Жексенбі, 9 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Терроризм бабымен сотталған тұлғамен сұхбат

05.10.2019
- Сұхбат
0
156
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Қайырлы күн, Сырымбет Қабдулаұлы! Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасуға келіскеніңізге рахмет.

– Сәлеметсіз бе! Сіздерге де шақырғандарыңызға рахмет.

– Отбасыңыз жайлы сөз қозғасақ қалай қарайсыз?

– Жеке өмірім талқыланғанын қаламаймын. Аллаға шүкір, бауырларым, әйелім және бала-шағам болды. Қазіргі таңда бауырларым қасымда. Алла нәсіп етсе, шаңырақ көтеріп, саналы ұрпақ тәрбиелегім келеді.

– Дін жолына келуіңізге не себеп болды?

– 2001 жылы ақиқат іздеп намаз оқи бастадым. Сол уақыттарда Қазақстанда Назратулла, Абу Мухаммед деген уағызшылар шыға бастады. Солардың уағыздарын тыңдай бастадым. Радикалды ұйым құру деген ойға кеттім. Джихад жасау және басқа да теріс пиғылдағы ойлар келді. Ақ пен қараны ажырату орнына, ол кездері жоғарыда аталған уағызшылардың айтқан сөздерін дұрыс екен деп жүрдім. Уағыздар дұрыс емес жолға итермеледі, себеп болды. Кәпірлер дүниесі халал дейді, сол себептен кәпірлердің дүниесін алып қойып, басқа жолға жұмсау керек болды.

Еліміздің құқық қорғау органдары тез арада іске кірісіп, қарулы топты құрықтап, жарылыс жасау жоспары толықтай тоқтатылды. 2013 жылы 14 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылыған ауданаралық сотының шешімімен «Елордада терактілер жасамақ болды» деп айыпталған алты адамды 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге үкім шыққан болатын. Солардың бірі С.Жүнісов еді…

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

25.10.2025
Қайролла ЕРЕЖЕПОВ: Ұлық күннің ұлағаты зор

Қайролла ЕРЕЖЕПОВ: Ұлық күннің ұлағаты зор

23.10.2025

– Өз көзқарасыңыздың қате екенін түсінуге не түрткі болды?

– Ол кезде джихад ұйымдастыру, соғысудың не екенін түсінбедік. Діни сауаттың жоқтығынан сол әрекеттерге бардық. Ол қателіктердің бәрін мойындаймын. 6 жыл бас бостандығымнан айырылу деген, маған үлкен сынақ болды. Көптеген қиыншылықтан өттік. Жанұяма және тағы да басқа да мәселелерде өте ауыр тиді. Босқа өткен уақыт. Өкінемін!

2018 жылдан бастап С.Жүнісов, «Астана қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығы» базасында деструктивті діни ағым ықпалынан оңалту мақсатында кешенді оңалтудан өтті. Материалдық (қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді), теологиялық (бірнеше жеке кездесу, «Тәжуид» сабағы аптасына 2 рет өтті), психологиялық көмектер көрсетілді. С. Жүнісовтің қатысуымен «Адасқанның оралуы…» тақырыбында бейнеролик түсірілді.

– Діни білім алу бойынша не айтар едіңіз?

– Діни сауат алуды басқа жерден іздемеу керек. Діни сұрақтарды тек діни орталықтардан және мешіттерден сұраңыздар. Кезінде еліктегендердің бірі мен болғанмын. Зардабын шеккендердің де бірі мен. Сондықтан сіздерден сұрайтыным, еліктемеу!

– Сұхбатыңызға рахмет!

Бүгінде Сырымбет жазасын толықтай өтеп шығып, дәстүрлі исламға бет бұрып, Ханафи мазхабына оралды. Отбасында қазақы салтты ұстанамыз дейді. Әйтсе де, абақтыға кеткен 6 жыл өміріне өкінеді. Енді қоғамға сіңісіп, қалыпқа келсем деген ойы бар. Ол күнге де жетер..

Сұхбаттасқан, Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері А. Нұрбек

Таңбалар: жат діни ағымдароңалту жұмысысұхбаттерроризмэкстремизм
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Ислам экстремизмге қарсы

01.11.2025
Терроризм – татулықты күйретер мәселе
Жаңалықтар

Терроризм – татулықты күйретер мәселе

29.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылмандар иман етуде тең дәрежеде

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қазақтың Хатикосы сияқты
Қоғам

Қазақтың Хатикосы сияқты

08.11.2025
Исламиадаға 98 спортшымыз қатысады
Жаңалықтар

Исламиадаға 98 спортшымыз қатысады

08.11.2025
Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы OpenAI-мен бірге ChatGPT-дің қазақша нұсқасын дамытуға келісті
Жаңалықтар

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы OpenAI-мен бірге ChatGPT-дің қазақша нұсқасын дамытуға келісті

07.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00