Зайырлылық – әр адамның ар-ождан бостандығына құрметпен қарауды, барша азаматтың заң алдында тең болуын білдіретін маңызды қағида. Зайырлы мемлекетте әркімге өз сенімін ұстануға немесе ешқандай дінді ұстанбауға құқығы бар. Ең бастысы – адамның діни көзқарасы оның құқығы мен бостандығына шектеу болмауы керек.










