері, тіпті одан әріден бар ғұрып. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бүгінгідей қыстың күні «квартираға» тығылып жатпаған. Олар мынау ұшы-қиыры жоқ кең даланы иемденіп еркін жатқан. Қыс айлары, әсіресе, күн суық жақтарда алты айлап бір-бірін көре алмай, содан қыстан аман шыққаны үшін көрісетін болған. Бұрынғылар көкті ұстаған бір Тәңірге шүкіршілік айтса, кейінгі мұсылман бабалар сол көкті ұстаған бір тәңір болған Аллаға шүкіршілік еткен. Амандық сұрасқан. Амандық сұрасу – Пайғамбардың сүннеті. Бұл сол көктемнің алғашқы күндерінде болатын еді. Жаңа жыл, жаңа өмір болып басталған. Құрандағы «Алланың өлген соң қайта қалай тірілтетініне қараңдар» деген махшар күнін еске алатын болған, – дейді Мұхитдин мырза.

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026

Ал филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы Наурыздың исламмен немесе басқа дінмен тікелей байланысы болмағанымен, халықтық жыр-аңыздар әз-Наурызды топан су тартылып, Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған кезеңмен байланыстырады дейді.

– Құрғаққа шыққанда Нұқтың кемесінде әр азық-түлік түрінен бір-ақ уыстан қалған екен, солардың бәрін қосып, бір қазанға қайнатып ас пісіріпті. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен жасау содан қалыпты дейді қазақ аңызы. Мұсылман шығыс жұртының бірқатарында наурыз көжеге ұқсас дәм бар. «Наурызнаманың» көне нұсқалары да көптеген мұсылман халықтарында кездеседі.

Кез келген жиын-тойды Алладан тілек тілемей бастамайтын да аяқтамайтын халқымыз Наурызда да өлілердің рухына құран бағыштап, Алладан тілек тілесіп, бұл мерекені мызғымас рухани дәстүрге айналдырған. Сондықтан болар, наурыз көжені оңтүстікте «құдайы көже» деп те атай береді, – дейді Айнұр ханым.

Бұл ретте, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы Наурыз қазақтың салт-дәстүрін есіне түсіретін этнографиялық тойына айналғандығын алға тартады. Əркім өзінің есінде қалған дәстүрін өзінше орындауға дайын тұрады.

– Біреулер келін түсіру ырымын жасайды, біреулер баланың тұсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың басы болғанмен, бірнеше мың жылдық тарихы бар қасиетті мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің ойымша, Наурыз біздің ұлттық жаңғыруымыздың, ұлт құндылықтарына көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші. Мен бұл жерде бір адамды немесе халықты кіналайын деп отырған жоқпын. Шамасы Ресей отаршылдығы, Совет үкіметінің қырып-жою саясаты қазақтың рухын, өзіндік санасын осындай ауыр деңгейге жеткізген, – дейді тарих ғылымдарының докторы.

Сондай-ақ 1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынғандығын тілге тиек етті. Көп жылдар бойы ұмтылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапқан.

Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.

Еске салсақ, 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблеяның берген мәлімдемесі бойынша, Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатыр.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: әз-Наурызбасты тақырыпЖаңа жылЖыл басы
Бөлісу38Твитерге24Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Отанды сүю – иманнан

08.05.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Прездент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылман залым бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    212
  • Өте маңызды өсиет

    187
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    115
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    106
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    98

Соңғы жарияланымдар

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті
Жаңалықтар

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті

09.05.2026
Президент: Аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз!
Жаңалықтар

Президент: Аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз!

09.05.2026
Шариғат – шаңырақтың тірегі
Видео

Шариғат – шаңырақтың тірегі

08.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00