Жұма, 23 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ең жақсы жан кім?

11.11.2020
- Қоғам
0
601
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам діні туралы сөз қозғағанда, кемелдік пен парасатқа толы құндылықтарды айтуға болады. Соның ішіндегі ең қымбат әшекей – ұят, әдеп.

Алла Тағала өзі көркем бейнеде жаратқан құлдарына әдепті шеберлікпен өсиет етеді: «Шын мәнінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Арсыздыққа, жамандыққа және шектен шығуға тыйым салады. Сендер түйсінер деген оймен сендерге насихат етеді», – деп «Нахл» сүресінің 90-аятында баяндаған.

Күллі үмметтің көшбасшысы, ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар сахабаларына әдепті үйретіп отырған. Өйткені әдеп адам баласына қажетті қасиет. Алла алдындағы қандай да бір құлшылығын орындайтын құлға әдеп қағидаларын білу маңызды.

Адамзат баласының көңіліне қаяу, жүрегіне дақ түсірмей, дүниелік және ақыреттік бақытқа қол жеткізу шынайы мұсылманның ғана қолынан келеді. Алланың ұлылығын сезінген адам әдеп шеңберінен шықпайды. Ол үнемі өзін бақылауда ұстап, Алланың қаһарынан қорқады. Сол арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттырады.

Мұсылманның әдебі мен көркем мінезі оның иманының кемелдігін көрсетеді. Ибн Аббас: «Абыройларыңды қорғап тұратын бекініс, ол – әдеп», – деген. Демек, әдеп Алла Тағаладан берілген тәж іспетті. Әнәс ибн Мәлік: «Амалда әдеп байқалса, оның қабыл болуына ишарат бар», – деген екен. Сол себепті де көркем мінездің ең биік шыңы – әдеп.

Адам үшін ең құнды бес асыл

Адам үшін ең құнды бес асыл

22.05.2025
Ұрпақ тәрбиесі һәм ұлттық құндылық

Ұрпақ тәрбиесі һәм ұлттық құндылық

21.05.2025

Суфиян Сәури әдеп тұрғысында былай дейді: «Мына үш қасиет бойында болған кісі мақұрым қалмайды. Олар: «Әдепті болу. Әдепті кісімен мәжілістес болу. Өзге жанды ренжітуден аулақ болу».

Біз Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірінен өнеге аламыз. Оның мінезі өте көркем болған. Әрдайым күлімсіреп, айналасына шуақ шашып жүретін. Ұяты өте жоғары еді. Бір адамға дауыс көтермей-ақ санаға сәуле таба білген. Әнәс ибн Мәлік (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) әдебі туралы: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешқашан біреуді балағаттамайтын. Мүбәрак аузынан жаман сөз шықпайтын. Біреуді лағынеттемейтін. Арамыздағы біреуді тәртіпке салғысы келсе: «Алла игілігін берсін! Оған не болған?» – деуші еді.

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) жолда келе жатып бір адамға кездесті. Ол кісі ұяты мол бауырына ұрсып: «Сен ұялып жүрсің. Әдептісің. Бірақ мұның саған залалы тиеді. Істерің алға баспайды», – деп айтып жатқанын естіген пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оған тиіспе! Өйткені, ұят – имандылықтың белгісі», – деген.

Әбу Ханифаға қызмет еткен Дәуіт Тай: «Жиырма жыл Әбу Ханифаның қасында болдым. Осы уақыт ішінде оның жалғыз, яки біреулермен отырғанда жалаңбас отырғандығын немесе демалу үшін аяқ созып отырғандығын еш көрмедім. Мен оған: «Жалғыз отырғанда аяғыңды ұзатқанда тұрған не бар?» – деп сұрадым. Маған қарап: «Хақ Тағаланың алдында әдепті болған абзал», – деп жауап берген екен.

