Әлеуметтік желілерде белгісіз автор оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама таратқан. Осыған байланысты Қостанай облысының полиция департаменті ақпаратта көрсетілген барлық оқу орындарын тексерді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш немесе күмәнді зат табылмай, қауіп расталмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция тұрғындарды сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
«Департамент полициясы азаматтардан сабырлық сақтауды, дүрбелеңге берілмеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», деп хабарлады ведомство.
Қазір тергеу аясында жалған хабарламаның авторын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.











