Сейсенбі, 24 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Туыстық қатынас – тұрақтылық кепілі

27.04.2020
- Қоғам
0
561
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам қоғамдағы татулық пен бірлікті қолдап, тұрақтылықты көздейді. Исламдағы кез келген құлшылықтың әлеуметтік маңызы бізге осы жайтты аңғартады. Мысалы, намазды жамағатпен оқу, мешіт, аудан жамағатының бірлігін көздейді. Намазға келген адам, әдетте намаз барысында қасында тұратын адаммен рухани байланыс орнатады. Егер ол мешітке немесе намазға келмей қалса, оны жақсы танымаса да басқалардан ол туралы хабар алып тұрады.

Жамағатта түрлі саланың мамандары, әр түрлі әлеуметтік деңгейдегі және түрлі этнос өкілдері бір-бірімен тығыз байланыс орнатады. Сол сияқты рамазан айын алып қарайық. Ораза айында қала, аудан, ауыл және көше азаматтары бір-бірімен ауызашарда бас қосады. Адамдар арасында жаңадан таныстық артады, бизнес, сауда және өнер мен ғылым байланыстары жаңарады. Байлар мен кедейлердің арасында сұйіспеншілік артады, дұшпандық пен түсінбеушілік жойылады және сол сияқты қажылықты, садақаны түсіндіріп шексіз жалғастыруға болады.

Дәл сол сиятқы  туыстық қатынас та қоғам азаматтарының бір-бірімен байланыстын нығайтуды көздейді десек қателеспеген боламыз. Бұл да алыс-жақын елді-мекен арасын жақындату, туыстық арқылы қарым-қатынасты күшейту. Мұны Алла Тағала әмір етіп қана қоймайды, солай жасауға жігерлендіреді, мол сауатан да жазады. Мысалы, Алла туыстық қатынасты Өзінің мейірімімен теңеп, оны Құранда бірнеше жерде әмір етті:

«Ей, адам баласы! Сендерді бір адамнан жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер-әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (алшақтаудан) сақтаныңдар. Шексіз Алла сендерді бақылаушы» (Ниса: 1).

Бітімгер – бейбітшілік елшісі

Бітімгер – бейбітшілік елшісі

23.06.2025
Аспан неге көгілдір?

Аспан неге көгілдір?

23.06.2025

Алла Тағала туыстық қатынасты бізден сұрап, кейін өзінің Бақылаушы екенін айтып отыр. Әдетте басшы қарамағындағы қызметшіге тапсырма беріп, оның маңызды шаруа екенін білдіретін болса, «бұл істі мен өзімнің бақылауымда ұстаймын», – деп айтады. Сол сияқты Алла тағала да Құранда: «…Шексіз Алла сендерді бақылаушы», – деп бізге Өзінің бақылаушы екенін айтып ескертіп тұрғандай. Әрине, бұл жағдайлардың барлығы туыстық қатынастың Алланың қасындағы мәртебесі мен маңызын аңғартады. Ал қоғамда тұрақтылық пен бейбіт өмірден асқан маңызды не бар дейсіз. Басқаша айтар болсақ, тұрақтылық – бейбіт өмір кепілі. Тұрақсыздық жайлаған қоғамда бейбіт өмірдің болмайтыны айдан анық. Сол себепті Алла тағала туыстық қатынасқа – Аршыдан орын берген.

Айша анамыз (р.а.) пайғамбадың (с.ғ.с.) былай деп айтқан хадисын риуаят қылады:

«Туыстық қатынас – Аршыда ілініп тұр.

Ол (туыстық қатынас):

– Кім менімен (туыстық қатынасын) жалғастырса, Алла сонымен байланысын жалғасытырады. Ал кім менімен байланысты үзсе, Алла сонымен байланысын үзеді – деп айтады, (Бұхари, Мүслим).

