Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балықшының дұғасы

22.05.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
4.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Күндердің күні бір балықшы әдеттегідей маңдай терімен адал нәпәқасын таппақ болып, қармағы мен ауын арқалап өзен жағасына келеді. Құдайдан ризық тілеп, ауын суға тастап іске кірісіп те кетеді. Алайда, қармағына шабақ та іліне қойған жоқ. Пақыр балықшы еш үмітін үзбей, Жаратқанға жалбарынып, күн ұзақ тырбанып еңбектенді. Үйге балықсыз қайтуға болмайды. Өйткені, бала-шағасы аш отыр. Күн ұясына батып келе жатқанда Құдай беріп, ауына анау-мынау емес үлкен балық ілінді. Еңбегі еш кеткен жоқ.

Қуанышы қойнына сыймай, ауы мен қармағын жинап, үйіне қарай асықты. Осы кезде серуен құрып жүрген патшаның көзіне балықшы түсті. Нөкерлерін жіберіп, балықшыны алдына шақырды. «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» демекші, патшаның көзі бірден бейшараның бала-шағама деген асына түсті. Осылайша, зорлықпен ең соңғы талғажау ететін тамағын тартып алады. Сондағысы сарайда отырған жұбайын таңдандырмақ.

Кейін сарайына барғанда «Мынаны қара!» деп балықты жұбайына көрсетіп таң-тамаша боп тұрғанда, жануар ыршып патшаның бармағын тістеп алды. Балық тістеген титтей жері сыздап, жанын қоярға жер таппай, түнімен ұйқы көзін көрмеді. Ақыры, дәрігер шақыртып, тексертті. Дәрігер: «Бармағын кесу керек, одан басқа шара жоқ» – деді. Бірақ, мұнан кейін де ауру басыла қоймады. Қолы сыздап, шыдатпай бара жатыр. Тістің уы қолға тарап кеткендіктен, дәрігер білезіктен тағы кесті. Бірақ, одан басылған қол жоқ. Керісінше, патша өзін қоярға жер таппай, жаны мұрнының ұшына келді.

Амал жоқ, білегінен бір-ақ кесуге тура келді. Осыдан кейін ғана барып ауру басылғандай болды. Бірақ, патшаның жүрегі мазасызданып, тәнінің дерті қайтса да, жаны ауырады. Аяқасты келген бұл пәле қайдан екенін өзі іштей біліп, тынып отырды. Ақыры, патшаның аузынан болған оқиғаны естіген бір данышпан:

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

13.04.2026

–Жүрегің балықшы кешіргенде ғана жай табады, – деп ақыл айтты.

Балықшыны адам салып іздестіріп жүріп ақыры тапты. Бір түнде басына келген мұншама бәлелерді айтып, бас иіп кешірім сұрады. Балықшы да «алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» дегендей, болар іс болды деп кешірімін берді. Осыдан кейін ғана патшаның жүрегі тынышталды. Патша балықшыға: «Сен Құдайдан не деп дұға еткен едің» – дегенде балықшы: «Уа, Құдайым! Бұл маған күшін көрсетіп кетті, Сен де оған Өз құдіретіңді көрсете гөр» – деп айттым, – деген екен.

Әрине, балық – бар болғаны себеп. Бұл себептің артында Құдайдың құдіреті тұр. Ал, ол құдірет әділетсіздікке ұшыраған бейшараның дұғасына жауап еді. Өйткені, Бұхари және Муслимде Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Жәбір-жапа көрген кісінің дұғасынан (қарғысынан) қорқыңдар. Өйткені, жәбір көргеннің дұғасы мен Жаратқан арасында ешбір перде (бөгет) болмайды»,-делінген.

Руслан ҚАМБАР

Таңбалар: балықшыДұғапатшаруслан қамбар
Бөлісу100Твитерге63Бөлісу13Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам табиғатты қорғауды міндеттейді

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123366 бөлісті
    Бөлісу 49346 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00