Сенбі, 7 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жасырылған алтын туралы хикая

22.09.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
48
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Түркістан облысындағы Төлеби ауданының шым-шытырық тауларының қойнауында «Айтас» деп аталатын бір шатқал бар. Ай сәулесі жерге түскен сәтте бұл мекен ерекше жарқырап жылтырап, маңайдағы алқапты құлпыртып жібереді. Жергілікті халық бұл тауды ерте заманнан бері мақтанышпен атайды.

Осы тамаша тау бауырында бір замандары Қаштанбай (Аты өзгертілген) есімді аса бай-бағылан бір кісі тұрыпты. Жайлауы кең, малы көп, әулеті де өсіп-өнген, тіршілігі тыныш болғанымен, оның жүрегіне бір ауыр уайым ұя салған-ды. Оның қазынасы болыпты. Көшпелі ел болғасын, оны да бірге алып жүру керек, сақтау керек, әбден алтын-жауһарына алаңдап титықтайды. Ақырында, ол сол жиған-терген дәулетін ешкімге сездірмей, бір түнде жалғыз-жарым барып, Айтас тауының бір бұрышына жасырып қояды.

Жылдар артынан жылдар, айлар артынан айлар өтеді. Күндердің бір күнінде бай әбден қартайып, дүниеден өтер шаққа жеткен. Өлім аузында жатқанда баласы Ділдәбай (Аты өзгертілген): «Алтын қайда?» деп жандармен тіл қатыпты дейді.

Бірақ байекең ажалдың алдында тілі байланып, санасы бұлдыраған күйде тек: «Айтас… Айтас… Айтас…» деп үш рет қана нышандап, жан тәсілім етеді. Өз орайында бұған куә болған ел қарасы қалың болып, өзара сыбырласып, сыбдырласып гуілдеп қалады.

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

07.11.2026

Кешірімнің қарымы

07.11.2026

Жаназасы өтіп, жерлеу рәсімі аяқтала салысымен, Ділдәбай мен оның ағайын-жекжаттары асығыс атқа қонып, апыл-ғұпыл тауға бет алғандайын. Күндер, апталар бойы Айтастың қойыны-қонышын тінтіп ақтарады. Дәу-дәу тастарды аударды, жерді қазды, шатқалды сүзгіден өткізді! «О, тоба!» – теңгенің жарты сынығын да таппайды. Сөйтіп, алтын ешкімнің қолына тимейді. Тіпті, бүгінгі таңда да дәмелілер сол тауды адақтап, арнайы металл іздеуші құрылғымен қазына іздеуден жалықпайды.

Әрине, бұл оқиғаны ертегі деп ысырып тастауға болмайды. Ол – адам бойындағы мынау өткінші жалғандағы қу дүниеге деген қатынастың айқын бейнесі. Өкінішке қарай, байдың ең соңғы сөзі өмір көрген қарттың даналығы, яки ғұмырды қалай мәнді де мағыналы сүру керектігі жайлы өсиет болмады. Тек алтынның жасырылған жерін сілтемелеген сөз болды. Яғни жаны шықпай тұрып-ақ жүрегі мүкәммал алданышпен толып, фәнидегі ең соңғы тілегі де сол болды.

Ал алтын ше? Жерде жатыр. Иесіз. Пайдасыз.

Бұдан шығатын тәлім: адам баласының жинаған байлығы өзіне де, ұрпағына да жарамаса, ол байлық емес, нағыз ауыр жүктің өзі. Байлықты астына басып жинай беру, оны ешкімге жеткізбеу, қаржы-қаражаттың көлеміне сай садақа-зекеттен аулақ болу, тек аманатқа уақытша берілген дүниені ысырап ету ғана емес, өз тіршілігін де бекерге рәсуалау емес пе екен, осы! Ойлаған кім бар? Адамның ізгі ниетпен жасаған қайыры, берген қолы – тас-топырақтың астында бастырылып көміліп жатпай, жердің бетінде атқарылар болса, игі істерге жұмсалса, қанекей!

Айтып айтпай не керек, Айтастың қойнауы сол күйі сырын ашпады. Ал бізге қажеті де сол сыр емес, сол сырдан алатын сабақ.

Бұрынғы әулиенің бірі өзіне байпатшаның бірі мол алтын ұсынғанда: «Алтын деген сары кір» деп алмай, «Алтынды көмбе, көмсең, өлме! Алтын қайда болса, жүрегің сонда» деп алмай кеткен көрінеді!

Бұ да болса, бізге ғибырат, ә?!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: айтасалтынкөмбе
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ордалы жыланның алтыны туралы хикая
Қоғам

Ордалы жыланның алтыны туралы хикая

16.10.2026
Қоқыс бер де, алтын ал!
Жаңалықтар

Қоқыс бер де, алтын ал!

24.04.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?

Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    26
  • Мешітке не үшін қолдау көрсету керек?

    21
  • «Имантау» жұмбағы: аңыз бен ақиқат

    20
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    14
  • Ақиқатқа да араша керек

    14

Соңғы жарияланымдар

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж
Жаңалықтар

2 млн палестиналық шұғыл көмекке мұқтаж

07.11.2026
Ғибратты әңгімелер

Кешірімнің қарымы

07.11.2026
Тарбағатайдың рухани шежіресі
Жаңалықтар

Тарбағатайдың рухани шежіресі

07.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00