Жұма, 16 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни радикализммен күрестегі ақпараттық жұмыстардың маңызы

27.02.2020
- Мемлекет және дін
0
243
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алғысөз ретінде айта кетер болсақ, еліміздегі дін саласын реттеу жұмыстары  бүгінгі таңда Конституцияда бекітілген зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алады. Сәйкесінше, біздің елімізде адамдардың дінге қатысты қажеттіліктерін еркін өтеулері үшін барлық жағдайлар  жасалған. Қолданыстағы заңнамаларда елімізде ешбір діннің міндетті еместігі және  ешбір дінге қандай да бір артықшылық берілмейтіні және заңды түрде қызмет атқарып отырған барлық конфессиялардың заң алдындағы теңдігі нақты бекітілген.

Осындай қарапайым әрі түсінікті ережелер, өз кезегінде, жұртшылықтың дін саласында жүргізіп отырған мемлекеттің саясатын оңды бағалауына мүмкіндік беріп отыр деп айтуға болады.

Осы ретте, біздің елімізде дін саласындағы саясатты іске асыру шеңберінде діни радикализмнің өсе түсіп отырған қаупін алдын алуға баса мән беріледі. Бұл бағыттағы дін саласындағы  уәкілетті орган болып табылатын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті барлық деңгейдегі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлестікте және  азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып өз құзіреті шегінде бірізді жұмыстар жүргізіп отырғанын айта кету керек.  

Уәкілетті органның діни радикализмнің алдын алудағы өз  құзіреті шегіндегі жұмыстарында қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» шеңберінде діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды дінтанулық сараптамадан өткізу, интернет-ресурстарды мониторингтеу арқылы күмәнді діни идеяларды таратумен айналысатын сайттар мен парақшаларды анықтау және оларды бұғаттауға ұсыныс беру жұмыстарынан бөлек жұртшылық арасында діни радикализмге иммунитет қалыптастыру мақсатында ағартушылық-түсіндіру жұмыстарын іске асыруға, әртүрлі теріс діни ағымдар мен жалған діни ұйымдардан зардап шеккендерді оңалтуға және ақпараттық жұмыстар жүргізуге ерекше мән беріледі.

Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарды бірізділігі жағынан бір-бірімен өзара тығыз байланыста көрініс табатын  бірнеше бөліктерге бөліп қарастыру керек.

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Діндар – діни және зайырлы құндылықтарды қастерлейтін тұлға

Діндар – діни және зайырлы құндылықтарды қастерлейтін тұлға

14.05.2025

Бірінші бөлікке діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарын құру, орталық және жергілікті деңгейде олардың жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру арқылы теріс діни идеяларға тоқсауыл қою жатады.

Радикалдық ағымдардың ұстанушыларын дәстүрлі ортаға қайтару, кеңес беру және оңалту жұмыстарын қамтитын екінші бөлікте теріс ағымдардың ұстанушыларын дәстүрлі ортаға қайтару және экстремизм баптары бойынша бас бостандықтарынан айырылып, түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілермен оңалту бағыттарында кешенді шаралар іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар уәкілетті органның қаржыландыруымен жұмыс істеп отырған «Ақниет» орталығы арқылы іске асырылуда.

Үшінші бөлікті дәстүрлі тарихи сананы, мәдени-рухани құндылықтарды насихаттау арқылы еліміздің тұрғындарын радикалдық діни ағымдардың теріс идеяларынан сақтандыру мақсатындағы  ақпараттық жұмыстар құрайды.

Жалпы, дін саласындағы ақпараттық жұмыстар тұрғындардың кең тобының арасында деструктивті және экстремистік идеялардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-танымдық және ағартушылық жұмыстардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Мұндай кешенді жұмыстар конфессияаралық келісімді нығайтуға, қоғам назарын осы салада орын алып отырған мәселелерге және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бұра отырып тұрғындардың мемлекеттік құрылымдарға қатынастағы сенімдерінің негізін қалауға және олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Діни радикализмнің алдын алу шегінде жүргізілетін ақпараттық жұмыстар еліміздегі діни ахуал туралы толыққанды, сапалы әрі сенімді ақпарат бере отырып, деструктивті діни ағымдарды мансұқтау және діни сипаттағы экстремистік идеялардың таралуының алдын алу мақсатына жұмылдырылуы тиістігі анық.

Діни радикализмді еңсеру бағытындағы ақпараттық өнімдер мақсатына сәйкес кең жұртшылықпен қатар нақты аудиторияға бағытталуы қажеттігін және еліміздегі діни ахуалды есепке алатын ақпараттық-танымдық және ағартушылық сипатқа ие болуы керектігін көрсетеді. Сәйкесінше, қазіргі күнде мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылып отырған  радикализмге қарсы ақпараттық жұмыстар дін саласындағы одан да ауқымды ақпараттық басымдықтарға бағындырыла отырып, жүзеге асырылуда.

Осы мақсатта  

– еліміздің тұрғындарының дін саласындағы мәселелерге қатысты көзқарасы мен ұстанымын  қалыптастырумен;

– азаматтардың дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы ақпараттандырылуын қамтамасыз етумен;

– дін саласындағы жалпы сауаттылық деңгейін көтеру арқылы азаматтардың құқықтық мәдениетін көтерумен;

– қоғамда зайырлы қағидаттар мен конфессияаралық келісімді ілгерілетумен және осы мәселелер шегінде орын алуы мүмкін шиеленістердің алдын алумен;

– жұртшылыққа заңды қызмет атқарып отырған діни бірлестіктердің  жұмыстарын ашып көрсетумен;

– қоғамда деструктивті жалған діни ұйымдар мен ағымдардың таралуының алдын алумен.

– өз құзіреттері шегінде дін саласындағы саясатты іске асырумен айналысып отырған мемлекеттік органдардың қызметтерін және осы бағыттағы жұмыстарға атсалысып жүрген қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жариялаумен және осы қатардағы басқа да байланысты жүзеге асырылып отырған кешенді жұмыстарды ашып көрсетумен байланысты ақпараттарды әзірлеуге, орналастыруға және таратуға үлкен мән беріліп отыр.

Осы орайда, діни радикализмнің алдын алудағы ақпараттық жұмыстарда бірнеше жылдар бойы пәрменді нәтиже көрсетіп келе жатқан «Kazislam.kz» ақпараттық-ағартушылық порталының жұмысы елеулі деуге болады.

Өзінің жеті жылға жуық тарихында танымал отандық діни сайтқа айналып үлгерген осы портал бетінде тұрғындардың діни сауатын арттыру, мемлекеттің зайырлы қағидатын және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың бойында діни радикализм, экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы иммунитет қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық материалдар толассыз жарияланып отырады.

Осы ретте, аталған порталдың сарапшылар бағанына келіп түскен сұрақтарға білікті теологтар тарапынан жауап беріп отыру бағаны жақсы жолға қойылғанын айта кету керек.

Қорыта айтқанда, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде бүгінде іске асырылып отырған ақпараттық жұмыстардың қоғамымызда идеялық тұрғыдан бой көрсетіп отырған діни радикализмді еңсерудегі маңызы күшейе түсетін болады.

Мейрам Иманбаев,
сарапшы

Таңбалар: дінМейрам Иманбаевсаясат
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәдениет – дүниетанымның шынайы көрінісі
Видео

Мәдениет – дүниетанымның шынайы көрінісі

29.04.2025
Қазақ пен мұсылман – бір ұғым
Видео

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

24.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адал пайда табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75564 бөлісті
    Бөлісу 30226 Твитерге 18891
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2475 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4810 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2712 бөлісті
    Бөлісу 1085 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00