Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламдағы гигиена талаптары

31.05.2020
- Қоғам
0
859
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам денсаулық, тазалық және гигиена мәселелеріне үлкен мән береді. Тазалықты сақтау – діннің негізгі мақсаты және оны иман дәрежесіне дейін көтерген. Сонымен қатар, кейбір діни рәсімдерді орындау үшін де тазалық жасалуы парыз әрі тазалықсыз рәсімді орындауға рұқсат берілмеген.  

Тарихта кейбір халықтар руханилықтың шыңына жетуді “мақсат” тұтып, өзін-өзі күтуден, ары мен тазалығынан бас тартса, Ислам бұндай әрекеттерді құптамаған. Керісінше, күнделікті бес уақыт намазда дәрет алып тазалануды бұйырған. Мұнымен қоса, барша мұсылманға жүніптік жағдайда, яғни ерлі-зайыптылардың жақындасуынан кейін денені тұтастай жуу міндеттелген.

Сондай-ақ, қоғаммен қарым-қатынаста ауыздан және киімнен шыққан жағымсыз иістер мен аяқ-киімде пайда болатын жағымсыз құбылыстардан тазаруды бұйырады. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тазалыққа қатысты айтқан хадистеріне сүйене отырып, әрқайсын бөліп қарастыруды жөн көрдік.

Иманның жартысы

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026
Қазығұрт тауының атауы көкжал қасқырмен байланысты ма?

Қазығұрт тауының атауы көкжал қасқырмен байланысты ма?

24.08.2026

Әбу Мәлік әл-Ашғари (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Тазалық – иманның жартысы» деп бұйырғанын айтады. Алла Тағалаға иман еткен барша пенденің арманы болған жәннаттың кілті – иман. Ал, осы иманның жартысы тазалықтан тұрады. Яғни исламның жартысы – тазалық екені белгілі. Барлық фиқһ кітаптарының бірінші тақырыбы – тазалық. Өйткені, таза болған адамды баршамыз жақсы көреміз, құрметтейміз. Ислам дінін насихаттайтын адам да алдымен өзін таза әрі тәртіпті ұстауы міндет.

Тіс тазалау

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мисуак [1] ауызды сергітеді және тазартады…» деп бұйырған. Ауыздың тазалығына қатысты тағы бір хадисте Пайғамбарымыз: «Егер үмбетіме қиыншылық болуынан қорықпасам, онда әр тазалықта мисуакты қолдануды бұйырар едім», – деген.

Біз адамдармен үнемі қарым-қатынаста сөйлегенде ауыздан жағымсыз иіс шығуын қаламаймыз. Ауызды үнемі тазалап жүрудің денсаулығымызға да пайдасы бар.

Тазалық – денсаулық кепілі

Әбу Хүрәйра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Фытраға (адам табиғаты) бес нәрсе байланысты: сүндеттеу, әурет жерлерді қылдан тазалау (қыру), тырнақтарды кесу, мұртты және қолтық асты түктерді кесу», – деген.

Адамның жаратылысына сай бұл бес тазалықты тұрақты қадағалауды талап еткен. Өйткені, бұл жұқпалы аурулар мен тері аурулардың алдын алу үшін болса керек.

Жұма алдында ғұсыл алу

Әбу Зарр (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұмада толықтай жуынып, денесіне хош әрі жұпар иістер сеуіп, ең жақсы киімін кисе, содан кейін мешітке келіп, бос әңгіме айтпаса немесе екі адамды бір-біріне жау етпейтін болса, осы күн мен алдыңғы жұманың арасындағы (оның күнәлары) кешіріледі», – деп бұйырған.

Екі жұма арасындағы күнәлардан арылудың басты шарты – тазаруға негізделген бұл хадисті оқыған барша мұсылман әр жұма сайын ғұсыл (толық жуынуға) алуға асығады.

Қоршаған ортаны таза ұстау

Муғаз бин Жәбал (Алла оған разы болсын) жеткізген бір хадисте, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарғыс тудыратын үш нәрседен сақ болыңдар: су көздеріне, жол жағасына (адамдар жүретін жерде) және көлеңкеде (адамдар отыратын көлеңкеде) дәрет сындырмаңдар», – деп бұйырған.

Қоғамдық орындар мен көпшілік қолданатын жерлерге қатысты Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде: «Жолдағы кедергілерді алып тастау – зекет (садақа)», – деп бұйырған.

Қуатты мүміннің артықшылығы

Әбу Хүрайра (Алла оған разы болсын) жеткізген бір хадисте, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екеуінің де өзіне тән қайыры болғанымен, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деп бұйырған.

Ауру – астан

Әл-Михдам (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген бір хадисте: «Мен Алла елшісінің былай дегенін естідім: “Алла Тағала адам баласының қан тамырларын жаман нәрселермен толтырмаған, тек адам өз қолымен өзіне жамандық жасамаса. Адам баласына өмір сүру үшін күнделікті аз ғана тамақ жеуі де жеткілікті. Асқазанның үштен бірі тағамға, үштен бірі суға және қалған үштен бірі ауаға қалдырылсын», – деп бұйырған.

Артық тамақ адамды жалқаулыққа, ұйқыға және семіздікке алып келіп, өмір сүру әдебіне қиындық туындатады.

Исатай БЕРДАЛИЕВ

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбу Абдуллах Мухаммад б. Исмайл б. Ибрахим әл-Жуфи әл-Бұхари (ө. 256/870), Жәми у-Сахих, «Тәмиз» бабы.
  2. Әбу Абдиррахман Ахмад б. Шуғайб б. Али ән-Насайи (ө303/915), Сунен, «Иман» бабы.
  3. Әбул-Хусайн Муслим б. Хаджаж б. Муслим әл-Кушайри (ө. 261/875), Әл-Жамиу с-Сахих, «Иман» бабы.
  4. Әбу Иса Мухаммад б. Иса б. Сәури әт-Тирмизи (ө. 279/892), Әл-Жәми у-Сахих, «Тамиз» бабы.
  5. Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, I-том, 18-45-беттер.

 

[1] Тістерді тазарту үшін арнайы ағаштың бұтақтарынан қалам іспеттес етіп жасалынған ағаш.

Таңбалар: гигиенаденсаулықисламтазалық
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда сөз бостандығы бар ма?
Сұрақ-жауап

Исламда сөз бостандығы бар ма?

21.08.2026
Тарихқа тағылым болған әділет
Ғибратты әңгімелер

Тарихқа тағылым болған әділет

05.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Еліміздің қай өңірлерінде мешіттер тығыз орналасқан?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    29
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    26
  • Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

    23
  • Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

    19
  • Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет

    19

Соңғы жарияланымдар

Электронды кітапхананы пайдалану көрсеткіші
Инфографика

Электронды кітапхананы пайдалану көрсеткіші

26.08.2026
Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты

26.08.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремистік әрекеттерге итермелейтін факторлар

26.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00