Жұма, 16 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам табиғатты қорғауды міндеттейді

22.05.2019
- Қоғам
0
633
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өмірі дем алып-шығаруға тәуелді адам баласы – су мен топыраққа мұқтаж болғанындай, ауаға да мұқтаж.

Арабтар сәбилерін қаладағы абыр-сабырдан алыста болып, ауылдың таза ауасында ержетіп, көркем сөйлеуді үйрену үшін  алыс ауылдардағы сүт аналарға беру дәстүрі кең жайылған-тұғын. Осы әдетпен пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) бала күнінде Тайфта тұратын Халима есімді сүт анаға берілген.

Мұхаммед пайғамбарымыз ауаның тазалығына да жіті мән берген. Мәселен, хазіреті Біләл алғаш келген кездерінде «індет қаласы» деп атаған Мадинаның ауруға себеп болған ауасының тазаруы үшін пайғамбарымыз Алла Тағалаға жалбарынып дұға етті. Бұдан бөлек, адамдардың мазасын алатын жаман иістерге қарсы күресіп, мешітке сарымсақ немесе пияз жеп келуге тыйым салған. Қатты ыстық болғандығы себепті, мешітте тер иістерінің жағымсыз әсер туғызбауы үшін сахабаларының жұма намазына жуынып келулерін қалаған.

Көрші ақысына аса көңіл бөлген пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Үйіңді көршіңнің үйінен биік қылып салып, оған өтетін желге кедергі келтірме!» – деп ескерткен. Алла елшісінің (с.ғ.с.) бұл бұйрығын үйлері ығы-жығы орналасқан, фабрикалардан шыққан үлкен-үлкен түтіндер көк жүзін басқан, көліктердің түтіні көшелерді қаптаған, кішкене бір желдің есуіне мұқтаж қалалардың тұрғындары жақсы түсінетін шығар.

Ерім дейтін ел қайда?

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Тойымсыздық синдромы

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025

Қасиетті Құран Кәрім «Ол сіздерге жасыл ағаштан от жаратып берді. Осылайша сендер одан от жағасыңдар» (Ясин, 36/80.) – деп, жер бетінің табиғи киімі іспеттес болған өсімдіктердің – адамдар ойлағанынан әлдеқайда көп қызметтерінің бар екенін ескертеді. Астынан өзендер ағып жататын жап-жасыл жұмақ бақшаларын суреттейді. Осылайша, жұмаққа қызықтыру үшін адамның әдемі көріністі ортада сезінетін жайлылық, тыныштық сезіміне соққы береді. Бұған қоса, пайғамбарымыз да ең қиын жағдайларда болса да жер жүзін жасылдандыруға ынталандырып, «Біреуіңіздің қолында қиямет басталып келе жатқан кезде құрма көшеті болса, оны отырғызып үлгерсін» – деген. Пайғамбарымыздың қызықтырулары мұнымен шектелген емес. Ол (с.ғ.с.) – адам екен ағашының сауабын дүниеден өтіп кеткеннен соң да пайдалана беретіндігін, мына бір сөзі арқылы білдірді:

«Бір кісі ағаш ексе, Ұлы Алла Тағала бұл ағаштың жеміс беруі тоқтағанша ол адамға сауап жазады».

Алланың ардақты елшісі екі адамның қабірде азап шегіп жатқандарын айтып, мазарларының үстіне жасыл құрма көшетін еккен еді. Неге бұлай істегенін сұрағандарға «Бұл екі ағаш қурап біткенге дейін екеуінің азаптары жеңілдетілуін үміт етемін» – деп жауап берген. Пайғамбарымыздың бұл ісін көкейіне тоқыған Бурейд ибн Хусайб есімді сахаба жерленгеннен соң қабірінің үстіне екі құрма көшетін отырғызуды өсиет еткен. Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) осы өсиеттерін негізге алған мұсылмандар тарих бойынша қабірстанға ағаш отырғызуға ерекше мән берген.

Қадірлі сахабалар да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ағаш егіп көгалдандыруға қатысты ынталандыруы мен өсиеттерін орындауға бар күштерін салды.

Хазіреті Омар (р.а.) Хузәймә Ибн Сәбитке «Жеріңе ағаш егуге не кедергі?» – деп сұрағанында, Хузәймә «Қартайдым. Бүгін-ертең өлермін!» – деп жауап қайтарады. Оның бұл уәжіне қанағаттанбаған хазіреті Омар бәрібір ағаш егуі керек екендігін айтып, оған Өзі де ағаш егуге көмектесті.