Кісінің әдебі неден көрініс алады? Бұл көрініс адамдармен қарым-қатынас жасау барысында сөйлеу мәнерінен, ойлану қабілетінен байқалады. Алла Тағала Құран кәрімде барша мүминдерге: «Уа, иман келтіргендер! Алладан және оның елшісінен ілгері кетпеңдер! Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз Алла (барша нәрсені) естиді, біледі. Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды пайғамбардың даусынан асырмаңдар! Өзара бір-біріңе дауыстағандай, пайғамбарға дабырлап сөйлемеңдер! Әйтпесе, амалдарыңның босқа жойылып кеткендігін аңғармай қаласыңдар!» – деп ескерткен («Хужурат» сүресі 1-2-аяттар)

Алла елшісінен (с.ғ.с.): «Ең жақсы жан кім?» – деп сұрағанда: «Тілі мен қолынан (өзге) мұсылмандар аман болған кісі», – деп жауап берген. Демек, сөз арқылы жақсы садақа жасауға болады. Болмаса күнәлі іс жасау ықытималдығы да бар. «(Уа, Мұхаммед!) Құлдарыма ең көркем сөзді қолдансын деп айт!» («Исра» сүресі, 53-аят) деген Жаратушының ескертуі бізді ақылға бастауы тиіс.

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) түйесінің үстінде келе жатады. Сахабалары оның алдына түсіп кетеді де, Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) пайғамбарға қарап:

– Уа, Алланың елшісі! Мазаңызды алмасам, жаныңа жақындауыма рұқсат бер! – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Жарайды, жақында, – деді. Мұғаз оған жақындап, бірге отырды да:

– Уа, Алланың елшісі! Жаным жолыңа құрбан болсын! Хақ Тағаладан біздің жанымызды сенен бұрын алсын деп тілеймін. Құдай бетін аулақ етсін. Бірақ сен бізден бұрын көз жұмсаң, қандай құлшылықтар жасайық? – деп сұрайды. Пайғамбар үнсіз қалды. Мұғаз (р.а.):

– Алла жолында күресейік пе? – дегенде, пайғамбар (с.ғ.с.):

– Алла жолында күресу ғажап іс. Бірақ адамдарға одан да қайырлы іс бар, – деді. Мұғаз (р.а.):

– Ораза ұстап, намаз оқу ма? – деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Адамдарға мұнан ізгі іс бар, – деп жауап береді. Мұғаз (р.а.):

– Әке-шешем жолыңа құрбан болсын! Адамдарға мұнан артық қандай ізгі іс бар? – деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Игі нәрсе айтпаса, жақ ашпау, – деп жауап береді. Мұғаз (р.а.):

– Сөйлеген сөзіміз үшін жауап есепке тартыламыз ба? – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Мұғаздың тізесін түртіп:

– Алла сені мейіріміне бөлесін, Мұғаз! Адамдарды тозаққа түсіретін тіл емей немене? Кімде-кім Аллаға және ақыретке иман келтіретін болса пайдалы сөз айтсын. Зияны тиетін сөзді айтпасын. Сендер игі сөз сөйлеп, табысқа жетіңдер. Зиянды сөз айтудан аулақ болып, тыныштық табыңдар, – деді.

Осы өнегелі көріністер өмірімізге сабақ болса игі. «Көп сөйлеген, көп қателеседі» дейді игі жақсылар. Аз сөйлеу арқылы адам әдебін арттырып, ішкі дүниесін таза ұстайды. Демек мұсылман үшін, жалпы адамзат үшін ар-ұяттың, әдептің орны бөлек.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Иман алпыс немесе жетпіс тармақтан тұрады. Ең абзалы «ләә иләһә иллаллаһ (Алладан басқа құдай жоқ)» деп айту. Ең төменгі дәрежесі жолда жатқан кедергіні алып тастау. Ұят та иманның бір тармағы», – деп бекер айтпаса керек. Олай болса, «әдеп» атты әдемілік әшекей жоғалмасын!

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: әдепәдептілікмәулітПайғамбарсахабаТұрар Түгелұлы
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Әдептілік деген не?
Сұрақ-жауап

Әдептілік деген не?

24.04.2025
Ғибратты әңгімелер

Пайғамбарға деген сүйіспеншілік

23.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бүгінгі бесік жыры қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76675 бөлісті
    Бөлісу 30670 Твитерге 19169
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2493 бөлісті
    Бөлісу 997 Твитерге 623
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2724 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
О совершении намаза на восходе солнца
Сұрақ-жауап

Жолаушы адам парыз намаздарын қалай оқиды?

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00