Сейсенбі, 16 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақыл – адамға ғана берілген нығмет

07.11.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аллаһ Тағала адамды жаратқанда оған ешкімге бермеген теңдессіз ақыл нығметін қоса жаратқан. Ақылдың негізгі функциясының бірі – адамнан қалған болмысты, өркениетті одан кейінгі ұрпақтарға жеткізу. Кез келген пенде өмірінде өз баласына білім деңгейінде қажетті ақпараттарды береді. Баласы өсе келе сол алған білімді жалғастыру үшін ізденіп, әрі қарай өз ұрпағына таратады. Осылайша, адамның өркениеті ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз бір-біріне беріліп дамып келеді.

Бұл – ақылдың қызметімен ғана жүзеге асады әрі тек адамға берілген құнды нығмет. Егер адамнан бөлек піл, жолбарыс секілді хайуандарды алып, арнайы бір қозғалыс түрлерін шыңдап үйрететін болсақ, олар жақсы нәтиже көрсетеді. Бірақ, сол үйренгендерін өздерінің нәсілдеріне, ұрпақтарына үйретіп қалдыра алмайды. Себебі, онда ақыл нығметі қажетті түрде берілмеген. Сондықтан, ақыл Аллаһ Тағала тарапынан біздерге беріліп, жаратылыс сырларын ашып, табиғаттың пайдалы тұстарын меңгеріп, ғылыми жаңалықтарға қол жеткізіп, өмір сүру қағидасын сипаттайтын пайғамбарлар арқылы жіберілген шариғи заңдылықтарды толықтай игеріп, адамдардың өсіп-өнуі, ілгері дамуы үшін үлкен серпін беретін нығмет болып саналады. Ақыл болмаған жағдайда адам баласы әуел бастағы қалпында, қазіргі заманауи технологиялардан жұрдай еш дамусыз жоғарыда ескерілген хайуандар секілді қалар еді. Демек, ақылдың арқасында ғана біз бүгінгі адам өркениетінің даму белестеріне қол жеткізіп отырғанымыз сөзсіз.

Тек ақылдың қызметінің арқасында адам бүгінде технологияның шыңына жетіп, ғылымда түрлі жаңалықтар ашып, бұрын-соңды болмаған ұялы телефон, ғаламтор, компьютер секілді дүниелер адам игілігіне жарап отыр. Сонымен қатар, адам өздігінен жоқтан бар етіп ештеңе жаратпайды да, жарата алмайды да. Мәселен, ұшақты, көлік, компьютер секілді технологияларды адам ойлап тапты делік. Бірақ, олардың жасалатын материалды заттарын адам ешқашан ойлап тапқан жоқ. Олар әубаста адам жаратылысынан бұрын пайда болған. Түрлі-түсті шикізаттар, металдар адамның игілігі үшін Аллаһ тарапынан жаратылған.  Мысалы, темір металы жайлы Құранда былай делінген: «Сондай-ақ Біз темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар». Демек, адам жоқтан бар етіп ештеңе жарата алмайды екен. Бұл турасында Құранда да бірнеше жерде айтылып кеткен. Аллаһтың берген мүмкіндігінің арқасында ғана адам баласы ақылды іске қосу арқылы көптеген жетістіктерге, өркениеттің дамуына қол жеткізе алады екен. Себебі, ақыл – адамның қозғаушы күші. Көлік мотормен ғана жүретіні секілді адам да тек ақылдың көмегімен алға жылжи алады. Сондықтан, осындай қайталанбас құнды нығметті болмашы нәрсеге жұмсамай, адамзат өркениетін жігерлендіретін дәрежеде қолданайық ағайын!  

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

08.06.2026

дінтанушы

Таңбалар: ақылғылымжалғас асхатұлынығмет
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дұға жасаудың белгілі бір уақыты бола ма?
Ислам

Уақыт – мұсылманның ең үлкен нығметі

04.04.2026
Саналы ойлау қоғамды қорғайды
Қоғам

Саналы ойлау қоғамды қорғайды

05.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Хадиша анамыздың Жәбірейіл періштені «сынауы»

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    662
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    91
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    58
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    43

Соңғы жарияланымдар

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі
Қоғам

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Түс шариғи дәлел бола ала ма?
Сұрақ-жауап

Түс шариғи дәлел бола ала ма?

16.06.2026
Отандық діни білімнің игілігі
Видео

Отандық діни білімнің игілігі

16.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00