Бірде, хазіреті Осман (р.а.) күн көтеріліп қойған уақытта ағаш отырғызып жатады. Оны зиярат етіп келген бір кісі «Уа, мүміндердің әмірі! Осындай уақытта ағаш егіп жатырсыз ба?!» – деп таңдана сұрайды. Сонда хазіреті Осман «Меніңше, менімен осындай бір ізгі амал істеп жатқан кезімде жолығуың, мені бұзғыншылық істеушілердің қатарынан көруіңе қарағанда әлдеқайда жақсы емес пе?!» – деп жауап қатады.

Басында, бір яһудидің құлы болған сахаба Сәлмән Фәриси, қожайынымен азат ету жайлы келісімшарт жасаған кезінде, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шарттардың арасына үш жүз түп құрма ағашын егуді қосуын қалайды. Сосын Алла елшісі (с.ғ.с.) жиналған үш жүз түпті отырғызуға Өзі де қатысады және егілген барлық көшеттер ешбір ақаусыз өсіп-жетіледі.

Ағаштың және жасыл желектің адамдардың санасына мықтап орнығуын қалаған дана пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шаңға көмілген мағынасындағы «афира» есімді ауылдың атын «көгалды» мағынасын беретін «хадира» деп өзгерткен.

Ағаш егу және көгалдандыру істерімен айналысу қаншалықты маңызды болса, оларды қорғап, бас-көз болу да сүннет болып табылады. Рахмет пайғамбары (с.ғ.с.) хайуандар жесін деп ағаштың жапырақтарын түсірген бір адамға, ағашты таяқпен ұрып емес, жапырақтар түсуі үшін жай ғана сілкілеуін ескерткен. Пайғамбарымыз ағаштардың орынсыз кесілуіне және өсімдіктерге зарар келтіруге жалпылама тыйым салған. Әсіресе, Хижаз секілді ыстық аймақта, жолаушылар мен жануарлардың көлеңкелеуі үшін өте маңызды сидр (көлеңкелі үлкен ағаш) және соған ұқсас ағаштарды кесуге болмайтындығы жайлы «Кімді-кім сидр ағашын кесетін болса Алла оны етпетінен тозаққа лақтырады» – деп қатты ескерткен. Тіпті, әртүрлі мұқтаждықтары үшін ағаш кесуге мәжбүр болған адамға, кескен ағашының орнына жаңадан жас шыбық егуін шарт қылған. Соғысқа аттанған әскерге ағаштарды кеспеулерін ерекше тапсырған.

Әр жылы гектарланған орманды қысқа ғана уақыт ішінде күлге айналдырып, табиғатқа орасан зор зиян әкелетін – отты қате қолданудың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау шараларының арасынан пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір ескертуі ерекше орын алады:

«Бір түні Медине қаласында бір үй отқа оранады. Сонда ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Бұл оттың сіздерге дұшпан екенінде еш күмән жоқ. Олай болса, ұйықтамастан бұрын отты өшіріп жатыңыздар!» – деп ескертеді».

Ішінде жануарлар мен өсімдіктер табиғи түрде өмір сүре алатын, үлкен қалалар мен индустриялық орталықтар ластаған ауаны тазалайтын жерлер мен аймақтар бар. Қазіргі күнімізде, ауаның сапасын қорғауда өзіндік орны бар жасыл аймақ түсінігі – пайғамбарымыздың сүннетінде «тыйым салынған аймақ» түрінде орын алған. Ардақты пайғамбарымыз «Ол (Мекке) – Алла Тағаланың тыйым салуы себепті, қияметке дейін харам (құрметті) өлке болып қалады. Тікені кесілмейді, аңы үркітілмейді, жас шөбі жұлынбайды», – деген. Осыған ұқсас іс Мадинада да жолға қойылған. Алла елшісі бұл аймақтарда тіршілік ететін барлық жанды атаулыны қорғау мәселесінде мұқияттылық танытып, тіпті, қойылған қағидаларға бағынбағандарға шара қолданған. Ар-ождандық тұрғыдан, «Кім ол жерде тыйым салынған бір істі жасаса немесе істегенді қорғаса оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті болады. Қиямет күні Алла Тағала оның парыз ғибадаттарын да, нәпіл құлшылықтарын да қабыл етпейді», – деп бұйырған.

Балғабек Мырзаев,

дінтанушы, Ph.D докторы

Таңбалар: ағаш отырғызуБалғабек Мырзаевисламтабиғат
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Дінімізде ауызбіршілік туралы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Дінімізде ауызбіршілік туралы не айтылған?

08.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрандағы «Бармақ ізі» туралы аяттың мәні неде?

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75576 бөлісті
    Бөлісу 30230 Твитерге 18894
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2475 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4810 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2712 бөлісті
    Бөлісу 1085 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00