Сенбі, 2 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарлар арасында әйелдер бар ма?

19.05.2020
- Қоғам
0
943
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла әйелдерді де пайғамбар етіп жіберген түсінік Ашғари сенім мәзһабында бар, ал Матуриди сенім мәзһабында әйелдерден пайғамбар болмайды деген түсінік бар. Осы орайда Ашғари ғұламалары әйел пайғамбар деп кімдерді айтып отыр? Дағуатшы әйел пайғамбар мағынасында айтылған ба? Бұл екі пікірдің астарында не бар, айтып берсеңіз?

Құрметті мұсылман бауырым!

Негізіне қарайтын болсаңыз, әйел пайғамбар бар деген ғұламалардың пікірінде «дағуатшы әйел пайғамбар» деген түсінік жоқ және бұндай пайғамбар жіберілмеген. Кейбір ислам ғұламалары Құран Кәрімде Хз. Мәриям, Хз Мұсаның анасы сынды Алладан уаһи алған кейбір әйелдерге «Уаһи келген әйелдер» деген. Алайда дағуат етуші әйелдер мағынасында қолданылмаған.

Ал кейбір ислам ғұламаларын Құран Кәрімде айтылған әйелдерге уаһиды «Илхам – шабыт» мағынасында қолданған. Яғни, екі мәзһаб ғұламалары да «Дағуатшы әйел пайғамбар» мағынасында қолданбаған. Ғұламалардың бір бөлігі уаһи сөзіні тікелей алса, екінші бөлігі «Илхам – шабыт» мағынасында алғанын байқаймыз.

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026

Сонымен қатар, уаһи сөзін қай мағынада алатын болсақ та, пайғамбарлық міндетін атқаратын пайғамбар Алла тарапынан жіберілмеген.

Пайғамбарлар мұғжиза көрсететін  және Алладан уаһи алатын бір адам болуымен қатар, илаһи сипаттары болмайды. Әр адам сияқты ол да туылады, өмір сүреді және бақилық болады. Пайғамбарлардың пенделік қасиеттерінің болуы, оның міндетіне әсер етпейді. Керісінше адамдармен қарым-қатынас құрып Алланың әмірлерін жеткізіп, дағуатшылдық қызметін атқарады.

Пайғамбарлардың ақылы, әдептілігі және басқа да кемшіліктерден пәк болуы, міндетін толық атқару үшін берілген қасиеттерінен болып cаналады.

Матуриди мәзһаб ғұлмаларының барлығы және Ашғари мәзһабы ғұламаларының кейбірінің пікірінше Пайғамбарлардың еркек болуы шарт. Сондай-ақ, Құран Кәрімде тек еркектер ғана пайғамбарлық міндетті атқаратыны жайында аяттар бар. [«Жүсіп» сүресі, 109-аят; «Нахл» сүресі, 43-аят; «Әнбия» сүресі, 7-аят].

Жаратылысынан еркектерге қарағанда шыдамдылығы әлсіз болған әйелдер, қиындыққа төтеп бере алмай, пайғамбарлық міндеттерін толық орындай алмауы мүмкін. Әбу л-Хасан Әл-Ашғари және кейбір ғұламалары нәби және расул деп тұжырымдай келе Хз. Асия, Хз. Мәриям және Хз. Мұсаның анасы сынды әйелдерді нәби пайғамбарлар деп қабылдаған.

Бұлардың пікірінде нәби Алланың дағуатты міндеттемей тек өздеріне уаһи жіберілген адамдар. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің Әл-Ғимран сүресінің, 42-ші және Қассас сүресінің 7-аяттарында  Хз. Мұса мен Хз. Исаның аналарына уаһи жіберілгенін, Хз. Мәриямды әлемдердің барлық әйелдерінен дәрежесі жоғары болғаны туралы айтылған.

Әйелден пайғамбар жіберілмейтіні жайында Ибнул Хумамның Әл-Мусайра деп аталатын еңбегіне түсініктеме жазған Камал б. Әби Шариф, әйелден пайғамбар болады деген пікірін екі терминмен түсіндірген.

Бұл екі термин Нәби және Расул түсінігі. Алладан уаһи алғанға «Нәби» десе, Алладан уаһи алып әрі сол міндетті арқалаған адамға «Расул» дейміз. Алладан уаһи алған, алайда пайғамбарлық дағуат міндетін алмағандарға нәби дейміз. Ал бұл сында нәбилер әйелдер болуы да мүмкін. Алайда, Камал б. Әби Шариф бұл мәселеде «Расул болмаған нәби» деген пікірді қолдамаған. Өйткені бұндай адамдар діннен саналатын уаһи жіберілмеген. Осы себептен де әйелдерге нәби деп айтылуы дұрыс емес.

Қорытындылай келе, Матуриди ғұламаларының пікірінше «Рисалет» яғни дағуатшы пайғамбар жіберілмеген.

Исатай Бердалиев

Ислам Құқық ғылымдарының докторанты

 Пайдаланған әдебиеттер

  1. Әбу Мансур Мухаммад б. Мухаммад б. Махмуд б. Әл-Матуриди әс-Самарканди (ө. 333/944), Тәуилатул Қуран, 5-том, 208, 337 беттер.
  2. Арапкирли Хусайн Ауни, «Илми келам», Ыстамбұл 1331, 125-126 беттер.
  3. Нуриддин Әс-Сабуни (ө. 580/1184), Әл-Бидая, 46-бет.
  4. Садуддин Масуд б. Фахраддин Омар б. Бурханиддин Абдиллаһ әл-Харауи әл-Хоросани әт-Тафтазани (ө. 792/1390, Шәрхул Макасид, 2-том, 198-бет.
  5. Камаладдин ибн Әбу Шариф, Әбу л-Мәали Камалуддин Мухаммад б. Мухаммад б. Әби Бәкір әл-Макдиси (ө. 906/1500), Әл-Мусаммара, 195-196 беттер.
  6. Алмалы Хамдинің (1878-1942) «Хак дини Куран Дили», Ыстамбұл, 5-том, 106-бет.
Таңбалар: ӘйелисламҚұранПайғамбар
Бөлісу23Твитерге14Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Сұрақ-жауап

Мұсылманның қоғамдағы орны қандай болу керек?

16.04.2026
Ғибратты әңгімелер

Зұлқарнайын (ғ.с.) және данагөй патша

08.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дәмханалар мен мешіттер ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    10 бөлісті
    Бөлісу 4 Твитерге 3
  • Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

    6 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 2
  • Отыз жыл сал болған сахаба

    6 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 2
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1

Соңғы жарияланымдар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті
Жаңалықтар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті

02.05.2026
Қоғам

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Бірлік – береке бастауы
Ислам

Ынтымақты сақтау – қоғам кепілі

02.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00