Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақылбек ШАЯХМЕТ: Иманы бар адам игілікті істің басында жүреді

12.07.2021
- Сұхбат
0
514
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Ақылбек Қожаұлы, өмірдің құндылығы неде? Адамзат үшін не қымбат, не бағалы екен?

– Өмірде адал өмір сүріп, ағайынға, достарың мен замандастарыңа сыйлы бола білсең, ол да бір байлық. Алла берген табиғи дарыныңды аша білсең, қабілет-қарымыңды елдің игілігіне жаратып, білім мен ғылым жолында қажырлы еңбек етіп, халыққа пайдаң тисе, мерейіңнің өскені, арманыңа жеткенің ғой. Өмір осы жағынан алғанда құнды деп ойлаймын.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – деп Абай айтқан. Ұлы ақын қандай іске де бар ниетіңмен кірісіп, нәтижеге жету үшін күш-жігеріңді жұмсауың қажет екенін айтып тұр.

Азамат үшін туған жері, Отаны қымбат. Ана тілі бағалы. Адамзат үшін осы қасиеттер қашанда бірінші орында тұрмақ.

Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: Елтаңбаларды зерттеу шынайы тарихқа жол ашады

Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: Елтаңбаларды зерттеу шынайы тарихқа жол ашады

04.06.2025
Отыз жылдың ой толғауы

Отыз жылдың ой толғауы

21.05.2025

– Имандылық, қанағат, ислам құндылықтарын сақтау туралы не айтар едіңіз?

– Біз мұсылман болғандықтан, Алла алдында қарыздарымыз бен парыздарымыз бар. Ертеде Тоқсан би: «Жылға парыз – он екі айда келген құрбан, Айға парыз – отыз күн ораза, Күнге парыз – бес уақыт намаз, Ханға парыз – халқын әділдікпен бағу, Қарашаға парыз – ханның әділдігін білу», – деген екен.

Бес парызды жұртқа көз қылу үшін емес, Алланың ырзалығы үшін, өзің үшін жасайсың. Жердің көркі – адамзат, адам көркі – ақиқат,өмір көркі – қанағат, діннің көркі – шариғат, имам көркі – салауат, мешіт көркі – жамағат екені белгілі.

«Мінажат» (Астана, «Фолиант «баспасы, 2011) деп аталған жыр жинағымда:

«Киіз үй де күмбезіндей мешіттің,

Еңкейіп кір тағзым етіп Аллаға.

Таң атарда азан үнін есіттің,

Ерте тұр да, жүзіңді бұр құбылаға.

Бұл жалғанда күндері көп қысылған,

Қылығына өкінбейтін бар ма адам?!

Мешітке егер кірген болса мұсылман,

Кешу тілер жалғыз ғана Алладан», – деп жазған едім.

Шынында да, біліп істеген және білмей істеген күнәңді тек қана Алла кешіре алады. Сондықтан да базарда қалдырған ақшаң түк емес, мешітте қалдырған ақшаң көп емес. Күмбездері – қалқандай, мұнаралары – найзадай мешітте азан дауысын естісең, ол құлаққа жайлы әсем әуендей естіледі.

Мешіт – Алланың үйі, имандылықтың ұясы. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасын» жазып, барлық мектептерді ашқан кезде «Бісімілла, рахман-рахим!» деген сөзбен бастаған, мектепке сабақ берер алдында дәрет алып кірген өнегесінің өзі неткен ғажап?!

Діндар ақын Нұржан Наушабайұлы: «Бiсiмiлла, рахман-рахим! Болмады төмен назарым, жер жүзiне жайылды насихат болып ғазалым», – деп Жаратқанға мінажат қылған өңірде тура жолға түскен жерлестерім көбейгенге қуанамын. Иманы бар адам игілікті істің басында жүреді. Қанағаты бар адам әрдайым сыйлы болады.

– Биыл азаттыққа қол жеткізгенімізге 30 жыл толғалы тұр. Сіз үшін Қазақ елінің егемендігі қаншалықты құнды? Тәуелсіздік бізге не берді?!

– Тәуелсіздік үшін ата-бабаларымыз қаны мен терін төкті. Одан құнды не болуы мүмкін?! Тәуелсіздік жерімізді, суымызды берді, желбіреген туымызды берді. Елдің таңбасын берді, тірліктің арнасын берді. Елдігіміздің белгісіндей болған теңгемізді берді, жиған-тергенімізді берді, өсіріп-өнгенімізді берді. Тіліміз бен дінімізді берді, осы күнімізді берді. Келешекке деген сенімді берді. Бергенінен беретіні әлі көп.

Тәуелсіз деген тәтті сөздің иісіне ғана балқып, көбігін қалқып жүргендер аз емес екенін ұмытпау керек. Тәуелсіздік баянды болуы үшін басшыларда нысап, байларда қайыр, кедейлерде қанағат болса деймін.

– Соңғы жылдары руханият байлығын қорғау, құрметтеу жағы кемшін соғып жатқан секілді. Сіз қалай ойлайсыз?

– Біз Батысқа көп еліктеп жүрген секілдіміз. Исламмен біте-қайнасып кеткен ата дәстүрімізді дәріптеу кемшін соғып жатыр. Рухани байлық мол. Тек соларды халыққа жеткізуде соны ізденістер керек. Мешіті көп, мектебі мен медіресесі аз қоғамға айналып кетуден де сақтанған абзал.

– Енді өзіңіздің шығармашылық табыстарыңызға тоқталсаңыз? Соңғы кезде талғамы жоғары оқырмандарға қандай туындылар ұсындыңыз?

– Жетпістің желкесіне шығып тұрмыз. Соған байланысты «Күзгі көңіл» деп аталатын жыр жинағым және «Оңашадағы оқшау ойлар» деп аталған прозалық миниатюралар кітабым жарық көрді. «Зейнолла ишан», «Жұмыртқа», «Көлеңке», «Қашқын» деп аталатын бірнеше пьеса жаздым. Балалар әдебиетіне шама-шарқымша үлес қосып жүрмін. Биылғы жылы оннан астам суретті кітапшалар жарық көруге тиіс.

Таңбалар: басты тақырып
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Диалогтық алаң – достық дәнекері
Видео

Диалогтық алаң – достық дәнекері

09.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы

06.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ілім алу - ислам талабы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80955 бөлісті
    Бөлісу 32382 Твитерге 20239
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00