Жексенбі, 2 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рухани дипломатия немесе бейбітшілікке бастайтын бес қадам

05.06.2020
- Мемлекет және дін
0
219
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы 10-11 маусымда Елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өтіп, оған 42 мемлекеттен 80-нен астам делегация қатысқаны белгілі.

Олардың қатарында БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла ІІ, Финляндия Президенті Саули Ниинистелер болды. Съездің басты тақырыбы – «Бейбітшілік пен даму үшін диалог» болып белгіленген еді.

Сол уақытта әлемнің әртүрлі жерінде этникалық және діни қақтығыстардың өршіп тұруы және жаһандық геосаяси қысымның жоғарылауы форум жұмысының маңызын арттыра түсті.

Дін лидерлерінің алдында сөз алған Елбасы: «Егер әлемде бір нәрсе тек бір мәрте жүзеге асса, онда оны кездейсоқтық деп санайды. Екі немесе үш рет болса – бұл тарихи заңдылық. Ал егер көптеген мәрте жүрсе – Ұлы Тарих дегеніміз, міне, осы! Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылар мен меймандарын бесінші рет қабылдап отыр!» – деп, аталмыш шараның еліміздің бас қаласында өткізіліп отыруының тарих парақтарына жазылғандығына мән бере кеткен еді.

На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі

Өзге дінге құрметтің озық үлгісі

27.07.2026

Сонымен қатар, дінаралық қарым-қатынастардың толеранттылық пен өзара түсіністікке жетуге көмектесетініне сенім білдірген болатын. Форумның айрықша ерекшелігі ретінде әлемдегі діндер мен мәдениеттер арасындағы мәселелерді бейбітшілік пен тұрақтылық тұрғысынан талқылау екендігін айта отырып, бұл пікірсайыстың көкейкестілігін де білдірді.

Басты назардағы жаһандық қауіпсіздік режимінің күрт әлсіреуі, әлемдегі әскери және ішкі дау-дамайлардың қауырт өсуі, халықаралық терроризм қатері, аш және жоқ-жітік адамдар санының азаймауы, рухани-өнегелілік құндылықтарының көмескілендірілуі сияқты басты бес мәселеге жеке-жеке тоқтала кетіп, бірлескен декларация қабылдауды ұсынды.

Жоғарыда айтылған шешімі күрделі, бүкіл әлем халқын толғандырып отырған жайттарға өз тарапынан мынандай  ұсыныстар жасады.

«Бірінші. Барлық әскери жанжалдарды тоқтату және бітім жариялау. Барлық қарсы тұрушы тараптар келіссөздер үстеліне отырып, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт тұрғындарды қорғау, бүкіл қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жөнінде келісімдер қалыптастыруы тиіс.

Екінші. Кез келген елде және мемлекетаралық қарым-қатынастарда кез келген саяси қарама-қайшылықтарды шешудің күш қолдану тәсілдері батыл түрде теріске шығарылуы керек.

Үшінші. Бүкіл жетекші державалардың саяси лидерлерін қазіргі заманғы әлемдегі сенімсіздік шыңырауының ұлғая түсуін тоқтатуға шақыру маңызды. Салдарынан «үшінші әлем» мен қарапайым адамдар ауырырақ зардап шегетін өзара санкцияларды тоқтату қажет. Әлемді ХХІ ғасырда «қырғи-қабақ соғыс» уақытының стереотиптерін, әсіресе, блоктық ойлауды қайта жаңғырту қаупінен сақтандырудың маңызы зор. Бүгінде қарама-қайшылықтарды реттеу, соғыстар мен дау-жанжалдарды тоқтату үшін БҰҰ мен қауіпсіздіктің өзге де халықаралық құрылымдарының мүмкін деген барлық тетіктерін пайдалану керек.

Төртінші. Барлық адамдарды саналылыққа және Интернетті қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы дінаралық араздықтарды тұтандыру үшін пайдалану тәжірибесін тоқтатуға шақыру қажет. Бұл тұрғыда БАҚ-тардың қожайындары мен баспагерлерінің, өздерін «төртінші билік» деп атайтындардың бәрінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек.

Бесінші. Мемлекеттер мен қоғамдарға кедейшілік, аштық, эпидемия, жұмыссыздық, табиғи зұлматтар мен техногендік апаттар проблемаларын шешу үшін күш-жігерді біріктіру өмірлік тұрғыда қажет».

Әлемде тыныштық пен келісімді орнатуға негізгі қадам ымыраға келуге дайын болу екендігі жеткізіліп, съезд жұмысының қортындысына сәйкес қатысушылар тарапынан бірлескен декларация қабылданды. «Рухани дипломатия» атанған түрлі елдердің діни қайраткерлеріне 21 ғасырдың сын-тегеуіріндері мен қауіптеріне қарсы бірлесе қарсы тұру қажеттігі туралы үндеу жасалды.

Мұратбек ДӘРІБАЙ

Қолданылған материалдар:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V съезінің ашылуында сөйлеген сөзі, http://www.akorda.kz

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпбейбітшілікдінаралық қатынасЕлбасыТолеранттылық
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі
Мемлекет және дін

Өзге дінге құрметтің озық үлгісі

27.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сүйінші хабар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    32
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    26
  • Діни төзімділік деген не?

    24
  • Дінтанушы: Деструктивті діни ағымдармен күресте алдын алу маңызды

    20
  • Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

    20

Соңғы жарияланымдар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00