Ертеректегі ғалымдардың бірі туыстық қатынасты сипаттап былай деген екен: «Егер сенің туысың болып, сен оған өз аяғыңмен бармасаң және малыңнан сый-сияпат жасамасаң, онда туыстық қатынасты үздім деп ойла».

Расында да қиямет күнінде туыстық қатынасты үзбеген адамның мәртебесі жоғары. Бұған қатысты Әнас ибн Мәлик (р.а.):

«Қиямет күнінде үш топ адам Алланың аршысының көлеңкесінде тұрады. Олар: туыстық қатынасын үзбеген адам. Оның өмірі ұзартылады, ризығы молайып қабірі кеңейтіледі; үй асыраушысы қайтыс болып, балаларымен қалған жесір әйел және қолында тағамы бар, онымен жетімдер мен міскіндерді тамақтандырған адам», – деп айтқан.

Алла Тағаланың аршысында тұратын адамдардың қатарында туыстық қатынасты үзбеген кісінің тұратынын білдік. Бұған қоса оның бұл дүниеде туыстық қатынасты жалғастырғаны үшін өмірі де ұзартылады екен.  Расында бұл Алланың пендесіне беретін сансыз нығыметтерінің бірі.

Қоғам, ұжым жеке индивидтерден құралады. Ал ағайын-туыстық бір емес, жүздеген тіпті мыңдаған адамдардан құралады. Бұл үлкен күш, қоғамның негізін қалайды. Егер жер бетіндегі барлық адам Алла Тағала әмір қылғандай ағайын-туысымен тату-тәтті өмір сүретін болса, онда жер бетінде соғыс та болмас еді. Мемлекет ішіндегі адамдар сауда саттықта, отбасында, ұжымда, қызметте бір-бірімен жақсы қарым қатынас құрып, арадағы сыйластық пен сенім артады.

Тарих сахнасына қарасақ, ертедегі шайқастың барлығы топтар мен тайпалар арасында орын алған. Ал сол топтар мен тайпалардың негізін қалаған бауырластық, жақындық, ағайын-туыстық қатынас. Демек, қоғамдағы тұрақтылық, бейбіт өмір екі адамның қарым-қатынасынан бастау алып, кейін ағайын-туыстық, сосын ұжымдық болып әрі қарай жалғасып кете береді екен.

Алла Тағаланың туыстық байланысқа қатысты айтқан әмірін мұсылман халықтары орындауы арқылы қоғам тұрақтылығына өз үлесін қосуда. Өйткені, олар Алланың әмірін мүмкіндігінше бұлжытпай орындауға тырысады. Негізі мұсылман мемлекетері мен халықтарының арасындағы туыстық қатынасты, батыс мемлекетеріндегі туыстық үрдіспен салыстыратын болсақ, мұсылман халқы арасындағы туыстық байланысының (бауырластық, көрші ақысы, отбасын құру, мұқтажға жәрдем беру, жақсылық жасау және т.б.) құндылықтардың басым әрі күшті екенін байқайсыз. Мұның сыры не деп ойлайсыз? Әрине, Жаратушының пенделеріне жіберген әмірі, уәде еткен сауабы мен жазасы. Пайғамбардың (с.ғ.с.) жақсылыққа жігерлендіретін хадистері мен өсиеттері. Бұл екеуі мұсылман халқы дінінің негізгі қайнар көздері. Адамдарды татулық пен бірлікке, туыстық байланыстың берік болуына шақыратын да осы екеуі.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫисламмейірімділіктуыстық қатынас
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?

22.05.2025
Қазақ неліктен «Шыбын жан» деп айтады?
Сұрақ-жауап

Исламда «жан» туралы не айтылған?

21.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мәңгілік өмір өлімнен кейін басталады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

Некенің дұрыстығы – жария болуында
Видео

Некенің дұрыстығы – жария болуында

24.06.2025
Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды
Жаңалықтар

Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

24.06.2025
Донорлық пен трансплантацияға қатысты жиын
Жаңалықтар

Донорлық пен трансплантацияға қатысты жиын

24.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00