Жұма, 10 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зұлқарнайын (ғ.с.) және данагөй патша

08.04.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
53
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зұлқарнайын (ғ.с.) бір сапарында нәпсісін жеңуге талпынған, өлімнің хақтығын жүрегімен сезінген ерекше бір қауымға жолыққан екен. Бұл елдің адамдары дүние-мүлікке қызықпайтын, алтын мен күмісті көзге ілмейтін көрінеді. Олардың бар тіршілігі қарапайым – жерден өсіп шыққан көкөніспен ғана күнелтетін. Бірақ сол қарапайым өмірдің өзінде терең бір сыр, мағыналы бір ғибрат бар еді.

Бұл қауымның өзгелерден ерекше бір әдеті бар-тын: әрбір адам өз қабірін алдын ала қазып, күн сайын соны тазалап, сол жерде құлшылық ететін. Олар үшін қабір – қорқыныш мекені емес, керісінше, өмірдің өткіншілігін еске салатын үнсіз ұстаз іспетті еді.

Бір күні Зұлқарнайын (ғ.с.) олардың патшасын шақыртады, бірақ патша келмепті.

– Мен ешкімді іздемеймін. Кімде-кім мені қаласа, өзі келсін, – деді ол сабырмен.

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

10.07.2026
Діни бірлестіктер арасында татулық бар

Діни бірлестіктер арасында татулық бар

10.07.2026

Сонда Зұлқарнайын (ғ.с.) оның өзіне барады.

– Мен сені шақырдым, неге келмедің? – деп сұранда, патша байыппен жауап былай деп үн қатқан екен:

– Саған деген мұқтаждығым жоқ. Егер бір қажетім болса, өзім-ақ барар едім – депті.

Бұл сөздерде тәкаппарлық емес, керісінше, дүниеден баз кешкен жанның бейқам тыныштығы сезілетін. Мұны аңғарған Зұлқарнайын (ғ.с.):

– Сендердің бұл тіршіліктерің ерекше екен. Мұндай халді бұрын-соңды көрмеппін, – деді.

Патша терең оймен былай деді:

– Біз алтын мен күміске құмартпаймыз. Өйткені азғана дүние адамның қолына тисе, ол одан да көбін аңсайды. Сол аңсаған нәрсесі адам жанын мазасыз етеді. Біз сол мазасыздықтан қаштық – дейді.

Зұлқарнайын (ғ.с.) қабірлерге қарап:

– Ал мына қазылған қабірлерің ше? Неліктен осында ғибадат жасайсыңдар? – деп сұрады.

Патша күлімсірей жауап берді:

– Бұл – біздің жүрегімізді сергек ұстайтын амал. Қабірге көз салған сайын, бір күні сонда жататынымызды еске аламыз. Сонда дүниенің бәрі көз алдымызда мәнін жоғалтады.

Сонда Зұлқарнайын (ғ.с.):

– Неге мал өсірмейсіңдер? Етін жеп, сүтін ішсеңдер болмай ма? – деді.

Патша сабырмен:

– Біз асқазанымыздың тірі жандарға қабір болғанын қаламадық. Ризықты жерден аламыз. Оның үстіне, тамақтың дәмі де тамақтан өткен соң жоғалады, – дейді.

Осылайша, бұл қауымның қарапайым тіршілігінің астарында терең даналық, ал олардың тыныш өмірінде нәпсіні жеңген жүректің ұлы сабағы жатты.

Иә, шынайы бақыт – өткінші дүниеде емес, нәпсіні тежеп, рухани тазалыққа ұмтылуда. Адам баласы өлімді естен шығармай, өмірдің мәнін терең түсінгенде ғана тура жол табады.

Бұл хикая адамды қанағат пен қарапайымдылыққа үндейді. Дүниенің жалған қызығына алданбай, жүректі тазартуға, нәпсіні тәрбиелеуге шақырады. Өлімді еске алу – қорқыныш емес, керісінше адамды ізгілікке, сабыр мен парасатқа бастайтын рухани шамшырақ екенін ұқтырады.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: ҒибратПайғамбарпатша
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

05.07.2026
Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…
Ғибратты әңгімелер

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни экстремизм мен радикализмнен сақтануға арналған 10 кеңес

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Республикалық бас мешіт “Нұрсұлтан мешіті” деп аталады

    Республикалық бас мешіт “Нұрсұлтан мешіті” деп аталады

    37
  • Жаңа Конституция – жаңа құқықтық кезең

    35
  • Ұстаздың ұрпағына құрмет

    17
  • Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

    16
  • Сауапты амал деген не?

    16

Соңғы жарияланымдар

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
Жаңалықтар

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

10.07.2026
Елімізде қанша Отбасын қолдау орталығы бар?
Инфографика

Елімізде қанша Отбасын қолдау орталығы бар?

10.07.2026
Діни бірлестіктер арасында татулық бар
Видео

Діни бірлестіктер арасында татулық бар

10.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00